+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Бейсенбi, 29 қазан 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 10 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Мектеп жасына дейінгі балалардың тілдерін дамытуда халық ауыз әдебиетінің маңызы

Рахатбаева Гульнара Токтаровна, ЖШС «Erudit Kids» балабақшасының тәрбиешісі, Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы

Халық ауыз әдебиеті - талай ғасырлардан келе жатқан мұра, сарқылмас бай асыл қазына. Одан халқымыздың өткенін білеміз, сол арқылы бүгінгі заманымыздың ұлылығын танимыз. Бала тілін дамытуда халық ауыз әдебиетінің алатын орны өте ерекше. Халық ауыз әдебиеті - өмірдің айнасы, тәрбиенің таптырмас құралы. Халық ауыз әдебиеті - халықтың рухани асыл қазынасы. Мектеп жасына дейінгі балардың тілдерін дамытуда ауыз әдебиетінің маңызы ерекшелігін іс-тәжіріибемде кеңінен қолданамын.

 

Халық ауыз әдебиеті — талай ғасырлардан келе жатқан мұра, сарқылмас бай, асыл қазына, халық шежіресі. Онан халқымыздың өткенін білеміз, сол арқылы бүгінгі заманымыздың ұлылығын танимыз, халқымыздың батырлық, ерлік тарихын көреміз. Балабақшада бүлдіршіндерді ауыз әдебиеті үлгілерімен таныстырып, олардың рухани өмірін байыта түсу балабақша тәрбиешілерінің міндеті болып табылады.

Бүлдіршіндердің ой-өрісін дамытуға, қиялын шарықтатып, тіл байлығын дамытуда ауыз әдебиет үлгілері: ертегілер, жұмбақтар, жаңылтпаштардың тигізетін пайдасы ұшан-теңіз. Халық ауыз әдебиеті келесідей жанрларға бөлінеді:

— бесік жыры;

-тақпақ;

— өлеңдер;

— мақал-мәтелдер;

— жұмбақтар;

— санамақ;

— жаңылтпаш;

— ертегілер;

— мерекелер және әдет-ғұрыптар;

— халық ойындары.

Балаларды байланыстырып сөйлеуге үйретуде, интеллектуалдық дамуында, оның шығармашылық мүмкіндіктерін байыта түсуінде көп септігін тигізеді. Сол себептен, халық ауыз әдебиетімен таныстыруда әдіс-тәсілді қолданудың маңызы өте зор. Сондықтан мен тірек-сызба (мнемотехника) әдіс-тәсілін қолданамын. Тірек-сызбаның тірек-сызба (мнемотехника) әдіс-тәсілін қолданамын. Тірек-сызбаның алатын орны ерекше, себебі сөздік қорының аздығынан және халық ауыз ауыз әдебиетінің мазмұны терең, күрделі болғандықтан тірек-сызба әдіс-тәсілдері жұмысты жеңілдетеді. Тірек-сызбаны қолдануды бастамас бұрын алдын-ала жұмыс жүргізу қажет. Тірек-сызба баланың тіл байлығын жетілдіреді, белсенділігін арттырады, ол жан-жақты ізденеді, практикалық іс-әрекетте болады, шығармашылығы, тілі дамиды, құрбыларын тыңдауға үйренеді, еркін ойлауға мүмкіндік береді, өз ойын тұжырымдайды, өз ойын жеткізуге, айтуга үйренеді.

Қиял дүниесінен туған ғажайып оқиғалы ертегілер, батырлық жырлар, өмір тәжірибесінің қысқаша қорытындысы – мақал-мәтелдер, ойға түрткі салатын сыр сандықты жұмбақтар, қиыннан қиыстырылған тақпақ-жаңылтпаштар — бәрі де балабақшада кеңінен пайдаланатын дүниелер. Бұлар балаларды елін сүюге, батылдыққа, адамгершілікке үйретеді.

Балабақша бағдарламасында ауыз әдебиет үлгілері үйретуге баса назар аударылған. Онда оқылған ертегі, әңгіме мазмұнын жүйелі байланыстырып, әңгімелеп беруге үйрету, ертегі мазмұнында кездесетін кейіпкерлердің іс-әрекетіне сай образды сөздер мен диалогтарды, кейбір өлең шумақтарды бұлжытпай жатқа айта білуге, екі адамның диалогында кездесетін сұрақ, қорқыныш, талап тілектерді білдіретін сөздерге дауыс екпінін дұрыс қойып, мәнерлі айта білуге тәрбиелеу болып табылады.

