Бұл дүниеде денсаулықтан керемет не бар? Осы жақсы денсаулық қана өмірде, еңбекте және демалысқа шыққанда адамға ерен болашақтың көкжиегін ашып беріп, әр адамның талантын, мүмкіндігін дамытуға жағдай тудырады.
Денсаулық — игілік, табиғаттың баға жетпес сыйы, әркімнің де бақытының тірегі, қай мемлекеттің, қандайда болмасын ұлт экономикасының, рухани тұтастығының негізі. Адамзат дамуының түрлі кезеңдерінде денсаулық мәселелері қашанда болмасын ерекше назарда болған, бұл туралы көп айтылыпта жүр.
Әрбір жанұяда денсаулықты сақтау, нығайту мақсатында үнемі жұмыс жасалуы қажет. Жеке денсаулықты сақтау үшін әр адам өз ағзасына ауруды енгізбеуге бағытталған білімі болуы болуы тиіс. Бұл өте маңызды, өйткені барлық аурулардың себептері жалғыз ғана білімсіздік. Өзіндік немесе ата- анасының білімсіздігі. Көптеген зерттеулер көрсеткендей, 1 сыныпқа келген балалардың 25-30% денсаулығында белгілі бір ақауларының бар екендінін анықтаған. Ал мектепте оқу кезінде дені сау балалардың саны 4 есеге азайып, 5,5-16.4% жүйке және психика, 9-16,8% тірек-қимыл жүйесінің ауруына шалдығады екен. Оқушылардың арасында көп кездесетін потология ол көздің көргіштігінің нашарлауы. ҚР кейбір аймақтарында бұл көрсеткіш 30-40% жетсе, 1сыныптан 11 сыныпқа келгенше алыстан көрмейтіндердің саны 3,9%-12,3% көбейеді екен.
Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының уставында денсаулық «физикалық ақаудың, аурудың болмауы ғана емес, ол толық физикалық, рухани және аман-есендік» деп түсіндіріледі.
Егер әр адам ақылға салып, табиғаттың өзіне силаған мүмкіндіктерін орынды пайдаланып, гигиеналық тәртіпті бұзбай жүрсе, денсаулығына зиян келтірмей ұзақ өмір сүрген болар еді… Сол себепті адамзатты гигиеналық режимді аса бұзбай, дұрыс өмір сүруге баулып. Сондай өмірдің қажеттілігіне жеткізу керек. ( Н.М. Амосов)
«Бала ауру, зағип болса, баладан емес, тәрбиешіден; бала тар ойлы ақымақ болса, бала кінәлі емес, тәрбиеші кінәлі; бала сұлулықтан ләззәт ала білмейтін мылқау жанды болса, бала айыпты емес, тәрбиеші жазалы». (М.Жұмабаев)
Білім беру жүйесінде қолданылатын денсаулық сақтайтын технологияларынан денсаулықты қорғауға қатысты әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолданылатын бірнеше топтарды айқындауға болады:
— медициналық–гигиеналық технологиялар;
— дене шынықтыру – денсаулық сақтайтын технологиялар;
— экологиялық денсаулық сақтайтын технологиялар;
— өмір сүру қауіпсіздігін қамтамасыз ететін технологиялар;
— денсаулық сақтайтын оқыту технологиялары.
Денсаулық сақтайтын технологияларды жіктеу үшін басқа да негіздер бар. Әрекет ету сипаты бойынша олар мына типтерге бөінеді:
— қорғану;
— профилактикалық;
— қалпына келтіру;
— нейтралдеу;
— ынталандыру;
— ақпараттық;
— оқыту.
Денсаулық сақтайтын оқыту технологияларын үш топқа бөлінеді:
— педагогикалық ұйымдастыру технологиялары, қалжырау, гиподинамия және басқа бейімделуге теріс жағдайларды алдын алуға мүмкіндік беретін оқу үрдісінің құрлымын санитарлық ережелерге сай анықтайды;
— психологиялық-педагогикалық технологиялар, сабақтағы пән мұғалімнің тікелей әрекетімен байланысты;
— оқу-тәрбиелік технологияларына оқушыларда денсаулық сақтау мәдениетін қалыптастыру, өзінің денсаулығын күту сауаттылығы жөнінде оқыту, салауатты өмір салтын ұстануға ынталандыру, зиянды әдеттердің алдын алу, сыныптан тыс тәрбие сағаттары, ата-аналармен ағарту жұмыстары бағдарламасы жатады.
Денсаулық сақтайтын оқыту технологиясы, В.Д. Сонькина пікірі бойынша, — бұл оқушыда денсаулығын сақтауға және нығайтуға әсер ететін денсаулық сақтау мәдениетін, жеке қасиеттерін тәрбиелеуге, денсаулық жөнінде құндылық көзқарастарын қалыптастыруға, салауатты өмір салтын ұстануды ынталандыруға бағытталған барлық психологиялық-педагогикалық технологиялар, бағдарламалар, әдістер.
Денсаулық сақтайтын оқыту технологиялардың мақсаты – мектепте оқу кезінде оқушының денсаулық сақтау мүмкіндігін қамтамасыз ету, оқушыда салауатты өмір салты бойынша қажетті білім, білік пен дағдыларды қалыптастыру, алған білімдерін күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету. Бұл мақсаттардың орындалуы келесі білім беру үрдістеріне байланысты:
— санитарлық ережелерге сай оқу үрдісінің тиімді ұйымдастырылуы;
— оқушылардың қимыл-қозғалыс белседілігінің тиімді ұйымдастырылуы;
— салауатты өмір салты және денсаулық құндылықтары қалыптастыру жөнінде жүйелі жұмыстар.
Оқушының денсаулығына теріс әсер ететін «мектептік» факторлардың ішінде белсенді түрде талқыланып және зерттеліп жатқан мәселелер:
— оқу үрдісінің интенсификациялануы (оқу жүктемесінің көлемі мен қарқынының үнемі ұлғаюы);
— оқу бағдарламалары мен технологиялардың кемелсіздігі;
— авторитарлы оқыту стилі;
— оқушымен жеке жұмыстың жоқтығы;
— белсенді қимыл қозғалыстардың жеткіліксіздігі;
— оқушының дұрыс тамақтанбауы;
— білім беру мекемесіндегі гигиеналық талаптардың орындалмауы;
— мектептегі қаражат жеткіліксіздігі.
Ал жеткіліксіз түрде талқыланып және зерттеліп жатқан мәселелер:
— білім беру үрдісінің дидактогендік ұйымдастырылуы;
— оқу-тәрбие үрдісінің психологиялық мәдениетінің жеткіліксіздігі;
— баланың денсаулығын сақтау және денсаулық сақтайтын технологиялар сұрақтары бойынша педагогтардың құзыретсіздігі;
— оқушылардың денсаулық мәдениетінің төмен деңгейі, денсаулық сұоақтары жөнінде сауатсыздығы;
— жеке өмірде тиімді әлеуметтік-психологиялық бейімделуін және психологиялық денсаулығын қолдауға қажет «жетістік» және «қуаныш» тәжірибесін беретін технологиялардың әлсіз қолдануы;
— мұғалім денсаулығының қолайсыздығы;
— денсаулық сақтайтын технологияларды жүзеге асырудағы мұғалімнің жеке қасиеттерінің толық дамымауы (толерантылық, мейрімділік, әзілдеу және т.б.);
— баланың денсаулығын сақтау сұрақтары бойынша ата-аналардың жаппай сауатсыздығы.
Бұл кемшіліктерді жою үшін педагог мына ұстанымдарды орындауы тиіс:
— сабақта және сабақтан тыс шаралар кезіндегі санитарлық нормалардың орындалуы (бөлме ауасының тепературасы мен тазалығы, кабинеттің және тақтаның жарықтануы, ұнамсыз дыбыс қоздырғыштардың әсері);
— сабақ үстінде қалжыраған кезде денешынықтыру сәтін өткізу. Норма – сабақтың 15-20 минутына 1 минуттен 3 жеңіл жаттығулардан, әр жаттығуды үш рет қайталау; Көзге гимнастика жүргізу. Саусақтар моторикасын дамыту, қауіпсіз белсенді қозғалыстарды ұйымдастыру;
— сабақта әрекет түрлерінің ауысуы (бір сабақта оқушының әрекеті ету нормасы — 7-8 түрі болу керек. Мысалы: оқу, жазу, тындау, әңгімелеу, сұрақтар, сұрақтарға жауап, көрнекі құралдарды қарау, есептер шығару және т/б). Бағдарлы нормасы — 7-10 минут. Оқыту түрлерінің саны: ауызша, көрнекілік, аудиовизуалды және т.б.. Нормасы – 3-ден аз ауыспау керек. Ауысу нормасы — 10-15 минуттен кеш емес;
— оқыту түрлері, әдістері, құралдарын таңдауда оқушының денсаулық жағдайы мен жеке психологофизиологиялық ерекшеліктерін ескеру. Еркін таңдау (еркін әңгімелеу, әрекет ету және өзара әрекет ету тәсілдерін таңдау); белсенді әдістер (оқушылар мұғалім рөлінде, әрекет ету арқылы оқу топта талқылау, рөлдік ойындар, дискуссия, семинар, оқушы-зерттеуші); өзін тануға және дамытуға бағытталған әдістемелер (интеллект, эмоция, қатынас жасау, қиял-елес, өзін-өзі бағалау және өзара бағалау).
— үй тапсырмасын даралау;
— жас-жыныс ерекшеліктерінің ескерілуі;
— таза ауада тыңығу, ойын түрлерін ұйымдастыру.
Әр балаға өзінің қабілеттерін сезінуге, олардың дамуына жағдай жасауға, баланың денсаулығын сақтауға және нығайтуға көмектесу мектептің негізгі міндеті болып табылады, яғни оқытуда және тәрбиелеуде жеке тұлғаға бағыт орнату керек. Кез келген жеке тұлғаға бағыталған технологияны денсаулық сақтайтын технологияға жатқызуға болады
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Антропова М.В. Физическое развитие ребенка /Под ред. В.И. Козлова, дд. фарбер.- М., 1983.
2. Вазина К. Модель саморазвития человека. — Н.Новгород: ВГИПИ, 1999.
3. Выготский Л.С. Развитие высших психических функций. — М.,1960.
4. Гигиена детей и подростков. /Под ред. Г.И. Сердюковской и А.Г. Сухарева. — М., Медицина, 1986.
5. Гринене Э. Адаптация к учебной деятельности детей, начавших обучение с шести лет // Новые исследования по возрастной физиологии. — М., 1988.-№1 (30).
6. Дерекляеева Н.И. Двигательные игры, тренинги и уроки здоровья. 1-5 классы — М.: ВАКО, 2004.
7. Ковалько В.И. Здоровьесбеоегающие технологии в начальной школе 1-4 классы. М.: «ВАКО», 2004.
8. Ксензова Г.Ю. Перспективные школьные технологии. Учебно-методическое пособие. — М.: Педагогическое общество России, 2000.
9. Кучма В.Р., Сердюковская Г.Н., Демин А.К. Руководство по гигиене и охране здоровья школьников. — М., 2000.
10. Смирнов Н.К. Здоровьесберегающие образовательные технологии в работе учителя и школы. — М.: АРКТИ, 2003.