+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Жұма, 30 қазан 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 10 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Ертіс өңіріндегі киелі нысандар және тарихи жады

Қаныбекова Ажар Ерғазықызы, «Қ.Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейі» КММ-нің 9 «А»сынып оқушысы, Өскемен қаласы

Орамалова Айзат Женискановна, «Қ.Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейі» КММ-нің тарих пәні мұғалімі, Өскемен қаласы

Әрбір елде халықтың өзіне тән киелі орындары бар. Қазақ елінде де мақтаныш ететін қасиетті орындар жеткілікті. Атап айтсақ, ежелгі Тараз, Ұлытау, Сайрам, Түркістан, Жетісу өңірлері және Бекет-Ата кешені. Бірақ мен Ертіс өңіріндегі киелі де қасиетті нысандарымызға тоқтала кетейін. Ертіс өңірінің киелі орындары - халықтың тарихи жады, қайталанбас естелік орындары, оқиға мен аңыздардың ұлттық ошақ орталығы болып табылады. Ертіс өңіріндегі киелі нысандар мен қасиетті орындарының әлеуметтік-мәдени қызметтерінің маңыздылығы неде?

 

Ертіс өңірінде сан ғасырларды қамтитын ата-бабаларымыздың тайға таңба басқандай қалдырған ізі жатыр. Қазақ халқы байырдан ата-бабаның аруағын ерекше қастерлеген және құрметтеген. Мен осы сөздерімді ғалым З.Е.Қабылдиновтың пікірімен дәлелдей аламын. Біріншіден, қазақтар өз ата- бабаларының аруағына құрбандық шалған. Екіншіден, өз ұрпақтарына, балаларына танымал ата-бабаларының есімдерін берген. Сонымен қатар, «тасаттық» немесе «құрмалдық» салтын өткізген. Осы жерден ата-баба аруағына деген шексіз құрметін көруге болады. Сол себепті, таулар,өзендер, көлдер, жазықтардың атауларының көбісі ата-бабаларымыздың құрметіне арнап қойылып, сол арқылы өз атауымызды тарихи жадымызда сақтап қала алдық. Яғни, киелі орындардың тарихи астарында киелілік мәнімен сипатталған халықтың рухани өзегі жатыр. Жалпы, қазақ халқының бағзы заман тарихынан сыр шертетін ата-бабаларымыздан қалған рухани құндылықтар мен қасиетті жерлері жетерлік.

Жалғыз Ертіс өңірін алып қарасақ, 100-ге жуық археологиялық, сәулет, тарихи маңызды, табиғи мұра негіздегі киелі нысандарды шартты түрде атап шығаруға болады. Киелі орындар бір өңірдің тарихын баяндап қоймайды, ол сол өңірдің ерекшелігі мен тартымдылығын мәдени өзегін көрсетеді. Мысал ретінде, Ертіс өңірінде орналасқан Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының кесенесін алуға болады. Себебі, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы кесенесі-тарихтан сыр шертетін бірегей мұра. Бақиға аттарын сезініп, жыл бұрын асын бергізіп, жерлейтін жеріне дейін көрсетіп кеткен әулие кісі көзі тірісінде қаймана қазағының қамын, дін жайын, елдің халін қағазға өлеңімен жазып мұра қалдырған адам. Осындай киелі орындарымыз ұлттың тірегі, мәдени мұрасы, халқымыздың баға жетпес қазынасы. Оны қорғау және келесі ұрпаққа мұра етіп тапсыру әр азаматтың парызы.

Қорытындылай келе, мен мынадай шешімге келдім, киелі орындар өткен заманның жаршысы ретінде бүгінгі күнді және болашақты жалғаушы көпір болып табылады. Киелі орындардың өзектілігі өткен шақты ұмытпай, болашаққа қадам жасау тәжірибесі. Бай мұраларды танып біліп, табылған мәліметтерді жүйелеп, зерделеп, олардың маңызын анықтау арқылы өскелең ұрпаққа, дұрыс бағдар беріп, тәрбиелеу — ұлт болашағы үшін жасалатын міндеттердің бірі деп ойлаймын. Сондықтан, киелі орындарымызды дәріптеу біздің міндетіміз, борыштық парызымыз.

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype