+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Жұма, 30 қазан 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 10 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Ертеңгілік «Айналайын» мектепалды даярлық тобы: «Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған»

Ахметова Алтын Ергалиевна, Өскемен қаласы әкімдігінің «№1 «Балапан» балабақша-бөбекжайы» КМҚК 1-санаты тәрбиеші

Мақсаты:

1) табиғаттың күз мезгіліндегі өзгерістері жайлы балалардың білімдерін кеңейту;

2) күз мезгілінің берекелі екенін айтып, түсінік беру, ойлау қабілетін дамыту;

3) балаларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Музыка ойнап, әсем безендірілген залға жапырақ ұстаған балалар келіп кіреді, артынан композиция жасайтын балалар кіреді.

 

Композиция: «Алтын күз»

Жүргізуші: Қарсы алайық бәріміз,

Жасымыз бен кәріміз.

Қырдан кепті қыдырып,

Алтын күз бізге нұр төгіп-дей отырып,

«Алтын күз, әсем айналам,

Еліне береке сыйлаған» атты ертеңгілігімізді бастаймыз.

Балалар, мен сендерге бір жұмбақ жасырғым келіп тұр.

«Көк майсалы көрікті, алқаптағы көп егін

Бұл күндері киіпті, сары жібек көйлегін»

— Бұл жұмбақ не туралы балалар? (Күз мезгілі)

Күз белгісі не?

-Жапырақтар сарғаяды.

-құстар жылы жаққа ұшып кетеді.

-Жеміс-жидек піседі.

-Астық жиналады.

-Күн суытып, жаңбыр жауады.

Жүргізуші: -Күз мезгілінде неше ай бар?

Балалар: 3-ай бар

Жүргізуші: Күз айларын кім атап береді:

Балалар: Қыркүйек. Қазан, Қараша.

Жүргізуші: Күз айлары неше кезеңге бөлінеді,атап беріңдерші?

Балалар: Ерте күз,Алтын күз,Қара күз

—Жүргізуші: Балалар, күзді біз неге алтын күз дейміз?

-Балалар: Өйткені айнала алтындай сары болады, сондықтан алтын күз дейміз.

Жүргізуші — Дұрыс айтасыңдар, ендеше Алтын күз туралы тақпақтарымызды айтайық.

Тақпақтар:

Амина.Н: Бірінші қыркүйек

Білімге бастады

Мал мен аң жүр билеп

Құс шарлап аспанды

Жаңарлы ғажайып-ай

Осынау заманды

Орнатқан қазан ай

Мол байлық тергені

Шаттығы қаншалық

Қарашы, өрледі

Қараша ән салып.

Амина.Б: Жетті желмен алтын күз

Жеміс жинау салтымыз

Жиып – теріп болған соң

Той жасайды халқымыз

Мол өнімді жинаймыз

Елге бәрін сыйлаймыз

Ясмина:В золотистом сентябре

Мы забыли о жаре!

Ветер дунул октябрём:

Листьев желтых наберем!

Нас ноябрь заморозил,

Первый снег на землю бросил

-Балалар, күзді неге Алтын күз дейміз?

-Дұрыс айтасыңдар, ендеше Алтын күз туралы тақпақтарымызды айтайық.

Тақпақтар:

Айсана: Сап-сары ала теректер

Ән: «Алтын күз» (әннен кейін музыка ойналып күз ханшайымы келеді)

Күз ханшайымы: Сәлеметсіңдер ме, балалар, сендердің алтын күз туралы тақпақтарың мен өлеңдеріңді есіп келдім. Алтын күз туралы көп біледі екенсіңдер. Жарайсыңдар. Балалар, мен өзіммен бірге «Күзгі бақша»телеарнасының, Қызанақ тілшісін ала келіп едім, енді ортаға сол кісіні шақырайық. (қызанақ кіреді)

Жүргізуші:

— Сәлеметсізбе, Қызанақ тілші, бақшада қандай өзгерістер, қандай жаңалықтар болып жатыр .

Қызанақ: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бақшада жемістер де, көкөністер де пісіп жатыр. Мен сендердің жеміс, көкеністер жайлы не білетіндеріңді білейін деп келдім.

Алдымен менің жұмбақтарымды шешіп көріңдер.

1.Бұтақта ілініп тұрамын,

Піскенде себетке құладым. (Жеміс)

2. Ашулы қонақ бұл анық,

Тонып шешсе жыладық. (Пияз)

3. Өсірер тың дала,

Көшірер қамбаға.

Айналар ұнға да

Айналар нанға да.(Бидай)

4.Аласа ғана бойы бар,

Қабат-қабат тоны бар. (орамжапырақ)

5.Сырты қатты,

Іші тәтті. (Қарбыз)

Қызанақ: жақсы, балалар, жарайсыңдар, ал енді айтыңдаршы, күзді неге жомарт күз дейміз?

Балалар: -Күзде жеміс-жидектер, көкеністер піседі.

Бізге жемісін береді. Сондықтан да біз жомарт күз дейміз.

Жүргізуші:

—Қызанақ тілші, бізге айтар тағы қандай жақсы жаңалықтарыңыз бар?

Қызанақ:

—Біз, тілшілерде жаңалық көп қой айта берсек.

-Сіздерге бір жаңалығым бар Күз мерекесіне байланысты үлкен жәрмеңке өтпекші!

-Адамдардың бәрі бау-бақшадағы өнімдерін сатуға дайындалып жатқанын көріңіздер.

Сахналық көрініс:(Атасы мен қызы).

Қызы:

—Ата, ата тұрыңыз!Осылай ұйықтай бересіз бе?

Ата:

-Мазамды алма!

Қызы:

—Ертең жәрмеңке болады дейді. Бақшадағы қарбыздарды жинап сатайық

—Көп ақша табайық!

Атасы:

-Иә, дұрыс айтасың, ұмытып кетіппін ғой.

-Қәзір бақшаға барайын, қарбыздарды жинайын!

БИ: «Қарбыздар»(Ұлдар).

Жүргізуші:

— Жақсы жаңалық екен,

— Ендеше біз де жәрмеңкеге барайық,

— Көкөніс, жеміс сатып алайық!

(Ортаға жәрмеңке сатушылары келеді)

АЙСӘУЛЕ: Уа халайық, адамдар

Жәрменкеге қараңдар

Жүзім, алмұрт, шиемін

Дәмді бізде қауындар.

АЙСӘУЛЕ: Уа халайық, халайық

Жақын келіп қарайық

Ас атасы — нан деген

Нанды сатып алайық

РҮСТЕМ: Қарбыз, қарбыз, қарбыздар

Қарбыз желік, ал қыздар

Қарбыз желік, ал ұлдар

Балдай тәтті қарбыз бар

(Балалар өздері таңдаған жеміс, көкөністерін таңдап тақпақтарын айтады)

Қайсар: Астықты алқап мақтаным,

Қамбамызда қап-қап ұн

Қасиетті ұн мен нан

Жасалады бидайдан

ЭМИР: Жүзім пісті бір-бірлеп

Үзіп мәзбіз біз енді

Қоңырауы күмбірлеп

Қырқүйекте күз келді

ИБРАГИМ: Денсаулыққа көп пайда

Онсыз дәмді ши қайда

Қосса егер самсаға

Бәрі жейді тамсана.

АЙНАЗ: Нан — ардақты адал ас

Кәрі-жас одан аттамас

Нандай жоқ қой асыл дән

Жеп үйренген жасыңнан

Дастарханнан кетсе

Береке кетер асыңнан

АЙСУЛТАН: Мен алмұртпын, алмұртпын

Аузындамын бар жұрттың

Тәтті жеміс мен болам

Таң қалдырған барлығын

АЙДАНА: Боламын мен демеуіш

Барлық, барлық тағамға

Көкеністер ішінен

Мен пайдалы адамға

ӘДЕМІ: Дәмім тілді үйірген

Мен тұздалған күйімде

Жаңа піскен кезімде

Жейді бәрі сүйсіне

АЛИХАН: Алма, алма, алмалар

Балдай тәтті дәмі бар

Мұндай тәтті алманы

Дастарханға арнаңдар

АЙЛИН: Нан анасы — бидаймын

Елге астық сыйлаймын

Дәнім толып, піскенде

Қауызыма сыймаймын

Батыр: Өсіретін бойыңды

Өсіретін ойыңды

Қояндарға азықпыз

Сәбіздеріміз, жазықсыз

Нан қиқымын шашпаңдар,

Жерде жатса баспаңдар

Теріп алып қастерлеп

Торғайларға тастаңдар

Жүргізуші:

—Жақсы, балалар, жәрмеңке де мереке ғой, ендеше көңілімізді көтеріп көңілді әнімізді айтып жіберейікші!

Ән: «Осень,осень»

Қызанақ:

—Керемет, балалар, әнді өте жақсы айтады екенсіңдер!

(Осы кезде күн күркіреп кетеді)

-Қызанақ:

—Балалар, күн күркіреп жауын жауайын деп тұр ғой деймін.

-Менің басқа ауылдарды аралап жәрмеңкелеріне қатысуым керек.

-Мен қайтайын, ауа-райы бұзылмай жетіп алайын.

-Бүгінгі жәрменкені түсіріп, жазып алдым, бұйырса, КТК телеарнасынан көрсететін боламыз.

-Сау болыңдар, сендерге көп-көп рахмет!

(Күн қайта күркіреп кетеді, сахнаға Бұлт келеді)

Бұлт:

-Сендер мені ұмытып кеткенсіңдер ме?

-Менсіз мерекені тойлап жатырсыңдар ғой!

-Мені неге шақырмайсыңдар! Менің де көңіл көтергім келіп еді.

Жүргізуші :

-Бұлт, саған рахмет, сені ешқашан ұмытқан емеспіз!

-Сенің арқаңда біз бүгін қаншама көкөніс, жемістерімізді жәрмеңкеде сатып жібердік. Жаңбыр болмаса осындай мол байлық болмаушы еді!

Бұлт:

-Иә, рахмет түсінгендеріңе.

Жүргізуші:

-Бұлт, өзің осы мерекеге не дайындап келдің?

Бұлт:

—Менің бір қызықты ойыным бар, балалармен бірге ойнасам деп едім.

(Қолшатырмен ойын: 2-команда қолшатырды кедергіден өтіп, келесі жұпқа тапсыру).

Жүргізуші:

—Бұлт, көңілің көтерілген сияқты. Енді біздің қыздар саған арнап тамаша «Тамшылар» биін билеп береміз дейді.

БИ:»Құстар биі!»

Жүргізуші: Балалар, ағылшын елінен бізге Микки маус қонаққа келіпті.

Алтын күз кетеді (Себеттегі алмаларды балаларға береді).

Күз ханшайымы: Керемет! Қандай әдемі! Балалар, менің басқа балабақша бүлдіршіндеріне баратын уақытым болыпты. Мен енді кетейін, келесі кездескенше сау болыңдар!

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, «Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Сау болыңыздар!

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype