Эстетикалық бағытта бейнелеу іс-әрекеті (сурет, мүсіндеу, жапсыру) түрлері еңбек тәрбиесі, құрастыру және музыка сабақтары арқылы балалардың эстетикалық қабылдауын, сезімін, көркемдік талғамын дамыту іскерлік-дағдыларды меңгеруге, ұлттық қол-өнер ерекшеліктерін, оның әсемдігін сезінуге көңіл бөледі.
Мүсіндеу өнері арқылы эстетикалық тәрбие берудегі жұмыстың нәтижелі болуы тәрбиешілердің шеберлігі мен іздемпаздығы, шығармашылығы, білім деңгейімен де байланысты. Осы орайда, тәрбиеші бейнелеу өнері түрлерін жетік біліп, балаға түсінікті түрде қарапайым тілмен әңгімелеп бере білуі баланың іс-әрекетке деген қызығушылығын арттырады. Сонымен қатар: мүсіндеудің көмегімен мектепке дейінгі жастағы балалардың шығармашылық қабілетін дамыту, кеңістікті түйсіну қабілетін, ой-қиялын, сенсорлық және эстетикалық қабылдау қабілетін, саусақ қимылдарын дамыту, бояу түстерін ажырата білуге, көркемдік мәнерін сезіне білуге баулиды.
Сонымен қорытындылай келе, мен оқушылар арасында ұлттық ыдыс аяғымыздың бірі торсықты мүсіндеп жасата отырып, төмендегідей нәтижеге қол жеткіземін:
— балаға балшықтың, ермексаздың кесегін қайта өзгертуге, алуан түрлі формалар алуға, бейнелер жасауға мүмкіндік бере отырып, олардың қол қимылдарын дамыта аламын;
— балалардың мүсін өнеріне деген қызығушылығын арттыра отырып, ұсақ қол моторикасын дамытамын;
— біліктіліктерін жаттықтыру арқылы заттардың өлшемдік қатынастарын дұрыс бере білуге үйретемін (үлкен, кіші, жуан, жіңішке…).
— алдындағы суреттер арқылы баланың қиялы мен қабілетін жетілдіреміз;
— тақпақ, сұрақ-жауаптар арқылы баланың сөздік қорын дамытып, байланыстыра сөйлеуге дағдыландырамыз;
— эстетикалық әдемілікке тәрбиелейміз;
— сан алуан түстер гаммасымен танысуға формалар, сызықтар, түрлі пішіндермен танысуға мүмкіндіктер береміз;
— ұлттық өнердің айшықты нақыштарын сезіне білуге баулимыз.
{edocs}/images/pdf/13/05042021-02.pdf,520,600{/edocs}