Көрнекіліктер: Тақырыпқа байланысты суреттер, мультфильмнен үзінді.
Барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Тәрбиешінің кіріспе сөзі: Балалар, қараңдаршы бүгін күн қандай тамаша! Бір – бірімізге жақсы тілектерімізді айтайық.
Шаттық шеңбері. Күніміз жарық болсын, Арайлы күн болсын, Аспанымыз ашық болсын, Нанымыз көп болсын!
II. Негізгі кезең. — Балалар енді мен сендерге жұмбақ жасырайын.
1. Жұмбақ жасыру. Дастарқанға қоямыз, Сары майды жағып ап, Рақаттанып тоямыз. (Нан) Нанның суретін тақтаға ілемін. -Дұрыс айтасыңдар балалар! Бүгін нан дастарханымызға қалай келетіні туралы әңгімелесеміз, түсіндіреміз. -Нан туралы тақпақтарыңды естеріңе түсіріңдерші?!
2. Тақырыптық тақпақтар. 1-оқушы: Жазды күні бидайдан, Бал исі шығады. Күздің күні бидайдан, Нан исі шығады. 2-оқушы: Ерте тұрып ақтаңнан, Қара жерге нәр құйған. Айналайын диханнан, Егін егіп дән жиған.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар! Ендеше сол дихандардың еңбегін есімізге түсірейік.
3. Суреттермен жұмыс.
Балалар дастарханға нанның қалай келетінін сурет бойынша айтып береді.
1. Жерді трактормен жыртады, жұмсартады, дән егуге дайындайды.
2. Дихандар жерге дән себеді.
3. Одан егін өніп шығады. Оны жаз бойы күтіп баптайды.
4. Күзде астықты комбайынмен орады, жинайды, шөп машинасымен қырманға тасиды, тазалап кептіреді. Сонан соң қоймаға жібереді.
5. Одан дерминге жібереді. Дерминшілер ұн тартады. Ұнды наубайханаға жібереді.
6. Наубайшылар нан пісіреді.
7. Ыстық нан дүкендерге түседі.
8. Нанның дастарханға осылай келеді. Мұның бәрі адамдардың еңбегі.
Хормен: сондықтанда нанды қадірлеуміз керек.
Тәрбиеші : Өте жақсы балалар! Сол дәннен бастап нан болғанға дейін қаншама адам маңдай терін төгеді. Ендеше балалар зор еңбекпен келген нанды қастерлеуіміз керек.
4. Қызықты сәт:
«Нанды қадірлейік» — Али мен Айя мультфильмінен үзінді. — Балалар көрдіңдер ме кейбір балалар нанмен ойнайды. Нанды тойғанынша жеп, қалғанын лақтырып тастайды. Бұл дұрыс емес. Нанды қадірлеуіміз керек.
5. Сергіту сәті. Жайқалады ақ бидай, (Қолдарын жоғары көтеріп тербеледі) Басын иіп аққудай. (Бастарын иеді) Трактор мен комбайн, (Қолдарын алға созып, тракторды жүргізеді) Жүргізуге мен дайын. (Қолдарын айналдыра комбайнды жүргізеді).-Ал, енді нанға байланысты мақалдарды бірге қайталайық.
6. Мақалдар Нан болса ән болады. Ас атасы нан. Нан дастархан байлығы.
Тәрбиеші: балалар енді ойын ойнайық.
7. Дидактикалық ойын: «Ұннан жасалатын тағамдарды ата!» Мақсаты: ұннан жасалатын тағам түрлерін атай білуге үйрету. ( нан, тоқаш, бәліш…)
8. Дидактикалық ойын: «Нан пісірейік». Шарты: Әр түрлі азық-түліктің суреттерінің ішінен наның қамырын илеуге керек қоспаларды табу.
Тәрбиеші: Балалар нан туралы көптеген мағұлматтар алдыңдар. Осы білгенімізді ұмытпай зор еңбекпен келген нанды аяқ асты етпей, ысырап қылмай, алдарыңа келген нанды тауысып жеп, оны қоқысқа кетуіне жол бермеуіміз керек.
III. Қорытынды. Балаларды мадақтау.
— Біз бүгін не туралы әңгімелестік?
— Нан қайдан келеді екен?
— Нанды қайдан алады?
— Ұнды кімдер дайындайды?
— Нан дастарханға маңдайдың терімен келеді дегенді қалай түсінесің?
«Нан — байлық, нан — береке» деп халқымыз бекер айтпаған. Қаншама адам еңбек етеді. Дастарханға зор еңбекпен келген нан тағамдарын қастерлеуіміз керек деп қорытындылаймын.