Қазақ халқының тұрмыс-салтын, арман үмітін, өткен өмірін кеңінен танытатын ауыз әдебиеті үлгілерінің көлемді саласының бірі – ертегілер. Ертегілер өте ерте заманда, тіпті жазу сызу өнері болмаған кездің өзінде-ақ туған. Бұларды халқымыз күні бүгінге дейін ұрпақтан ұрпаққа ауызша да, жазбаша да жеткізіп келеді.

Ертегінің өзіндік құрылысы, көркемдік ерекшелігі бар. Қандай ертегіні алсақ та, ол белгілі бір сюжетке құрылады, оқиға желісінің басталуы, аяқталуы, өзіндік шешімі болады. Ертегі баяу басталып, оқиға желісі күрделене түседі. Кейіпкерлер арасындағы қайшылықтар өрістей келе, әділдік үстемдік құрып, зұлымдық жеңіліс табумен аяқталып отырады.

Әсіресе, адам өміріне байланысты іс-әрекеттер өткір сықақ-мысқылмен беріліп, бала сезімін селт еткізіп, күлкіге мәз етеді. Балалар жағымсыз кейіпкерлердің жаман әрекеттерінен бойларын аулақ ұстап, жақсылыққа құмартады. Ертегінің осындай әр жақты сырын қызықты, тартымды бала санасына лайықтап жеткізу айтушының шынайы шеберлігіне қарай бірнеше түрге бөлінеді. Солардың ішіндегі бастылары:

1. Қиял — ғажайып ертегілері.

2. Хайуанаттар жайындағы ертегілері.

3. Тұрмыс — салт ертегілері.

4. Аңыз ертегілері.

Мектеп жасына дейінгі балаларға осы аталғандардың бастапқы екі түрі оқытылады. Ертегілер балалардың жас ерекшелігіне сай жоспарланады. Кіші топтарда (3-4 жас) ауызша әңгімелеп беру тәсілі қолданылады. Ересектер тобында (5-6 жас) оқығанды тыңдату мен әңгімелеп беру қатар жүргізіледі. Мұндағы мақсат – ертегіні әңгімелеуге үйрете отырып, оқылған ертегіні шыдамдылықпен тыңдай білуге үйрету болып табылады.

Халық ауыз әдебиетінде ерте заманнан келе жатқан, өзіндік ерекшеліктерімен танылған халықтың асыл ойының көркем жиынтығы — мақал мен мәтелдер арқылы да беріледі. Қазақтың мақал-мәтелдері негізінен елдікке, ынтымақ-бірлікке, адамгершілікке, инабаттылыққа тәрбиелейді.

Халықтық шығармалар ішінде жұмбақтар үлкен рөл атқарады. Жұмбақтар баланы байқағыштыққа, тапқырлыққа баулып, ой-қиялын ұштастыруға көп әсер етеді.

Халықтық шығармалар ішінде баланы дұрыс та, айқын сөйлеуге үйрететін, тілін жаттықтыруға бейімдейтін жанр – жаңылтпаш. Балалар жаңылтпаш арқылы сөздерді дұрыс сөйлеуге, жеке дыбыстарды алмастырмай дұрыс айтуға үйретеді. 

Тыйым — тәлім-тәрбие, үлгі-өнеге, ақыл-кеңес берудегі тәрбие құралдарының бірі. Бұл балаларды жаман әдет, жат пиғыл, ерсі қимыл, әдепсіз істерден сақтандыруда маңызды қызмет атқарады.

Қорытындылай келе, халық ауыз әдебиетімен таныстыру, арнайы өтілетін оқу іс-әрекетінен тыс жүргізілетін ойын, еңбек жұмыстарында іске асады және де баланың сөздік қорын молайтып, әр сөздің мағынасын дұрыс түсініп, қолдана білуі керек.

Ауыз әдебиетімізде халқымыздың түсінік, пайымы, тәлім-тәрбиесі бар. Осыдан үлгі-өнеге алып, ата-бабамыздың аманаттап кеткен асыл қазынасын жоғалтпай, мына жаhандану заманда құндылығын арттыра берейік. Міне, сондықтан да бала тілін дамытуда, ой-өрісін кеңейтуде халық ауыз әдебиетін балабақшада пайдаланудың маңызы өте зор.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.Қазақ этнопедагогикасы- тәрбие бастауы. Әдістемелік құрал Астана

2. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. Ғабдуллин М 1972 ,ж

3.Республикалық ғылыми журнал «Мектепке дейінгі тәрбие» 2008 жыл

4. Республикалық ғылыми журнал «Бала тәрбиесі» 2010 жыл

5.Ф.Н Жумабекова «Мектепке дейінгі тәрбие»

6. Республикалық педагогикалық журнал «Бала мен балабақша» 2007 жыл

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype