Усманова Насима Матигулловна, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Шоқан Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейі» КММ-нің көркем еңбек пәні мұғалімі
Интерьер — пәтердің белгілі бір ретпен қалыптастырылған әрі сәндеп жабдықталған ішкі кеңістігі. Интерьерді жабдықтаудың қажетті шарты — қолайлылық пен әсемдік. Интерьердің барлық элементтері өзара әдемі үйлесуі, ал интерьер бүтіндей алғанда бірін-бірі толықтырып, көз тартарлық әсем болуы тиіс. Пәтерді жабдықтарда үйге қандай заттар қажет, оларды қай жерге және қалай орналастыру, әшекейі мен түсі, бөлмені сәндік бұйымдармен өзгерту-өзгертпеу туралы мәселені алдын ала ойластыру қажет. Көркем еңбек сабақтарында берілген «Интерьерге арналған 2D және 3D сәнді бұйымдарды жасау» атты тақырып осы мәселелерді оқушы бойына сіңдіруді мақсат тұтады. Нәтижесінде оқушылар материалдар мен техниканы анықтап, таңдап, қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, эстетикалық және техникалық талаптарға сай келетін интерьерге арналған 2D және 3Dсәндік бұйымдар дайындайды. Интерьерді сәндеудің тиімді әдістерін анықтап, қолданады.Өз қолдарымен 2D және 3D форматында орындаған сәндік бұйымдарымен тұрғын үйді сәндеп, ерекше сезім мен көңіл-күйге бөленеді. Сонымен қатар сабақта оқушылар сыныптастарының сәндік бұйымдарымен танысып, пікірлері мен ұсыныстарын білдіруге, өз тәжірибелері мен білімдерін толықтыруға, шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге мүмкіндік алады.
| Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Үй мәдениеті | Мектеп: Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Шоқан Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейі» КММ |
| Мерзімі: 30.04.2021ж. | Мұғалімнің аты-жөні: Усманова Н.М. |
| Сынып: 8А | Қатысушылар саны: 16 Қатыспағандар: — |
| Сабақтың тақырыбы: | Интерьерге арналған 2D және 3D сәнді бұйымдарды жасау |
| Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары | 8.2.5.3- Өз бетінше материалдар мен техниканы анықтап, таңдай отырып, эстетикалық және техникалық талаптарға сай келетін интерьерге арналған сәндік бұйымдар дайындау. 8.3.4.1- Өзінің және өзгелердің жұмыстарын жетілдіру және адаптациялауда қолданылған идеяларды талдауда және бағалауда негізінделген сыни ұсыныстар жасау. 8.2.6.1- Техника қауіпсіздігін қадағалап, оның маңыздылығын сезіне және демонстациялай отырып, материалдар мен құралдарды қолдану. |
| Сабақтың мақсаты: | Барлық оқушылар: Өз бетінше материалдар мен техниканы анықтап, таңдап, қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, эстетикалық және техникалық талаптарға сай келетін интерьерге арналған 2D және 3Dсәндік бұйымдар дайындайды. Оқушылардың басым бөлігі: Интерьерді сәндеудің тиімді әдістерін анықтайды және қолданады.Өзінің және сыныптастарының жұмыстарын жетілдіру үшін пікірін білдіріп, сыни ұсыныстар жасайды. Кейбір оқушылар: Өз бетінше құрастырған технологиялық құжат арқылы күрделендірілген бұйымдар дайындайды. |
| Бағалау критерийлері | -Интерьер стильдерін ажырата алады; -Интерьерге арналған сәндік бұйымдарды біледі, дайындайды; -Өзінің және өзгелердің жұмыстарын жетілдіру үшін сыни ұсыныстар жасайды; -Материалдар мен құралдарды қолдану барысында техника қауіпсіздігін қадағалап, сақтайды. |
| Тілдік мақсаттар | Лексика мен терминдер: Интерьер, стиль, панно, колллаж, декупаж, макраме, топиарий |
| Құндылықтарға баулу | -Топта жұмыс жасау, сыныптастарының пікірін тыңдай білу, оған қолдау көрсету арқылы құрмет құндылығы қалыптасады; -Бірлесе жұмыс жасау және шешімді бірлесе қабылдау арқылы ынтымақтастық құндылығы қалыптасады; -Сарамандық жұмыстарды орындау барысында еңбек пен шығармашылық құндылықтары қалыптасады. |
| Пәнаралық байланыс | Математика, графика, өнер, қазақ тілі, тарих |
| Алдыңғы білім | Интерьерге арналған сәндік бұйымдардың нобайын орындау |
| Сабақтың барысы | ||||
| Сабақ кезеңі | Педагогтың әрекеті | Оқушылардың әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
| Сабақтың басы | Оқушылармен cәлемдесу, түгендеу, сабаққа дайындығын байқау. Психологиялық ахуал тудыру: «Бірлесе жұмыс істеу». Талқылауға арналған сұрақтар: -Интерьер деген не? -Қонақбөлме, жатынбөлме, ас үй т.б. интерьерін қалай безендіруге болады? -2D және 3D форматтағы сәндік бұйымдардың ерекшеліктері қандай? Оларға нені жатқызуға болады? Жаңа сабақтың тақырыбы және мақсаттарын айқындап алуға бағыттайды. | Оқушылар амандасып, сабаққа қатысуы туралы хабарлайды. Оқушылар сұрақтарға жауап береді, бірінің жауабын бірі толықтырады, жаңа сабақтың тақырыбы және мақсаттарын айқындайды. Интерьерге арналған сәндік бұйымдары мен оны орындауға қажетті материалдар мен құрал – жабдықтарын әзірлейді. | ҚБ: Қол соғу | ZOOM ВilimLand-OnlineMektep білім платформасы Оқулық «Көркем еңбек» 8-сынып «Келешек -2030» баспасы 72 – 77 бет |
| Сабақтың ортасы | Презентация: «Интерьерге арналған 2D және 3D сәнді бұйымдар. Оқушылар бұйымдарын ұсынуға әзірлеген уақытта бейнеролик ұсынылады: «Интерьерге арналған сәндік қолөнер бұйымдары» Дескриптор: 1. Интерьер стильдерін ажырата алады. 2. Интерьерге арналған 2D және 3D форматтағы сәнді бұйымдарды эстетикалық және техникалық талаптарға сай түрлі техникаларда орындайды. 3. Өзінің және сыныптастарының жұмыстарын жетілдіру үшін пікірін білдіріп, сыни ұсыныстар жасайды. | Оқушылар қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып интерьерге арналған 2D және 3D сәндік бұйымын орындайды. Әр оқушы орындаған жұмысын қорғайды. Қорғау критерийлері: -Жұмыстың атауы; -Сәндік бұйымды орындауға қажетті материалдар мен құрал – жабдықтар; -Жұмыстың орындалу техникасы мен реті; -Қай бөлме интерьерін безендіруге қолдануға болады; -Жарнамалау! -Қандай қауіпсіздік ережелері сақталды? | ҚБ: Мадақтау | Бейнеролик Презентация Оқушылардың орындаған сәндік бұйымдары |
| Сабақтың соңы | Тақырыпты бекіту сұрақтарын ұсынады. Кері байланыс берілген гүл шоқтарын таңдау арқылы жүргізіледі. Сабаққа қорытынды жасайды. Bilimland.kz платформасындағы мәтінмен танысып, тапсырмаларды орындауды тапсырады. | Бекіту сұрақтарына жауап береді, бірін – бірі толықтырады. Интерьерді сәндеуге арналған жұмысы ерекше болған оқушы кім деп ойлайсыңдар? Кімнің жұмысы әлі толықтыруды қажет етеді? Бір тал жауқазынды таңдаған оқушылар бар ма? Себебі не? | ҚБ: Өзін – өзі, бірін – бірі бағалау. Мұғалім оқушылардың ойларына пікір қалдырады | Презентация |