Біз балалармен және ата-аналармен қашықтықтан жұмыс істедік. WhatsApp мессенджерінде әр топтың өз тобы бар, онда тәрбиешілер мен мамандар балалар мен ата-аналарға пайдалы материалдар таратты, сонымен қатар бейне тапсырмалар, дидактикалық ойындар берілді.
Карантинге қарамастан «Қызғалдақ» тобының ата-аналары қашықтықтан әр сайыстар мен байқауларға белсенді қатысты .
Абай Құнанбаевтің 175 жылдығына арналған Білім беру марафоны «Мәнерлеп оқу» байқауына қатысып, бейне-түсірілім жіберіліп «Қызғалдақ» тобымыз 1–ші орынды жүлдеге ие болды.
Сонымен қатар «Көктемгі көңіл-күй» атты байқауға 10 бала қатысып бәрі 1-ші жүлде дипломдарымен марапатталды.
Тәрбиеленушілерге қатысты «Көктемге қонаққа барамыз» тақырыпты Республикалық олимпиадасында 6 бала 1–ші орын иегерлері болды.
«Біз үйдеміз» атты еркін тақырыптағы Республикалық байқауға қатысып ерекше белсенділік танытып тағы 6 бала 1–ші дәрежелі дипломдарымен марапатталды.
V-ші халықаралық «Моя цветочная оранжерея» суреттер мен қолөнер байқауына 2 бала қатысып 1–ші орын алды.
«Мен спортпен айналысамын» тақырыбы бойынша VIII Халықаралық бейнеролик байқауына 3 бала қатысып, 1–ші орын дипломымен марапатталды.
9-шы Мамыр Жеңіс күніне ата-аналардың белсенді қатысуымен бейне-көрініс түсірілді. Балалар өлеңдерін дайындады, ата-аналарымен бірге ән айтты және ата-аналар соғысқа қатысқан туыстары туралы әңгіме жазып фотосуреттерін қосты.
Тәрбиешілер мен ата-аналардың өзара түсіністігі мен тығыз қарым-қатынасы, екі жақтық сенім мен еңбек арқасында «Қызғалдақ» тобымыз қашықтықтан байқауларға қатысып осындай жақсы дәрежелерге жетті.
Педагогтар ұжымының атынан ата-аналарға балабақшаның өміріне белсенді қатысып үлес қосқандары үшін үлкен алғысымызды білдіреміз!