+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Бейсенбi, 29 қазан 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 10 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Бастауыш сынып пен мектеп алды даярлық тобы арасындағы интеграция

Скакова А.С., «№ 21 ЖОББМ» КММ бастауыш сынып мұғалімі, Семей қаласы

Есембаева И.О., «№ 21 ЖОББМ» КММ мектеп алды даярлық тобының тәрбиешісі, Семей қаласы

Әр бала ойын кезеңінен ажырап, мектепке бару сәтінде қиын бейімделуден өтеді. Әсіресе мектепке дейінгі ұйымдар мен мектепалды сыныптарға бармаған балалар үшін бұл кезең айтарлықтай ауыр. Себебі мектепке еш дайындықсыз келеді. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңының 30-бабында мектепалды даярлық тобына балалардың 5 жастан қабылдануы мектепалды даярлықтың міндетті екені көрсетілген.

 

Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған бағдарламасында «мектепалды даярлық топтарын күшейту» туралы міндет қойылды. Сондай-ақ жаз айларында мектеп жанынан «Балақайлар мектебі» қысқа мерзімді мектепалды даярлық курстарын ашуды көздейді. Аталмыш жоба әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтың мүмкіндіктерін теңестіру мақсатында тегін ұйымдастырылатын болады.

Осылайша мектеп жасына дейінгі баланың мектепке ауысуы – бұл оның мүлдем жаңа мәдени кеңістік, басқа жас санатына және әлеуметтік жағдайға көшуі. Бұл «көшудің» қалыпты өтуін қамтамасыз ету — мектепалды даярлық және бастауыш мектеп арасындағы қызметкердің біліктілігін талап етеді.

Даярлық тобы мен бастауыш сынып арасындағы интеграция – оқу-тәрбие жұмысының ұйымдастыру нысандары, оқыту мен тәрбиелеу мазмұны, әдіс-тәсілдері бойынша да көрінеді. Даярлық тобы мен бастауыш сынып — білім беру жүйесіндегі екі аралас буын. Білім процесіндегі жетістіктер көбіне мектепке дейінгі білім мен дағдылардың сапасына, баланың танымдық қызығушылықтары мен танымдық белсенділігінің даму деңгейіне байланысты болады.

Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері біздің еліміздің ұлттық және саяси даму стратегиясымен тығыз байланысты және мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі және маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. Сонымен қатар, ҚР «Білім туралы» Заңында мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары балалардың мектепке дайындығын қалыптастырады және бастауыш білім беруді меңгеру үшін тең бастапқы жағдайлар жасауды көздейді делінген.

Алты жастағы балалар әртүрлі жағдайларда білім алады және тәрбиеленеді: балалардың бір бөлігі — балабақшаларда, екінші бөлігі — мектептің мектепалды сыныптарында мектеп бағдарламаларына сәйкес және келесілерін әртүрлі оқыту әдістемелеріне сүйене отырып, ата-аналардың өздері мектепке дайындайды. Осы орайда бастауыш сыныпқа қабылданатын оқушылар арасында тым үлкен айырмашылық пен кедергілер туындайды. Себебі мектепке психологиялық, физикалық және танымдық деңгейде дайындықтың түрлі деңгейде болуы бала психикасына кері әсерін тигізеді. Мектептің талаптары мен алты жасар балалардың оқуға дайындық деңгейі арасындағы қайшылықтарды күшейтеді.

Баланы үйлесімді тұлға етіп қалыптастырудың қажетті шарты — оқу процесінің үздіксіздігі. Мұндай үздіксіздікті қамтамасыз ету тетігі – даярлық тобы мен бастауыш сынып арасындағы интеграция болып табылады. Баланың жеке басының сақталуын, өзгеретін әлеуметтік жағдайға бейімделуін, сыртқы әлеммен белсенді өзара әрекеттесуге дайындығын қамтамасыз ететін нәрсе — баланың үйлесімді физикалық және психикалық дамуы. Мұны қамтамасыз етуші, әрине мектепке дейінгі және бастауыш білім беру бағдарламаларының байланыстылығы.

Даярлық топ деңгейінде сыртқы әлеммен өзара әрекеттесудің әртүрлі формаларын игеру арқылы мектептің бастауыш буынында оқу процесінің маңызды жетістігіне жете алады. Қазіргі баланың дамуы үшін адамның ішкі ресурстарын ашуға, мүмкіндіктері мен қабілеттерін анықтауға ынталандыру қажет. Бүгінгі балалар — Қазақстан қоғамының ұлттық игілігі. Қабілеттердің дамуы неғұрлым ерте басталса, олардың оңтайлы даму мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады.

Бастауыш мектеп оқушыларына өздерін толық көрсетуге көмектесетін қабілетті, дербестікті, шығармашылық әлеуетті дамыту маңызды. Жетістікке жету — қызығушылық пен балалардың танымдық қалыптасуына байланысты ғана мүмкін. Мектеп жасына дейінгі балаларда оқу іс-әрекетінің элементтерін қалыптастыру қажет. Атап айтқанда: үлгі бойынша әрекет ету қабілеті, нұсқауларды тыңдай және орындай білу, зейінмен жұмыс істей білу және тапсырманы соңына дейін орындау, өз жұмысын да, басқа балалардың жұмысын да бағалай білу. Нәтижесінде балалар мектепте оқуға психологиялық дайындықпен келеді.

Балаларды мектепке дайындау — кешенді, көп қырлы міндет және баланың өмірінің барлық салаларын қамтиды. Бастауыш сынып мұғалімі балаларды оқыту мен тәрбиелеудің ерекшеліктері туралы нақты түсініктерге ие болуы керек және даярлық тобындағы ойын әдістерін, формалары мен құралдарын қоса отырып, оқу іс-әрекетін ұйымдастыруы керек. Бірінші сыныптарда ойын технологияларын қолдану балалардың мектепке жақсы бейімделуіне ықпал етеді.

Сонымен қатар оқу жылы ішінде даярлық тобының балалары мен бастауыш сынып оқушылары арасында тұрақты байланыс сақталуы керек. Мектеп жасына дейінгі балаларды мектеппен, мектеп оқушыларының оқу және қоғамдық өмірімен таныстыру балалардың тиісті идеяларын кеңейтуге ықпал етеді, олардың мектепке деген қызығушылығын дамытады, оқуға деген ынтасын тудырады.

Бұл жағдайда бастауыш сынып мұғалімі мен мектепалды даярлық тәрбиешісінің балаға деген қарым-қатынас стилінің сабақтастығы үлкен мәнге ие, бұл өзіне деген сенімділікті қалыптастырудың, мұғалімге деген сенімді дамытудың және оқуға белсенді қатысудың қолайлы шарты болып табылады. Тиісінше баланың үйлесімді дамуы үшін даярлық тобы мен бастауыш сынып арасындағы интеграцияның маңыздылығын айқындай түседі.

Соңғы уақытта білім беру үдерісінде дәстүрлі оқытумен қатар қашықтан оқыту тәжірибесі жүгізілуде. Бүгінгі күні әлемді жайлаған пандемия дерттің әсерінен аталмыш форматтың жоспардан тыс жүзеге асырылып жатқаны да рас. Оның ішіне мектеп алды даярлық тобы мен бастауыш сынып оқушылары да енді.

Қашықтан оқытуды дәстүрлі оқытудың оқу материалын электронды түрде ұсыну, әдебиеттер мен оқулықтарды интернет арқылы алмасуға мүмкіндік беретін түрге айналдыру жеткілікті деп санайтындар да аз емес. Алайда осы мәселемен айналысатын зерттеушілер ақпаратты беру және ұсыну, әсіресе ақпаратты электронды ұсынуды әдісін таңдауда оқушының қабылдау ерекшеліктерін және басқа да ерекшеліктерді ескеру қажеттілігіне басымдық береді.

Дәстүрлі оқыту бастауыш сынып немесе даярлық тобы оқушыларын оқыту — мұғаліммен тікелей коммуникатив немесе тікелей байланыстың болуымен ерекшеленеді. Білім берудің әдіс-тәсілдерін таңдау барысында «мұғалім-оқушы», «оқушы-оқушы» байланысын, әрбір оқушының жеке қабілеттері мен ерекшеліктерін көре отырып, сол мезетте түзету-сүйемелдеу жұмыстарын жоспарлауға мүмкіндік бар. Дәстүрлі оқыту барысында оқушылармен бетпе-бет тәжірибелік жұмыстарды орындау, топтық жұмыстарды белсендіру, әртүрлі дидактикалық ойындарды немесе сергіту жаттығуларын жүргізу, қатемен жұмыс жасау, тапсырмаларды диалогтік негізде ұйымдастыру шараларын жүзеге асыра отырып, денсаулық пен дамуға тікелей әсер ететін, өзара әрекеттесу мен қарым-қатынас қажеттілігін қанағаттандыруға болады.

Қазіргі уақытта қашықтан оқыту білім алу формаларының үлкен таңдауын қамтиды. Бұл оқу процесін жеке-жеке жүзеге асыруға және ұжымдық үдерісті вебинарлар, бейнеконференциялар, чат-кластар және т.б. желілік мүмкіндіктер арқылы жасауға басымдық береді. Десе де қашықтан оқыту кезінде бастауыш сынып оқушылары мен даярлық тобы тәрбиеленушілері үшін бірама қиындықтар бар екенін ескеру қажет. Әрине оқушының жеке ерекшеліктері, компьютердің техникалық сипаттамалары, аумақтық қашықтықтың да маңызы үлкен.

Аталмыш санаттағы балалармен қашықтан оқыту үдерісін ұйымдастыру барысында ата-аналардың рөлі үлкен екенін естен шығармау керек. Ата-аналар балаларының қашықтан оқыту кезінде дене белсенділігіне назар аудару қажет. Себебі балалар әлі де ойын баласы кезеңінен оқу санатына енді өтуде. Физикалық дамудың артта қалуы психикалық процестердің артта қалуына әкеледі: назар, зейінді ауыстыру, ойлау, есте сақтау сынды танымдық процестер дәл осы кезеңде қалыптасады.

Бастауыш сынып пен даярлық тобы оқушыларын қашықтан оқыту барысында дәріс, оқытудың интернет-ресурстарын зерттеу, сценарий бойынша өзіндік жұмыс, бейне қосу арқылы жаттығулар, қателер бойынша жұмыс жасау әдістерін таңдау маңызды.

Мұғалім мен оқушылардың бір-бірімен қашықтықта өзара әрекеттесуі оқу процесіне тән барлық компоненттерді көрсететін етіп сабақ құрау шарт. Әрине сабақ барысында ойын элементтерін енгізу, балалардың жас ерекшелігі мен оның дамуы үшін қажет.

Сонымен қатар гаджеттерде жүктеп алуға ыңғайлы әртүрлі тренажерлерді ұсынуға болады. Көру және көзге, иық беліне және мойынға арналған жаттығулар, қол, дене және аяққа арналған жаттығулар, тыныс алу жаттығулары, тіпті психотехникалық жаттығулар, психофизикалық жағдайды бақылау және реттеу, стресс деңгейін азайту мүмкіндігін бере алатын тренажерлер бар.

Бастауыш сынып пен даярлық тобы оқушылары арасындағы байланыс расында маңызды, десе де қашықтан оқыту кезінде білім іргетасының қалану кезі екенін есте сақтау керек. Бала үйретуді қажет етеді, дәл осы орайда мұғалім мен ата-ана арасындағы интеграцияға назар аудару қажет.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. ҚР «Білім туралы Заңы» — Электрондық ресурс. URL: — http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z070000319_
  2. «Балақайлар мектебі» мектепалды даярлық қысқа мерзімді курстарын ұйымдастыру» әдістемелік ұсынымдар — Электрондық ресурс. URL: — http://rc-dd.kz/sites/rc-dd.kz/uploads/docs/
  3. Государственнная программа развития образования и науки Республики Казахстан на 2020 — 2025 годы — Электрондық ресурс. URL: — http://adilet.zan.kz/rus/docs/P1900000988 \
  4. Бастауыш сынып оқушыларын оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер –Электрондықресурс. URL: —http://www.zkoipk.kz/kz/2016smart1/2657-conf.html
Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype