Ұстаздарды көз алдыма бәйтеректей келтірем,
Жапырағын кеңге жайып, мейірімін желпіген.
Саясынан қанаттанған саңлақтар қаншама,
Көз жетпейтін бәйге төрді ұрып алар бөркімен.
Ұстаздықпен бүгін мен де маңғаздана мақтанам,
Алмас қылыш қын түбінде жарқылдамай жатпаған.
Ұлылардың ізі сөніп ұмыт болып жатқанда,
Абыройлы іс атқарар істемеген басқа адам.
Сондықтан да төрт құбылам түген тұрар сіз барда,
Ұстаздармен қаймықпастан өрмелейміз құз жарға.
Ұстаздарым алшаң басып алдымызда жүргенде,
Арам пиғыл шибөрілер жорта алмайды бұл маңда.
Айта берсем ұстаз жайлы таусылмайды ой-дастан,
Дара ғұмыр бабалардың ізіменен жалғасқан,
Қанша мадақ, теңеулерді өршіктіріп жатсақ та,
Бір білерім қара қылды қақ жаратын алдаспан!