+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Бейсенбi, 29 қазан 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 10 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

BILIM-ÒRKENIETI ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығымен ынтымақтастық жұмыс

Ислямова Ажар Амановна, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша  ПҚ БАИ ӘжПИ кафедрасының аға оқытушысы, тарих ғылымдарының магистрі

Ғылымды күшті меңгерген және оны сүйетін мұғалім ғана өз

шәкірттерінің бәріне жемісті ықпал жасайтын болады

Д.Менделеев

 

Қазақ топырағынан түлеп шыққан мыңдаған ой алыптарының бірі әл-Фараби бабамыз: «Ғылыммен айналыссам деген адамның ақыл-ойы – айқын, ерік-жігері – зор, тілек-мақсаты – ақиқат пен адалдыққа қызмет етуге талап жолында болуы шарт» — деген даналық білімі әлемдік философияда жоғары дәрежеде бағаланған, білім мен ғылымның ақиқат биігі мен анық мақсатын көрсетіп берген. Әл-Фараби бабамыз атап өткеніндей, Қазақ Елінің ғылым мен білім саласы ақиқат пен адалдыққа негізделсе ғана тәуелсіздігіміздің тұғыры – берік, болашағы – баянды болары сөзсіз.

 

Елбасы айтып өткендей: «Ғылымға негізделген экономиканың құрылуы – ең алдымен, қазақстандық ғылым әлеуетінің жоғарылауы». Осыған байланысты ғылыми саланың дамуының жаңа векторлары белгіленді: – ғылымды тікелей экономикамен, инновациямен байланыстыру; – ғылыми нәтижелерді коммерцияландыру мен өндіріске енгізу; – еліміздің үдемелі индустриалды-инновациялық дамуы аясындағы нақтылы жобалардың санын көбейту. Республикадағы ғылыми саланың дамуында соңғы жылдар өзгерістерге толы болды. Қазақстан Республикасының «Ғылым туралы» Заңына сәйкес ғылымды басқару мен қаржыландырудың озық халықаралық тәжірибеге мейлінше бейімделген жаңа механизмдері іске қосылды. Олар ғылыми саланың дамуына қолайлы жағдай қалыптастырып, ғалымдардың бастамашылдық танытуына дем беріп, ғылыми идеяларды жүзеге асыру мүмкіншіліктерінің аясын кеңейте түсуде.

Міне қазіргі таңда осы ғылымға білімге баулып үз үлесін қосып жүрген BILIM-ÒRKENIETI ҰЛТТЫҚ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫНДА мемлекетіміздегі білім беру ұйымдарының мұғалімдері мен оқытушыларының инновациялық әдістері мен шығармашылық әлеуетін қалыптастыру, педагогтердің біліктілігін арттыруға, тәжірибе алмасуына ықпал етуге мамандандырылған орталық. Мұнда кәсіби жетік, креативті өз ісінің нағыз мамандары, жоғары квалификациялы, білікті мамандардан құралған команда қызмет атқаруда.

Ғылым білімдер алуға бағытталған, білімнің жинақылығы мен тұтастығынан көрінетін адамның шығармашылык кызметі және сол қызметтің нәтижесі дегендей, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша  ПҚ БАИ атынан BILIM-ÒRKENIETI ҰЛТТЫҚ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫННЫҢ «Үздік педагогтер академиясының құрамына қабылданып, жұмыс тобына қосылдым, аталған академияда ҚР білім,ғылым саласында жетістікке жеткен беткер ұстар ұлағатты ұстаздар мен үздік педагогтар жинақталып білім және ғылым саласына өз үлестерін қосады және «Үздік педагогтер академиясына» мүшелікке кірген педагогтардың автобиографиясы «BILIMJANE ORKENIET»ғылыми-әдістемелік журналына Халықаралық стандартқа сай ISSN нөміріне тіркелген (Франция) 2708-1001; «BILIM JANE ORKENIETI» халықаралық ғылыми-әдістемелік электронды журналына жарияланым жасауға мүмкіншілік ала алады.

Қазіргі кезеңде қоғамның өркендеп өсуі білім жүйесінің сапасын жақсартуды, жаңа технологияларды кеңінен қолдануды, жаңа формациядағы педагогтар дайындау арқылы еліміздің білім жүйесін халықаралық стандарт деңгейіне жеткізуді көздеп отыр. Бұл мақсаттар еліміздегі білім беру жүйесінің алдына жаңа инновациялық, технологиялық әдістерді қолдануды игеру, оқытудың жаңа модельдерін іздестіру және оны үнемі жетілдіріп отыру міндеттерін алға тартуда.

К.Ушинский: айтқандай «Мұғалім — өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқанда, оның мұғалімдігі де жойылады», — деген екен. Ізденуден жалықпай, білімге және ғылымға өз үлесімді қосу болып табылады.

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype