+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Бейсенбi, 29 қазан 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 10 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Бала саусағын ойната отырып тілін дамыту

Кырыкбаева Арай Багдатовна, ЖШС «Erudit Kids» балабақшасының тәрбиешісі, Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы

Саусақ ойыны - ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан, әрі үлкен мәні бар мәдени шығармашылық. Адамның бас миында саусақ қимылына және сөйлеуге жауап беретін орталықтар өте көп. Саусақ ойыны арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады. Сөйлеу тілі мүшелері әрекетінің қозғауларының дамуы қол саусақтарының нәзік қимылдарының дамуымен тығыз байланыста болғандықтан бала қолының ептілігін толық жетілдіру, түзету-тәрбие жұмысын жүйелі жүргізуді қалайды. Саусақ ойынын балабақшада және үй жағдайында әсерлі, көнілді түрде ұйымдастыруға болады.

 

Қол саусақтар жаттығулары есте сақтау және назар аудару қабілетін дамытатындығын психологтар айтып кеткен. Саусақ ойындары сөйлеу лексикасының, сөздердің өзара байланысының (диалогты дұрыс жүргізуге, түсінік айтуға т.б) шыңдалуына сбепші. Қолдың ұсақ моторикасының дамуы саусақ қимылдарының белсенділігіне байланысты. Бала саусақтарын қимылдату арқылы сөйлеуге талпынады, есте сақтау қабілеті дамиды, қимыл-қозғалыстары артады, танымдық деңгейі артып, тілдік қоры дамиды. Оның жан-жақты дамып, жеке тұлға болып тәрбиеленуіне, тілінің дамуын саусақ ойындары арқылы жетілдіруге болады.

Балаларды ойнату арқылы байланыстыра сөйлеуге, үлкендермен және өзге балалармен тіл табыса білуге үйренеді. Қол саусақтар жаттығулары есте сақтау және назар аудару қабілетін дамытатындығын психологтар айтып кеткен. Тақпақты саусақтар жаттығулары ырғаққа ілесіп қимылдауына және баланың сөйлеу врғағының қалыптасуына көмектеседі. Сондықтан баланы ерте жастан бастап шынықтырған жөн. Саусақ ойындары сөйлеу лексикасының, сөздердің өзара байланысының шыңдалуына себепші. Баланың тілін дамытуда бірнеше саусақ ойындары мен жаттығуларын жасауға болады.

Мысалы: «Санамақ» ойыны

Мақсаты: кіші моториканы және сөйлеу ырғағын дамыту.

Бір, екі, үш, төрт, бес

Анаммен сурет саламын (алақанды жұмып ашады)

Міне, басы, міне іші (қолды шеңбер жасап айналдырады)

Аяқтары, қолдары, көздері (қолымен кішкентай шеңбер салу)

Ауызы сақинадан жасалған (ауада сақинаны салу)

Әдемі шашы да бар (қолдарын екі жаққа ашады) – т.б осындай ойындарды күніне 15 мин ойнату өте тиімді. Бұл саусақ ойындарын 1-2 жастағы балаға және тіпті 15-16 жастағы балаға да жаттығу ретінде жүргізуге болады.

Ата-аналарға саусақ ойындарын өткізуге арналған кішігірім кеңес бергім келеді.

  1. Баламен саусақ ойыны өткізгенде өзіңіз де толықтай ойынға қызығушылық танытуыңыз қажет. Әдетте балалар мәтінді біртіндеп айта бастайды, уақыт өте келе бала мәтінді жаттап алған соң, сөзін дене қимылдарымен бейнелеп, толықтыра бастайды.
  2. Жаттығуларды үнемі жаңартып отырыңыз.
  3. Балаға өзінің орындау қабілетінен артық ойынды орындатпаған жөн. Себебі оның зейіні шектеулі болады, нәтижесінде көп ақпарат баланың ойынға деген қызығушылығын азайтады.
  4. Ешқашан да баланың еркіне қарсы жаттығулар өткізбеген абзал. Бұған керісінше, баланың ойынан бас тарту себебін анықтап, жаттығуды басқа қызықтырақ әдіспен өткізуге тырысқан дұрыс.

Дәстүрден тыс саусақ ойындары

Ең бірінші саусақ ойындарының пайдасына тоқтала кетейік. Саусақ ойындарының нәтижесінде:

—            баланың тілі жетіледі;

—            қимыл-қозғалыстары артады;

—            икемділігі артады;

—            қисынды ойлауы дамиды;

—            танымдық деңгейі артады;

—            бұл ойындарды ойнағанда бірінші шарты түсіндіріледі және әр қимылы көрсетіледі.

Ал ересек топтағы балалар үшін ұсақ моториканы дамыту және қолдың икемділігін арттыруға арналған жұмыстар мектепке дайындықтың яғни, жазу, сызуға үйренудің маңыздысы болып табылады.

Неліктен мектепке дейінгі жаста саусақтар мен алақандарға арналған жаттығулар өте пайдалы? В.А.Сухомлинскийдің «Баланың ақыл-ойы оның саусақтарының ұшында» деген белгілі сөйлемі осы жаттығулардың негізгі міндеттерінің бірін ашады: нәрестенің зеректілігін, танымдық белсенділігі мен қызығушылығын дамытуға ықпал ету.

Қорыта келгенде, саусақ ойындары — бұл мектеп жасына дейінгі балалар үшін таптырмас іс-шара. Олардың көмегімен шешілген міндеттер сөйлеу мен ойлауды дамытуға ғана емес, тұтастай алғанда баланың жеке басын қалыптастыруға әсер етеді. Оларды балабақшаның орта тобында үнемі және көңілді өткізуі тәрбиеленушілердің физикалық және психикалық денсаулығын нығайтуға ғана емес, сонымен бірге қоршаған әлемнің алуан түрлілігін зерттеуге де аз көмектеседі.

Адамның он екі мүшесінің тіршілікте атқарар міндеті зор. Соның ішінде екі қолға бес-бестен біткен он саусақты күнделікті қажетті жұмыстарды атқаруға пайдаланытынымыз белгілі. Сонымен қатар ертеден бізге жеткен «Қуырмаш» ойынынан саусақ атауларын бала тәрбиелеуге, оның тілін жетілдіруге, ойын ұштауға әдемі пайдаланғанын білеміз.

Қуыр, қуыр, қуырмаш,

Тауықтарға тары шаш.

Балапанға бидай шаш,

Балаларға тәтті шаш .

— дей келіп, жұмылған әр саусақты жеке-жеке ашарда:

Сен түйеңе бар,

Сен жылқыға бар.

Сен сиырға бар,

Сен қойыңа бар,

Сен үйде отырып

Шешеңе көмектес.

— деп әр саусаққа тапсырма беріледі. Одан соң әр саусақтың басынан ұстай тұрып «қарның ашса: мына жерде нан бар, мына жерде май бар» деп әртүрлі астың атай келіп, қолтыққа жеткенде «қуырмаш»», «қуырмаш» деп қытықтайды.

Саусақ гимнастикасын күн сайын 3-5 минуттан жеке және топпен өткізуге болады. Егер бала қимылдарды өз бетімен орындауда қиналса, онда ол жаттығуды жеке сабаққа қалдырып, пысықтауға болады. Жаттығу нәтижесінде бала саусақ қимылдарын өз бетімен және жеңіл орындайды. Ойын қимылдары әрдайым қызықты да,тартымды болуы шарт, баланы мезі қылмауы керек.

Пайдаланылған әдебиеттер :

  1. Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған ойындар мен жаттығулар (әдістемелік құрал «Дарын» Астана 2014 жыл)
  2. Республикалық педагогикалық журнал . Білім kz
Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype