+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Дүйсенбi, 23 қараша 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 11 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Ас атасы -нан (ашық ұйымдастырылған оқу қызметі)

Джаниярова Жупар Солтакановна, «Балдырған» бөбекжай-бақшасы КМҚК тәрбиешісі, Катонқарағай ауданы

Мақсаты:Балаларды нанның қасиетімен таныстырып, нанның қиқымын тастамай, оны қастерлей білуге баулу.

Балаларға ертегі арқылы шығармашылық ой- қиялын дамыту. Баланың танымдық ойлау қабілетін, шығармашылығын, қол-саусақ моторикасын дамыту.

 

Керекті құралдар мен көрнекіліктер: суреттер, интерактивті(проектор) тақта, слайд, (дән) бидай, топырақ, ащы қамыр.

Әдісі: «ТРИЗ технологиясы», « Кесте» әдісі, «Топтастыру» әдісі, топпен жұмыс, көрсету, түсіндіру. «Микрафон» әдісі.

Билингвальды компонент: нан-хлеб, бидай-пшеница, ұн-мука.

Барысы:

Ұйымдастырушылық — қозғаушылық.

І. Сәлемдесу.

Тәрбиеші:-Сәлеметсіздерме балалар.

(Амандасады)

-Балалар,бізде бүгін ерекше күн .Бүгін бізге көптеген қонақтар келіп қалыпты.Қане балалар алдымен әдеп сақтап төрде отырған қонақтармен сәлемдесіп алайық.(Сәлемдеседі)

Үлкенге де сіз,

Кішіге де,сіз

Қонақтарға бас иіп

Сәлем бердік біз!

(Қимылмен қайталайды)

Жарайсыңдар балалар,орнымызға жайғасайық.

Тәрбиеші:-Балалар енді барлығымыз бірге жылулық шеңберіне жиналайық.

ІІ. Кіріспе.

—Балалар, сендер қандай ертегілерді білесіңдер? (Балалардың жауаптары).

ІІІ. «Бауырсақ» ертегісін «ТРИЗ технологиясы» бойынша еске түсіру.

Ертегіні қысқаша Зияда, Інжу, Бексұлтан,Айсана мазмұндау.

-Ертегіде қандай кейіпкерлер бар? (Ата, әже, бауырсақ, қоян, түлкі, қасқыр, аю)

-Ертегі соңында бауырсақты не жеп қойды? (Түлкі)

ІҮ. Ғажайып сәт . Музыкамен Әже келеді.

-Сәлемдеседі.

-Балалар сендер жаңа менің бауырсағым туралы айтып жатырсыңдар. Мен сол бауырсақты іздеп шықтым. Көрдіңдер ме?

-Бауырсақты не жеп кетті?(Түлкі)

-Ойбуй менің бауырсағымды түлкі жеп қойыпты. Енді не істесем екен? (Ойланады)

Тәрбиеші: -Әже, сіз ренжімеңіз. Біздің балалар сізге бауырсақ жасап көмектеседі. Көмектесеміз бе әжеге?

-Иә

Әже: Онда мен үйге қайтайын. Сендер бауырсақ дайындап болғанда мен алып кетуге келемін. Мен атаға айтып оны қуантайын. (Әже шығып кетеді).

Ү. Слайдпен жұмыс. «Кесте» әдісімен нанның дастарқанға келуі жайлы түсіндіру. (Бидай, күзгі жиын, астық тасу, диірмен, ұн, наубайхана, дүкендегі нан).

-Көктем мезгілінде егіс алқаптарында көктемгі егіс жұмыстары басталады.Жер жыртылып егін егіледі.Күзде егін орылып қамбаға құйылады.қамбадан диірменге жеткізіледі.Диірменнен ұн дайын болады.Дайын ұнымыз наубайханаларға жеткізіледі.Ол жерде нан пісіріледі.Сол дайын нанымыз дүкендерге арнайы көліктермен жөнелтіледі.Осылайша бізге нанымыз кезең кезеңнен өтіп келеді екен.

Енді балалар нан туралы мақал- мәтел айтайық.

1.Жақсылап жыртып жеріңді

Кезінде ексең егінді

Аларсың мол өнімді. (Айсана)

2.Арпа, бидай ас екен

Алтын,күміс тас екен. (Зияда)

3.Еңбекпен тапқан нан тәтті. (Бексұлтан)

4.Ексең егін,ішерсің тегін. (Еркенұр)

Балалардың тыйым сөздері: 1.Нанды шашуға,жерге тастауға,басуға болмайды. (Інжу)

2.Нанды төңкеріп қоюға болмайды. (Бекарыс)

3.Нанмен ойнауға болмайды. (Еркем)

4.Нанды бір қолмен сындыруға болмайды. (Нұрлы)

 Мнемокесте арқылы тақпақ жаттайық:

Нан қоқымын шашпаңдар,

Жерде жатса баспаңдар.

Теріп алып қастерлеп,

Торғайларға тастаңдар

ҮІ. Тапсырмалар орындау. Топқа бөлу. Жұмыс барысын түсіндіру.

Тәрбиеші:

-Балалар сендер нанның дастарқанға қандай еңбекпен келетінін білдіңдер. Енді әженің тапсырмасын орындаймыз. Ол үшін екі топпен жұмыс жасаймыз:

 1. «Егіншілер» тобы;

 2. «Наубайханашылар» тобы болып бөлінеміз.

 «Егіншілер»тобында дайын ылғал топыраққа бидай дәнін отырғызамыз.

 «Наубайханашылар»тобында дайын қамырдан бауырсақ дайындаймыз.

(Жұмыс барысын түсіндіру,көрсету,дұрыс орындауларын қадағалау)

(Топпен жұмыс орындалып болған соң балаларды ортаға жинау)

Тәрбиеші: Кім қандай жұмыс жасады? ( сұрау. )

(Осы кезде Әже келіп, балаларға рахмет айтып дайын бауырсақты алып кетеді.Әжемен қоштасады)

Ол ай болса балалар бойымызды сергітіп алайық.

ҮІІ. Сергіту сәті.

Тәрбиеші:-Балалар ойын ойнаймыз ба?

-Иә.

ҮІІІ. Дидакикалық ойын: «Жемістің атын ата»

Мақсаты: Балаларға жемістердің түрін ажыратып атын атауға үйрету.

Шарты: Пілдің пішініне келтіріп жасалған қораптың тұмсығынан жемістерді қолдарымен алады.Қолына алған жемісінің атын атайды.

Рефлексиялық түзетушілік.

ІХ. Қорытындылау.

-Балалар біз бүгін ненің қасиетімен таныстық? (Нанның) Нан туралы әңгімелеу.

Мадақтау. Бағалау. (балаларға бауырсақ тарату)

Қонақтармен қоштасу.

Күтілетін нәтиже:

Түсінеді: Нанды құрметтеуді түсінеді.

Қайталайды: Нанның қандай қиындықпен келетінін;

Қолданады: Күнделікті өмірде нанның қасиетін айтуды.

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype