+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Сәрсенбi, 28 қазан 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 10 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Тәуелсіздік мәңгілік тұғырым!

Павлияненко Софья, 5 сынып оқушысы ШҚО, Өскемен қаласы, «Үміт» балалар үйінің тәрбиеленушісі, жетекшісі: Манасбаева А.А

«Тәуелсіз Қазақстан!» керемет, киелі ұғымдар десеңізші?! Тәуелсіздік – мемлекеттің басты құндылығы мен байлығы міне осында. Бұл ұғымдардан Отанымыздың тәуелсіз, еркін мемлекет екенін бірден аңғаруға болады. Қазақстанда 130 мыңнан аса сан түрлі ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүруде. Елімізде барлық салалар бойынша жаһандану заманында жаңа форматқа көшуде.

Тәуелсіз еліміз дәл осы дәрежеге жету жолында көптеген қиыншылықтарды бастан өткізді. Бабаларымыздың жүріп өткен жолы-бұған куә. Білектің күшімен, найзаның ұшымен, туған жерімізді қорғап, бізге аманат етіп қалдырған ұлы даланың ұлы кемеңгерлерінің арқасында бақытты өмір кешудеміз. Тәуелсіздік-ащы термен келген тәтті жеңіс.

Қазіргі таңда Тәуелсіздік – барлығымыз үшін ерекше қасиетті күн.  Бірліктің, ынтымақтастық пен татулықтың күні. Тәуелсіздігімізді жарияланғаннан бастап, көптеген елеулі табыстарға қол жеткіздік. Еліміздің тыныштығы мен ынтымақтастығы Президентіміздің жүргізіп отырған парасатты саясатының нәтижесі деп білемін. Берік, бірліктің арқасында қазіргі Қазақстан – бүкіл халықтың өркендеуі, заманауи үлгідегі көшбасшылыққа ие болған, әлем мойындаған Тәуелсіз алып мемлекет айналды.

Бүгінде біз қанатын кеңге жайған, егеменді елміз. Көк туымыз желбіреп, сол жағымыздағы мақтаныш сезіммен дүрсілдеп тұрған жүрек әнұранымызға әуен қосып, әнұранымыз асқақтай шырқалуда. Тәуелсіздік туының желбірегеніне де, міне биыл 30 жыл толады. Тоғыз жолдың торбындағы алпауыт елдер қатарындағы алып мемлекетімізді әлем жұршылығы құрметтейді.

Қазақстан – ертең…

Қазақпын, еңселі елмін егеменді,

Кеңейттім кең әлемге керегемді.

Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар

Таныды тепе-тең деп тереземді.

Қазақпын, қойнауы – құт, жері – дархан,

Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам, – дей отырып менің бүгінім, ертеңім, келешегім де Отаныммен байланысты дегім келеді. Еліміздің бейбітшілігінің, тәуелсіздігінің арқасында күліп-ойнап, еркін білім алып жатқан ерікті елдің еркін ұланының бірімін!

Елімнің ертеңгі болашағымнан жүрегім қорықпайды, керісінше қуанады, ендеше, келешегіміз нұрлы болмақ. Оған негіз – бүгінгі «Арыстандай», «Жолбарыстай», «Қырандай» күшті бүгінгі жас ұрпақтың, біздің бүгінгі әдемі әрекеттеріміз ұтымды ұмтылыстарымыз. Мен өзге ұлт өкілі болсам да, дәл осындай қазақ жерінде туылғаныма, осындай кең байтақ өлкеде өмір сүріп жатқаныма бақыттымын, өйткені, мен Тәуелсіз елдің баласымын. Осындай тұғыры биік елде туылғаныма, өз елімде біліп алғанымды мақтан тұтамын.

Менің де тәуелсіз еліміздің тәуелсіз еліміздің өсіп-өркендеуіне бір үлесімізді тигізу парызым, – деп санаймын. Еліміздің еркін өміріндегі бүгінгі  табыстарының бәрі де тәуелсіздіктің нәтижесі. Ең бастысы – Тәуелсіздік тарих төріндегі тұғырымыз биік. Осындай тұғыры биік Тәуелсіз елде өмір сүру, мен үшін үлкен бақыт. Сондықтан өз елімнің тұғыры әрқашанда биік тұруына меніңде ат салысқым келеді. Тәуелсіз елдің ұрпақтары көбейе берсін!

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype