+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Бейсенбi, 29 қазан 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 10 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Үйірме жұмыстары — сыныптан тыс жұмыстардың күре тамыры

Айтбаева Лимара Слямхановна, Шәкәрім атындағы үш тілде оқытарын көпбейінді гимназияның бастауыш сынып мұғалімі, «Жас қаламгер» үйірмесінің жетекшісі

Мектепте пәндерді оқыту барысында сыныптан тыс жұмыстарға ерекше көңіл бөлінуі тиіс. Бағдарламада берілетін арнаулы сағаттарда мұғалімдер білім негіздерін қалыптастыру жұмыстарымен айналысады. Сөз жоқ, икем – дағдысын дамыту, тәрбиелеу, қабілетті, дарынына әсер ету, оны ары қарай мәпелеу істері білім берумен қоса жүреді. Бірақ осы жұмыстардың барлығын сабақ процесінде жүзеге асыру мүмкін нәрсе емес. Мектепте ана тілін оқыту барысында сыныптан тыс жұмыстарға ерекше мән берілуі қажет. Сыныптан тыс жұмыстардың негізгі мақсаты – оқушылардың түсінігін арттыру, халықтың салтын, мәдениетін, өнерін бойына сіңіре отыру рухани ұлтжандылық тәрбие беру.

Сөйтіп, ана тілінен оқушылардың алған білімдерін одан әрі тиянақты ету, дамыту, жинақтау, оларды өмір тәжірибелерінде дұрыс пайдаланып, сөз мағынасын терең ұғынып, сауатты жазуға баулу. Оқушылардың бос уақыттарын пайдалы, тиімді өткізуде, инабаттылық, имандылық, адамгершілік сияқты биік қасиеттерге баулуда, ұлттық өнерді, халық өнерін қастерлеу, қорғауда да сыныптан тыс оқытудың жас ұрпаққа берері көп, оқушылардың түсінігін арттыру, халықтың салтын, мәдениетін, өнерін бойына сіңіре отыру рухани ұлтжандылық тәрбие беру.

Сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың қабілеті, икемі, дарыны, жеке ынтасы негізінде ұйымдастырылады және бірнеше салаға бөлінеді. Олар: үйірме, сыныптан тыс оқу, конференциялар, викториналар, апталықтар, әдеби кештер т.б.  

Ана тілінен оқушылардың алған білімдерін одан әрі тиянақты ету, дамыту, жинақтау, оларды өмір тәжірибелерінде дұрыс пайдаланып, сөз мағынасын терең ұғынып, сауатты жазуға баулитын жұмыстардың бірі -үйірме.

Бастауыш сыныптар арасында тіл дамыту үйірмесін жүргіземін. Мақсатым: оқушылардың пәнге қызығуы мен қатар белсенділігін көтеру, жекелеген оқушының сан қырлы көркем дамуын, оның рухани қажеттілігінің арта түсуін қамтамасыз ету. Сол арқылы өнерге құлшынысын тәрбиелеу, оқушылардың кітапқа деген ынтасы, қызығушылығын арттыру, оқырмандар әзірлеу.

Қазақстанның болашағы — қазақ тілінде екені айдан анық. Біздің келешек ұрпағымыз ана тілін терең меңгеруі тиіс. Өз тілін жетік білген, шын сүйген, құрметтей білген ұрпақ қана өз елінің шын патриоты бола алады. Қазақ тілін терең меңгерген шәкірт қана қазақтың кең даласында, ашық аспанында қырандай биік самғап,биік шыңдарды бағындырады. Нағыз ұлттық рухта тәрбиеленген шәкірттер қазағымыздың салт-дәстүрін, әдет–ғұрпын ғасырларға жалғайды.

Үйірме жұмысын жоспарлаған кезде барлық білімімді, өнерімді, қабілетімді,іс-тәжірибемді салдым. Әрбір оқушының жас ерекшелігін ескеріп, оның табиғи дарынын байқап, шығармашылыққа баулуға тырыстым. Тіл дамыту үйірмесіне әдебиетке жақын, бойында сөзге, өнерге талпынысы бар талантты 3-4-сынып оқушыларын қатыстырдым. Оқушылардың тырнақ алды шығармалары қалалық «Ертіс өңірі»газетінде, республикалық «Балаби» журналдарында жарық көруде.

Жарияланған әңгіме, өлең, ертегілерге оқушылар мен қатар ата-аналары да қуанады. Шәкірттерімнің талпынған сайын қаламдары ұштала түседі.

Қазір республикалық газет, журналдарға оқушылар өз қалауларымен жазылып, шығармаларын жариялауға құлшыныс танытуда.

Үйірмеде оқушылар Абай Құнанбайұлының, Шәкәрім Құдайбердіұлының, Мұқағали Мақатаевтың, Бүркіт Ысқақов тағы басқа ақындардың өлеңдерін мәнерлеп, жатқа оқып үйренуде. Әдеби, көркем шығармаларды нақышына келтіріп оқуға жаттығумен қатар шағын сахналық көріністер қойып жүр.

Тіл дамыту үйірмесі — ана тілі пәнінен оқушылардың үлгерімін арттыру, пәнді игеруге қызықтыру, білімдерін кеңейту, ақын-жазушылардың шығармаларын тереңірек білу мақсатында едәуір жұмыстар атқарып, қазақ әдебиетін тереңдете оқытуға үлес қосады деген ойдамын.

Ең бастысы сыныптан тыс арнайы тәрбие жұмысында оқушы мен ұстаздың өзара қарым-қатынасы арқылы мінез-құлқы, сол арқылы баланың ақыл-парасаты толысып еңбекке, өмірге деген белсенділігі артып, рухани адамгершілік деңгейі дамиды. Ұлттық рухта тәрбиеленген ұрпақ тәуелсіздігіміздің тұғырын берік етіп, еліміздің бәсекеге қабілетті, өркениетті елдер қатарына қосылуына өз үлестерін қосады деген үміттемін.

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype