+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Бейсенбi, 29 қазан 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 10 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

5-6 жастағы балалардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру

Карипова Сандугаш Адильхановна, ЖШС «Erudit Kids» балабақшасының тәрбиешісі, Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы

Құзыреттілік түсінігі көп аспектілі жан-жақты ұғымды білдіреді. «Құзыреттілік» термині әдетте белгілі бір әлеуметтік-кәсіби статус иесіне байланысты қолданылады және оның сол істі атқарудағы түсінігі, білімі, білігінің орындалуға тиіс мәселенің нақты өз деңгейінде шешілуімен сәйкестілігі арқылы сипатталады.

«Методикалық терминдер сөздігінде» «Құзыреттілік - қандай да бір оқу пәнін оқыту процесінде қалыптасатын білім, білік, дағдылар жиынтығы, сонымен қатар, қандай да бір қызметті орындай алу қабілеттілігі», – делінген.

 

Латынның «competentis» деген термині «білу», «жасай алу», «дегеніне жету» деген мағыналарды береді. Бұл жалпы алғанда құзыреттіліктің мәнін анықтайды. Кәсіби құзыреттілік категориясын айқындау үшін оларды әр түрге айналдыру, нақтылау және жалпы логикалық ұғымға біріктіруді жүзеге асыру керек.

Ғылыми еңбектерде «құзыреттілік» ұғымына түрліше мағына беріліп жүр. Орыс ғалымдары В.А.Адольф, Н.В.Кузьмина, А.К.Маркова, Э.Ф.Зеер, В.А.Сластенин, Т.Ф.Лошакова т.б. педагогикалық зерттеулерінде педагогтардың кәсіби құзыреттілігі туралы мәселеге көп қызығушылық пайда болғанын айтады.

Бұл жайлы Ш.Таубаева: «Құзыреттілік — ол тұлғаның оқыту мен әлеуметтену процестері барысында меңгерген білім мен тәжірибеге негізделген, оның жалпы қабілеті мен іс-әрекетке даярлығы ретінде айқындалатын, тұлғаның қасиеті»-дейді.

Ғалымдардың еңбектеріне сүйенсек, «Құзыреттілік — бұл білімді, іскерлікті қолдану қабілеті, оқу міндеттерін шешуде тәжірибе негізінде стандарттан тыс жағдайда адамның табысты нәтижелі әрекет ету қабілеті» басшылыққа алады. Интеллектуалды-педагогикалық құзыреттілік — талдау, синтез, салыстыру, қорытындылау, нақтылау сияқты қарастыра білудің кешені, аналогия, қиял, ойлау қабілетінің икемділігі мен сындылығы ретіндегі зерденің қасиеті түрінде қарастыруға болады.

Негізгі құзыреттіліктер тізімі әлеуметтік тәжірибе мен жеке басының тәжірибесін, сондай-ақ студенттердің өз бетінше білімін дамытуға қолданылатын негізгі қызмет түрлерін құрылымдық жағынан таныстыру негізінде анықталады. А.В.Хуторский біліктіліктің 3 негізгі түрін енгізген: 1)негізгі құзыреттіліктер: құндылық-мәнді, жалпы мәдени, оқу-танымдық, ақпараттық, коммуникативтік, әлеуметтік-еңбектік, жеке тұлға ретінде өзін-өзі жетілдіру құзыреттілігі; 2) жалпы пәндік құзыреттілік; 3) пәндік құзыреттілік. Біздің көзқарасымыз бойынша, коммуникативтік құзыреттілік – біріншіден, жеке тұлғаның дамуы мен өзіндік дамуы процесіндегі мұғалімнің жеке тұлғалық қасиеті; екіншіден, ұстаздың педагогикалық қарым-қатынастық мақсаты, түйіні, құрылымы, ерекшелігі туралы хабардарлығының көрсеткіші; қажетті технологиялық деңгейін меңгеруі; маманның жеке психологиялық сапасы; коммуникативтік іс-әрекетін әрдайым жетілдіріп тұруға тырысу; негізгі құндылық ретінде жеке адамның тұлғасына бейімделе білу, «бағдар ету», сонымен қатар педагогикалық қарым-қатынас кезінде туындайтын міндеттерге шығармашылық, қапысыз шешім таба білу қабілеті.

Жалпы құзыреттілік – бұл тұлғаның белгілі бір мәселені шешудегі өзара байланысты білім, білік дағдылар жиынтығы. Ал коммуникативтік құзыреттілік – адамдармен өзара әрекет пен қарым-қатынас тәсілдерін білуді, түрлі әлеуметтік топтарда жұмыс істеу дағдыларын, қоғамдағы түрлі әлеуметтік рөлдерді орындауды, өмірдегі нақты жағдайларда шешім қабылдау үшін байланыстың түрлі объектілерін қолдана алу білігін, мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінде, халықаралық қатынаста шетел тілінде қатынас дағдылары болуын қарастырады.

Құзыреттілік – тұлғаның бойында білім, дағды, іскерлік, ерік күш-жігердің болуы. «Коммуникативтік құзыреттілік» (латынның «соmpetere» -қол жеткізу, сәйкес келу, сөзінен шыққан) – қажетті тілдерді, қоршаған адамдармен және оқиғалармен әрекеттестікте болу тәсілдерін білуді, топта жұмыс жасау дағдыларын, ұжымдағы әр түрлі әлеуметтік рөлдерді меңгеруді қамтиды. Коммуникативтік құзыреттілік — екінші тілді үйренуші оқушыларға тілдің заңдылықтарын жаттанды үйретпей, сол тілді тілдік және қатысымдық тәсілдерді орынды қолданумен байланыстыру. Коммуникативтік құзыреттілік жеке тұлғаның рухани өсуін қалыптастырады, адамдарды түсіне білуіне көмектеседі. Коммуникативтік құзыреттілік ұжым мүшелері мен білім алушылар арасында позитивті қатынас орнатады. Мұғалімнің өзара түсінушілік, тыңдай білу, түсіне білу, көмек көрсету қабілетін айқындайды. Сәттілік ситуациясын туғыза білген жағдайда оқушылардың өз мүмкіндігіне деген зор сенімі туады. Коммуникативтік құзырет – бірлесіп жұмыс істеуді бағалау, адамдар арасындағы сенімділік, бірін-бірі түсіну, тыңдау, сыйлау, этикет сақтау, дәстүрді білу, дау жанжалды шеше алу, бұзылған қатынастарды түзету, өз қателігін түсіне білу, топпен жұмыс жасай алу,орындаушылардың жұмысын дұрыс ұйымдастыру, басқару шешімдерін таба алу және қолдана білу қабілеттері.

Мектеп жасына дейінгі балалардың тілді меңгеруінде үлкен нәтижеге жетуде электрондық оқулықтардағы дайын диалогтарды тыңдау, жаттау, аяқтау, толықтыру, мәтін мазмұны, кесте, сызбалар бойынша диалогтар құру-әдістері де көп көмегін тигізеді. Интерактивтік тақтаның көмегімен электрондық оқулықтағы диалогтарды қолданған пайдалы. Тақырыптық диалогтарды тыңдату арқылы, қайталауға, толықтыруға, осы үлгіде өз диалогтарын құрастыруға тапсырмалар беруге болады. Балалардың диалогтік ортасын құруда кесте мазмұнының да алатын орны ерекше. Кестедегі түйін сөздердің көмегімен оқушы сұрақ қою арқылы диалогтік ортаға енеді. Осы жұмыстар нәтижесінде оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігі қалыптасады. Кәсіби білім беруді жаңарту бұл — үнемі алға қарай ұмтылу мен даму үрдісі, білім беруде кезең-кезеңмен өтетін және алынған нәтижелерге сәйкес түзету енгізіліп, талданатын өзгерістер, салт-дәстүрді, мәдени мұраны, жалпы ұлттық құндылықтарды көздің қарашығындай сақтауды талап ететін тұрақты жүйелерден тұрады. Әлемдік білім кеңестігімен бірігу, біздің білім нәтижесі көрсететін дипломдарымызды шет мемлекеттерінің мойындауы, құзыретті маманға – күтілетін нәтижеге бағытталған білім беруде жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім беру сапасын арттырып, педагогикалық ұжымның кәсіби құзыреттілігін ұтымды деңгейге көтереді. Электрондық оқулық оқу материалдарымен ара-қатынасының интерактивтілігі, дыбыстық және бейне сүйемелдеуді қолдану, виртуалды зертханалық жұмыстарды өткізу мүмкіндігі, оқытуға жеке және дифференциалды тұрғыдан қарауды қамтамасыз ету есебінен қарапайым оқулықтардың мүмкіндіктерін елеулі кеңейте түсіреді. Осы мақсатта электрондық оқулықтарды сабақта пайдалану және белгілі бір пәндердегі тақырыптарға байланысты электрондық оқулықтарды дайындау бағытында да елеулі істер атқарылуда. АКТ-ны пайдалану арқылы болашақ мұғалімнің коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру моделі құрастырылып, оқу іс-әрекетін ұйымдастырудың тиімдіжолдары, педагогикалық шарттары мен мүмкіндіктері айқындалды. Жаңа білім беру бағдарламаларын, оқытудың ақпараттық, интерактивтік, дистанциялық технологияларын енгізу үшін педагогика қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды ұйымдастыру, жаңа технологияларды зерделеу үшін арнаулы пәндер оқытушыларының, өндірістік оқу шеберлерінің өндірістік кәсіпорындар базасында тағылымдамадан өтуі іске асырылуда.

Құзыреттілікті қалыптастыру – білім беру саласының өзекті мәселесі. Күн сайын адамға көптеген ақпарат тасқыны келеді. Ал оқу мазмұны мен оқыту әдістері ескі сарында қалып қоюда. Сондықтан білім берудегі әлеуметтік қажеттілік пен ол қажеттілікті қанағаттандырудың арасындағы қарама–қайшылық білім беру саласының дағдарысына әкеліп соғуда. Сол себепті болашақ мұғалімдердің әдістемелік шығармашылығын дамытуды педагог-мамандардың біліктілігін жетілдіру жүйесінде ұйымдастыруды олардың кәсіби құзіреттілігі кезінде жүзеге асыру қажеттігі туындайды. Болашақ мұғалімнің құзыреттілігін қалыптастыру – бүгінгі білім беру саласының өзекті мәселелерінің бірі. Құзырлылық тәсіл, білім сапасын арттыруды дәстүрлі тәсіл мен білім мазмұнын ұлғайту арқылы шешудің арасындағы қарама-қайшылықтан туындаған дағдарыстан шығудың бір жолы деп қарастыруға болады. Бұл тәсіл білім берудің нәтижесіне басты орын береді. Оның сапасы алған білімнің көптігінен емес, сол білімді қолдана білумен маңызды.

Қорыта келгенде 5-6 жастағы балалардың құзіреттілікттерін қалыптастыру — заман талабы. Сондықтан мектеп жасына дейінгі балалардың жаңа заман талабына сай білімді, жан-жақты, өзіндік ой-толғамын жеткізе алатын, кез келген адаммен тілдік қарым- қатынасқа түсе алатын, коммуникабельді, мәдениетті, өмірге икемделген тұлға болуы үшін оның бойында түйінді құзыреттілікті дамыту ұстаздың қолында. Демек, педагогтарымыз осы ақпараттық қоғамнан қалыспай, жедел ойлаушы, жедел шешім қабылдаушы, ерекше ұйымдастырушылық қабілетті, нақты бағыт-бағдар беруші болып шығуы — бұл қазіргі заманның талабы.

Сонымен баланың басқа балалармен қарым-қатынас құрауында әрбір баланың ересектермен байланыс жасауындағы психологиялық жас ерекшеліктері айқын көрінеді. Олай болса, ұлттық салт-сана, біздің жағдайымызда қазақ отбасындағы әлеуметтік рөл, қазақ халқының адамгершілік құндылықтары қарым-қатынаста ескерілуі қажет деп пайымдаймыз.

5-6 жастағы балалардың психикалық дамуының басты факторы қарым-қатынас болып келеді. Балалар бұл кезеңде қарым-қатынасты ересек адамдармен және өз қатарластарымен құра алады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Арушанова А.Г. мектепке дейінгі баланың коммуникативтік қабілеттерін дамыту: әдістемелік құрал. – М. : ТЦ Сфера, 2011.
  2. Әбдіхалықов Н.Б. Ақпараттық технологияларды қолдану негізінде болашақ мұғалімдердің өнімді-шығармашылық іс-әрекетін ұйымдастыру.// «Зерттеулер. Ойлар. Көзқарастар. Тәжірибелер» атты облыстық ғылыми-теориялық конференция материалдарының жинағы.- Қызылорда, 2010.
Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype