+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Дүйсенбi, 23 қараша 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 11 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Бастауыш сынып оқушыларының оқу және жазу дағдыларын қалыптастыру

Далелханқызы Айдана, «№8 орта мектебі» КММ-нің бастауыш сынып мұғалімі, Өскемен қаласы

Мектептегі оқыту процесі сауат ашудан басталатыны белгілі. Сондықтан оның балаға ана тілін оқытып үйретуде алатын орны да ерекше. Сауат ашу жұмысының негізгі міндеті – балаға хат таныту, яғни оған оқу мен жазуды үйрету. Сонымен қатар, сауат ашу барысында оқушылардың тілі мен ой-өрісін жетілдіруге де баса назар аударылады. Соның нәтижесінде жас ұрпаққа тиісінше жалпы білім негіздерін меңгертіп, адамгершілік, патриоттық тәрбие беруге негіз қаланады.

Оқушының орфографиялық нормаға сай дұрыс жазуы – бастауыш сынып мұғалімінің маңдай терінің жемісі. Бастауыш сыныпта бағдарламаға сәйкес жоғарыда көрсетілген білім-білік дағдылары қалыптасқан оқушылар сауатты жазуға дағдылану барысында графикалық түрде қарым-қатынас жасау мүмкіндігіне ие болады. Осы арқылы жазуын ғана емес, сөйлеуін және таным мүмкіндіктерін жетілдіре алады. Таза жазу дағдысының алғашқы бастамасы әріптің әрбір бөлігін дұрыс сызып көруі арқылы қалыптасады. Әдетте, мұғалім тарапынан оқушыға әдемі, сауатты жаздыру ғана емес, оқушының бүкшимей, басын тым төмен салбыратпай, денесін тік ұстап, өзін дұрыс игеруіне қатты көңіл бөлінеді.

Оқуға үйретуге қойылатын негізгі талап – дауыстап, мәнерлеп және іштен оқуды меңгерту. Оқушылардың өздігінен оқуына берілетін тапсырмсалардың көлемі мен мазмұны біртіндеп күрделене түседі. Оқуға үйретудің сапалы болуы оқу сабағын дұрыс ұйымдастыруға байланысты. Ол үшін оқушыларды оқулықпен, оқулықтағы жеке мәтінмен жұмыс жасауға үйрету қажет. Оқытудағы үйретудің әдіс-тәсілін шығарма жанрларына қарай, яғни көркем шығармалар ғылыми көпшілік мақалалар, ертегілер, мысалдар, өлеңдер ойластырған жөн. Оқушымен жүргізілетін оқу дағдысын қалыптастыруға қажетті жаттығулар мұғалім тарапынан тілдің заңдылықтары, қасиеті, ережелері меңгерілген кезде ғана мүмкін болады. Яғни грамматиканың жеке бір ережелерін, орфографиялық және тыныс белгілерінің ережелерін жете білгенде ғана, оқу дағдысының жаттығуларын жүргізу мүмкіндігі туады. Оқу сабағын жүргізуде және оған қажетті әдіс – тәсілдерді іздестіру үстінде мыналарды ескеру қажет: біріншіден, бастауыш сынып оқушыларының оқу дағдысының жетілдірудің бір шарты – оқушының дұрыс және мүдірмей оқуын қамтамассыз ету. Олай етпеген жағдайда оқушының мәтінді толық түсінуі мүмкін емес. Мәтінді толық түсіну үшін сабақ үрдісінде оқудың мына түрлерін жүргізуге болады:

  • · мәтінді толық оқу;
  • · мәтінді бөлімдерге бөліп оқу;
  • · мәтінді дайын жоспар бойынша оқу;
  • · мәтін бойынша жоспар құру;
  • · абзац бойынша оқу;
  • · мәтінді жартылай дауыстап оқу;

 · мәтінді рольге бөліп оқу;

  • · мәтінді оқып, мазмұндау;
  • · мәтінді қысқартып оқу;
  • · мәтіннің негізгі ойын білдіретін бөлікті тауып оқу
  • · ертегілерден қиял мен шындықты бейнелейтін үзіндіні түсініп оқу.

Оқу сабағында оқушының шығармашылық қиялына әсер ете білу үшін келесі оқу түрлерін қолдануға болады:

  • · мәтіннен суретке сәйкесті үзіндіні тауып оқу;

 · мәтіннен сұрақтарға жауап тауып оқу;

 · мәтіннен көркем бейнеленген үзіндіні тауып оқу;

 · мәтіннен мақал-мәтелге сәйкес үзінді тауып оқу;

 · мәтіннен кейіпкердің жағымды бейнесін суреттейтін үзіндіні тауып оқу; · мәтіннен жағымсыз кейіпкерді суреттейтін үзіндіні тауып оқу; Бастауыш сынып оқушыларының оқу дағдыларын жетілдіруде қойылатын талаптың бірі – оқушыны мәнерлер оқуға үйрету.

Сабақ үрдісінде мәнерлеп оқу дағдыраын қалыптастыру үшін мына оқу түрлерін жүргізуге болады:

 · мәтінді тыныс белгілеріне сәйкес дауыс ырғағын келтіре оқу;

 · леп белгісі бар сөйлемдерді дауыс ырғағымен оқу;

  • · өлеңді мәнерлеп оқу;
  • · өлеңді дауыс кідірісімен мәнерлеп оқу;

 · өлең жолдарын дауыс кідірісімен тізбектей оқу;

  • · өлеңнен немесе мәтіннен үзінділерді мәнерлеп оқу.

Көркем шығармаларды ерекше дауыс ырғағына, екпініне қарай мәнерлеп оқып, негізгі кейіпкерлердің іс-әрекеттерін, көңіл-күйін дәл бейнелейтін сөздер мен сөз тізбектерін даралай оқу қажет.

Оқушысмен жүргізілетін оқу дағдысын қалыптастыруға қажетті жаттығулар мұғалім тарапынан тілдің заңдылықтары, қасиеті, ережелері меңгерілген кезде ғана мүмкін болады. Яғни грамматиканың жеке бір ережелерін, орфографиялық және тыныс белгілерінің ережелерін жете білгенде ғана, оқу дағдысының жаттығуларын жүргізу мүмкіндігі туады.

Жазба тілді дамыту маңызды, әрі күрделі мәселе. Жазба сөз ауыз сөзге қарағанда өзгеше психологиялық негізі бар, айырықша тіл функциясы. Ол өте қиын, саналы, әдейі бір мақсатпен жұмсалатын тіл формасы.

Осы уақытқа шейін жазбаша тілді меңгерудің, яғни оқушының жазу дағдысын қалыптастырудың бастауышта үш кезеңі (элементтік кезең, әріптік кезең, әріптерді жалғастырып жазу кезеңі) бары, сол кезеңдерге қойылатын талаптарды орындауға төселдіру қажеттілігі және мұның бәрі өте күрделі процес болып табылады.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Б.Масенова. Сауатты жазу, сөйлеу дағдысы, / Б.Масенова //Жайық ұстазы. 3 қазан. 2012жыл, № 21 (254) 6-бет

2. С.Шаншарова Сауатты жазуға төселдіру./ С.Шаншарова //Бастауыш мектеп. сәуір №4 2005 жыл 22-бет.

3. М.Синаева Білім берудегі диктанттардың маңызы./ М.Синаева //Бастауыш сынып, №4 , 2013 жыл, 11 – бет

4. Жұмабаева Ә.Е. Бастауыш мектептегі сауат ашу кезеңінде жүргізілетін тіл дамыту жұмытарының әдістемесі. /Жұмабаева Ә.Е. — Алматы.- 1994.- 3-9 бет

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype