Шаянбаева Жанагуль Аскаровна, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Қ.Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейі» КММ директоры.
Чекетаева Роза Саркытбеккызы, тарих пәні мұғалімі.
Елімізде болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер тәжірибелік педагогикада инновациялық қайта құрулардың дамуына жағдай жасады. Осыған байланысты мектептің педагогикалық ұжымы жаңа құндылық бағдарларын, білім берудің мақсаттары мен мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыру әдістерін іздеу негізінде мектептің инновациялық моделін әзірлеуді жүзеге асырады.
Мектептегі инновациялық және әдістемелік жұмыстың негізі тәжірибелік-эксперименттік жұмыс болып табылады. ТЭЖ білім беру мекемесінің миссиясын орындау бойынша жетекші қызметтердің бірі. Сонымен қатар тұлғаның жан-жақты, еркін және шығармашылық дамуын қамтамасыз ететін әлеуметтік-педагогикалық бастамаларды тиімді іске асыру үшін жағдай жасауға бағытталған білім берудің қолданыстағы теориясы мен практикасын ғылыми талдауға негізделген қызмет болғандықтан әдістемелік нұсқаулық бүгінгi таңда қоғамдық сұраныстан туындағaн. Тәжірибелік-эксперимент жұмысына жалпы білім беретін мектеп, гимназия, лицей, бейінді, түзету-дамыту мектептердің басшылығы мен көптеген педагогтері қатысады. Дегенмен ТЭЖ қатысушылар көбінесе тәжірибені эксперименттен ажыратпайды. Екеуі де қазіргі білім беру тәжірибесін жетілдіру жолдарын табуды көздейтін іздеу қызметінің түрлері. Тәжірибе дегеніміз — сенсорлық танымға негізделген шындықты эмпирикалық тану. Ал эксперимент — бұл бақыланатын және басқарылатын жағдайларда жүзеге асырылады, олардың өзгеруімен шығарылатын білім мен таным.
Эксперимент зерттеліп жатқан объектіні белсенді пайдалану арқылы байқаудан ерекшеленеді, ол теория негізінде жүзеге асырылады: міндеттерді қою мен нәтижелерді түсіндіруді анықтайды. Көбінесе эксперименттің басты міндеті — теорияның күтілетін нәтижесі мен болжамдарын тексеру.
ТЭЖ бағдарламасы білім беру мекемесінің бастамасымен немесе ғылыми, педагогикалық және басқа ұйымдардың, білім беруді басқару басқармаларының, сондай-ақ қоғамдық ұйымдардың (ата-аналар ұжымының, педагогикалық кеңестің) және жеке тұлғалардың тапсырысы бойынша, білім беруді басқару органдарымен келісілген жағдайда басталады. Көбіне қалалық немесе аудандық білім бөлімінің ТЭЖ-ның ізденіс тақырыбынан мекетептің ТЭЖ тақырыбы, мектептікінен әр әдістемелік комиссияның тақырыбы, әдістемелік комиссия тақырыбынан мұғалімнің ТЭЖ ізденіс тақырыбы анықталады. Тақырыпты таңдауда өткен бес жылдық ТЭЖ аналитикалық талдауы арқылы қиындықтар аясы анықталып барып болашаққа жоспар жасаған жөн. Мектептегі білім беру сапасын жақсарту және оқушылардың негізгі құзыреттіліктерін қалыптастыру бойынша жетекші қызметте де өзіндік рөлі бар. Өйткені, педагог қызметкерлер зерттеу қызметін ғылыми-әдістемелік кеңес бекіткен жеке жоспарларға, бағдарламаларға сәйкес жүргізеді, атқарылған жұмыс және оның қорытындылары туралы әр түрлі нысандарда (рефератты қорғау, ғылыми-практикалық конференцияда, педагогикалық оқуларда баяндама жасау, мақалаларды, әдістемелік ұсынымдарды, бағдарламаларды, оқу құралдарын, дидактикалық материалдарды жариялау және т.б.) мерзімді есеп береді.
ҚР Білім туралы Заңындағы негізгі ұғымдар анықтамасында «Эксперименттік алаң» – жаңа педагогикалық технологиялар мен білім берудің жаңа мазмұнын сынақтан өткізуге арналған эксперимент режимінде білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы» делінген. Бұл жерде мектеп әкімшілігі мен мұғалімдер ТЭЖ алаңын заңда айтылған эксперименттік алаңмен (Білім мазмұның жаңарту, жанбасылық қаржыландыру немесе оқулықты апробациялау бойынша т.б. алаңдармен) шатастырмауы керек.
Ғылыми-әдістемелік жұмыс – ғылым жетістіктері мен озық педагогикалық тәжірибеге негізделген және үздіксіз білім беру жүйесінің жұмыс істеуін және оны дамытуды жетілдіруге бағытталған қызмет түрі. «Мектепішілік бақылау жоспары» кестесіндегі «Мектеп құжаттамасының жүргізілуін бақылау», «Оқу-тәрбие процесінің ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету жағдайын бақылау» бағандары да мектепте ТЭЖ жүргізуге негіз болады. Мұғалімнен мектепте күнделікті тек КТЖ мен ҚМЖ, тәрбие жоспары), критериалдық бағалаудың талдауы, журналдың жүргізілуін ғана сұрағанмен санатын көтеру барысында портфолиосы толық болу үшін басқада құжаттармен жұмыс жасау артықтық етпейді. ҚР БжҒМ 472 бұйрығында ғылыми-әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз ету деген бөлімше бар.
ТЭЖ алаңның оқу жылына арналған жұмыс жоспары құрылады. Эксперимент алаңындағы мұғалімдерінен жасақталған шығармашылық топтың атқаратын міндеттері анықталады. Мектептің тәжірибелік алаңы құрылып, оның сараптамалық кеңесінің құрамы анықталады. Мектептегі ТЭЖ сараптамалық тобындағы мұғалімдер құрамында тәжірибелі, шығармашыл және ізденуші мұғалімдер әлеуеті жұмыс атқарады.
ТЭЖ қатысушы мұғалімдері жұмыс бағытымен таныстырылады. Мұнда, таңдап алынған оқыту технологиясы бойынша ақпараттар жинақтау, аудандық, қалалалық білім бөлімінде бекітілген әдіскерлермен тығыз байланыс жасау, эксперимент сыныптарына арналған алғашқы мониторингілік кестені толтыру сияқты жұмыс бағыттары ұсынылады. Мұғалім экспериментті өзі сабақ беретін барлық сыныптарға немесе белгілі бір сыныптармен жүргізуге болады. Көбіне нәтижелі болатыны екі параллель сыныпта жүргені жөн.
Әрбір мұғалімдердің айналысатын технологиялары бойынша ғылыми-ізденушілік жұмыстарын жетілдіру жұмыстары ұйымдастырылады. Арнайы тағайындалған әдіскерлермен кездесу ұйымдастырылып, олармен бірлесе отырып алғашқы мониторингілік кесте құрастырылады. Құрастырылған мониторингілік кесте бойынша мұғалімдар алғашқы бақылау мониторингісін жасайды. Мектептегі директордың ТЭЖ орынбасары немесе ТЭЖ жұмысы жүктелген оқу ісінің меңгерушісіне (лауазымдық нұсқаулықта бекітіледі), педагогикалық-психологиялық карта жасауда мектеп психологының көмегіне сүйенуге болады. Қатысушы педагогтер жұмыстың барысы мен қорытындыларын талқылау үшін (жылына кемінде екі рет) жиналыстарға жиналады, шығармашылық есептермен сөз сөйлейді, көрмелер ұйымдастырады, одан әрі қызмет жоспарларын, әртүрлі деңгейдегі ғылыми-практикалық конференцияларды, семинарларды т.б жоспарлайды.