+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Бейсенбi, 29 қазан 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 10 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Бүгінгі Қазақстандағы конфессиялық ахуал оқушыларды толеранттылыққа тәрбиелеудің негізі

Сарина Назигуль Уразгалиевна, «А.Байтұрсынұлы атындағы №47 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ-нің тарих пәні мұғалімі, Семей қаласы

Жас ұрпаққа сапалы білім мен ұлағатты тәрбие беру, өміріне жолдама алуына барлық жағдай жасау үшін білім беру ісін әлеуметтендірудің маңызы зор. Қазіргі таңда мектеп реформасына көптеген біржақты өзгерістер енгізіліп, мектеп ісінің ішкі-сыртқы жүйесі түгелмен өзгеріп келе жатқаны белгілі. Жалпы тұлғада толеранттылықтың қалыптасуы үшін ол рухани дамудың белгілі бір сатыларынан өтуі тиіс, ал ол педагогикалық проблема болып табылады. Сондықтан 1995 жылғы 16 қарашада ЮНЕСКО-ға мүше елдер қабылдаған «Толеранттылық принциптерінің Декларациясында» білім беру саласында толеранттылық идеясын насихаттауға басымдық берілген.

«Толеранттылық» (лат. «tolerantia» — шыдам, төзім) терминіне шет тілдері сөздігінде екі мағынада түсініктеме беріледі: 1) бір нәрсеге, біреуге төзімділік, төзу, шыдау; 2) биологиялық, медициналық тұрғыда – иммундық реакцияның жартылай немесе толықтай болмауы, яғни организмнің ауруға қарсы тұратын антиденелер шығару қабілетінің болмауы. Ал педагогикалық сөздіктерде бұл ұғымға «қайсы бір жағымсыз факторға жауап әрекеттің болмауы не бәсеңсуі; оның әсеріне сезгіштіктің төмендеуінің нәтижесі» деген анықтама беріледі.

Жалпыалғанда, толеранттылықтың негізі – өзінің «басқаға, бөтенге» қатынасын бақылау болып табылады. Бұл күнделікті кездесетін, тұрмыстық деңгейден бастап кәсіби қарым-қатынас жасауға дейінгі аралықты қамтитын мәселе болып саналады. «Толеранттылық» терминін қазақ тілінде «төзім» сөзі «шыдам», «сабыр», «тағат» мағынасында да қолданылады. Яғни, «төзімді болу» — басқаға, оның ісіне, құбылыстарға шексіз төзу, шыдауды білдіреді. Толеранттылық қазіргі ғылымда әр түрлі аспектіде қарастырылады: әлеуметтік, діни, саяси, жыныстық, этникалық т.б. Толеранттылыққа қарама-қарсы қайшылықтардың (интолеранттылық) адамзат тарихының барлық кезеңінде де болғаны рас. Интолеранттылық шыдамсыз, үрейлі адам, кінәні өзінен емес басқа адамнан іздейді. Сондай адамдардың өмірде жиі кездесуі қоғамда түрлі проблемаларды тудыруға ықпал етеді. Соның салдарынан түрлі соғыс, діни қудалаушылықтар мен идеологиялық қақтығыстар, ажырасулар, тастанды балалар, жасөспірімдер арасында суицидтар туындайтынын дәлелдеуді қажет етпейтін шындық.

Астанада өткен Қазақстан халқының Ассамблеясының 15-ші сессиясында Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қоғамда білім беру жүйесі мен тәрбие арқылы азаматтық сәйкестендіру, толеранттылықты дамыту қажеттілігі жайында сөз айтып республикамыздың мектептеріне толеранттылық негіздері атты курстар енгізуді ұсынған болатын. Толеранттылыққа тәрбиелеу әрбір отбасында өз бастауын алуы бүгінде басты мәселеге айналуы тиіс. Толеранттылыққа тәрбиелеу, ең бірінші отбасынан басталады. Отбасы — жас ұрпақтарды жеке тұлға ретінде қалыптастырудың қайнар бастауы. Бала үшін отбасы бір жағынан – тіршілік қоршауы болса, екінші жағынан – тәрбиелік орта. Толерантты парасаттың үлгісі қазақ билерінде көп кездеседі. Мысалы, Қазыбек бидің қалмақ ханы Қоңтайшыға айтқан “біз қазақ деген мал баққан елміз” деп басталып, “досымызды сақтай білген елміз, дәм-тұзды ақтай білген елміз, асқақтаған хан болса, хан ордасын таптай білген елміз”, “…берсең жөндеп бітіміңді айт, не ұрысатын жеріңді айт!” деп аяқталатын сөздері өзара сыйластыққа шақырады.

Мемлекет басшысы – Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың: «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалық мақаласы мен «Қазақстан білім қоғамы жолында» интерактивті дәрісі қазіргі уақытта барша қазақстандықтардың басты назарында болып отыр. Елбасы аталмыш мақалаларында тәуелсіздік жылдары мен бейбіт кезеңдегі еліміздің әлеуметтік-экономикалық қайта түрленуіне толыққанды талдау жасаған болатын. Сондай-ақ, Елбасы ХХI ғасырдың реалийлеріне сәйкес әрекет етудің тактикалық жоспарларын нақтылай отырып көрсеткен. Әсіресе, Президенттің қазақстандық табысқа қол жеткізудің үш кілті туралы ережені шығармашылық көзқараспен қарастыра келе, оны байыпты да терең тұрғыдан мазмұндауында да үлкен теориялық және практикалық мән жатыр. Бұл, біріншіден, 135 этностың басын біріктіруші бүкіл қазақстандықтардың ынтымақтастығы. Екіншісі – толеранттылық болса, ал үшіншісі – тарихи тағдырлардың қауымдастығы. Толеранттылық XXI ғасырда экономикалық дамудың маңызды факторы және әлемдік экономиканы рецессия жағдайынан алып шығушы тұтқа болып отыр. Қазақстанда бұл тәсіл уақытпен тексеріліп, сынақтан өткізілген, сондай-ақ оның тиімділігі тарихпен дәлелденген. Қазақстан осында өмір сүріп жатқан әртүрлі ұлттар мен ұлыстардың шынайы Отаны бола білді. Олардың жалпы тарихи тағдырлары ұқсас және біздің бәріміз үшін бейбітшілік пен достықты, ұлтаралық және конфессияаралық татулықты сақтау маңызды болып қала бермек. Тек өзінің ұлттық шығу тегін сыйлаған адам ғана басқалардың мәдениетін сыйлай алады. Басқа этностардың рухани дүниесін терең түсіне білгенде ғана сол түрлі ұлт адамдарының басын біріктіре алады. Елімізде әртүрлі діндер мен конфессия өкілдерінің бейбіт қатар өмір сүруі және өзара тиімді іс-әрекет етуі үшін қолайлы жағдайлар жасалған. Мұсылмандар, христиандар және басқа діни сенім өкілдері біздің көпконфессиялы және көпұлтты ортақ үйімізде қоян-қолтық араласа өмір сүріп жатыр. Қазақстандағы конфессияаралық қатынастар әлемдегі көптеген елдер үшін үлгі болып отыр. Жалпы, дін қоғам мен мемлекет дамуының қажетті және сөзсіз жағымды факторына айнала бастады. Барлық тарихи кезеңдерде жастар қоғамның ең ұтқыр, оқуға, жаңалық енгізуге және реформаларға бейім бөлігі ретінде сипатталғанын бәріміз білеміз. Қазіргі таңда тек білімді, ой-санасы терең, ақыл-ойы дамыған және кәсіби дайындалған жастар ғана сапалық, серпінді және инновациялық дамудың маңызды шарты мен кепілі болатынын, еліміздің болашағын қамтамасыз ете алатынын ешкімге дәлелдеп жатудың қажеті жоқ.

Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев өзінің қара сөздерінде: «Адам баласын заман өсіреді, кімде-кім жаман болса, оған замандастарының бәрі кінәлі» деп ұлағатты сөз айтты. Бұл жағдаят адам, қоғам, мемлекет дамуының маңызды қырларын ашып көрсетеді. Сондықтан, мемлекеттің жастарды тәрбиелеуге, тәні сау және рухани бай жастар ортасын қалыптастыру үшін қолайлы жағдайлар жасауға ерекше көңіл бөлуі өте маңызды. Жастар арасында адамгершілікке кереғар өрескел тәртіпсіздіктердің: түрлі бұзақылықтардың, әсіресе, ұрлықтың, зорлықтың, нашақорлықтың, араққұмарлықтың, жезөкшеліктің көбеюі осыған дәлел болып отыр. Қазіргі кезде Қазақстандағы жастар мәселесін жалпы мемлекеттік мәселелерден бөлек қарастыруға болмайды. Сондықтан да жастардың психологиялық және әлеуметтік ерекшеліктерін, олардың экономикалық жағдайын, өмір сүру тәсілдерін, білім деңгейлері мен рухани ізденістерін зерттеуді жан-жақты қолға алу керек. Еліміздегі жастардың соңғы он жылдағы әлеуметтік-экономикалық тіршілігі, мәдениеттегі орны, саяси белсенділігі, діни дүниетанымдары туралы мәселелерді көтеріп жатыр. Аталған мәселелерді шешу үшін мемлекеттік жастар саясаты біртіндеп жастардың әлеуметтік-мәдени қалыптасуы мен дамуы үшін әлеуметтік-экономикалық, құқықтық мүмкіндіктер жасауды қолға алуда. Әйтсе де көңіл толмайтын жайттар баршылық. Ол жастардың рухани мәдениетіне байланысты мәселелер. Жалпы алғанда, рухани тоқыраудың негізгі себебі әлеуметтік және материалдық жағдайға байланысты деп есептеледі. Бірақ адамзат тарихы небір қиын-қыстау кезеңдерде адамгершілік, мейірімділік, бауырмалдық, төзімділік, қанағат сияқты тағы да басқа адами құндылықтардың жоғары болғандығын дәлелдейді. Жеке адамның рухани тазаруы үшін дін үлкен рөл атқаратынын өркениетті елдер тәжірибесі дәлелдеп отыр. Өз мәнінде уағыздалған діни нанымдар бір халықты екінші халыққа қарсы қоюды мақсат етпейді. Керісінше, барлық адамзатты бейбітшілікке, сенімге, тәубаға, келісімге шақырады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрестің 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында: Біз енді жастардың діни сауаттылығын бірінші орынға қой керектігін түсіндік. Жалпы қоғамның діни дүниетанымын қалыптастырудың жолдарын жетілдірудің шараларын жасаудамыз. Қазақстан зайырлы мемлекет екенін ұмытпауымыз керек. Біз елдің дәстүрлері мен мәдени нормаларына сәйкес келетін діни сана қалыптастыруымыз керек. Еліміздегі әртүрлі діни ұйымдар арасында бірлік пен татулықты, өзара түсіністік пен ынтымақтастықты тереңдетіп және ұлттық сананы дамыта отырып, теріс идеялар мен көзқарастардың алдын алуға күш салуымыз қажет. Діни сананың бірегейлігі мен дұрыс дамуы, қоғам бірегейлігінің алғышарты болып саналады.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1. Жиентаева Б.Ж. Национальное воспитьание школьников на уроках технологии средствами народного искусства (5-7 классы): Дис… пс.ғ.к.: Жезказган, 2004.-С.156.

2. Подласый И.П. Педагогика. Новый курс: Учебник для студентов пед.вузов: В 2 кн. — М.: Гуманитарный изд. Центр ВЛАДОС,1999.- С.576.

3. Сластенин В.А., Исаев И.Ф., Мищенко А.И., Шиянов Е.Н. Педагогика: Учебное пособие для студ. пед. учебных заведений. — М.: Школа-Пресс, 1997.-С.512.

4. Шилова М.И. Социализация и воспитание личности школьника в педагогическом процессе .- Красноярск: Изд-во КПТУ, 1998. – С.196.

5. Управление качеством образования: Практикоориентированная монография и методическое пособие / Под ред. М.М. Поташника. — М.: Педагогическое общество России, 2000. – С.448.

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype