+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Сейсенбi, 27 қазан 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 10 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Оқушылар қаламынан…

Катонқарағай ауданындағы  «Көкбастау орта мектебінде» бірнеше жылдан бері шығармашылыққа бейім оқушыларға арналған «Жас қалам» үйірмесі жұмыс жасайды. Жетекшісі — қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі М.О.Адылханов. Үйірменің басты мақсаты:  оқушылардың  сыныптан тыс уақытта шығармашылық ізденістерін, өзіндік қабілеттерін баулып және қоғамдық қарым-қатынасын қалыптастырып, өзіндік талдау, жинақтау,  жұмыста шапшаңдық таныту, өз ойын көркем әдеби  тілмен өрнектей білуге машықтандыру болатын. Үйірме сағатында жеке тұлғаны дамытып, өлең шығаруға, шығарма жазуға, мақал-мәтел, жұмбақ құрастыруға қызығушылықтарын оятып, адамгершілікке,  ізгілікке, сыйластыққа тәрбиелеп, шығармашылықтарының еркін дамуына жол ашу  көзделеді.

Үйірме мүшелері бірнеше мәрте аудандық, облыстық, республикалық байқаулар мен олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанды. «Жас қалам» үйірмесінің алғашқы мүшелері бүгінде жоғары оқу орындарында, оның ішінде қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі мамандығы бойынша білім алуда.

Биылғы оқу жылында Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған іс-шаралардың бірі ретінде «Жас қалам» үйірмесі мүшелерінің арасында жыр мүшайрасы өткізілді. Сол мүшайраға қатысқан жас ақындардың жауқазын жырларын оқырмандар назарына ұсынбақпыз.

Г.К.Уалханова, «Көкбастау орта мектебі» КММ,

директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

Мен — қазақпын

Тәуелсіздік – бабалар армандаған,

Тарихтары әлі де талданбаған.

Мен- Қазақпын, кеудесін жау баспаған,

Жаны үшін жауына жалданбаған.

Мен кешегі Ғұндардың ұрпағымын,

Тағы шертсем тарихтан сыр тағылым,

Мен- Еділмін, елі үшін еңіреген,

Көкірегінде оятқан ұрпақ үнін.

Мен- Түркімін, мақтанам құр телінбей,

Түркі десем тұра ма жыр төгілмей.

Өтүкенді киелі қоныс қылған

Білге қаған, Тоныкөк, Күлтегіндей.

Жәнібекпін, Кереймін… Қазақтығым…

Хандығымнан басталған азаттығым.

Мен- Төлемін, Қазыбек , Әйтекемін,

Мен -Қазақпын!  Бұл менің – ғажаптығым!

Мен -Қасыммын, Тәукемін, Абылаймын,

Мен –Кенемін, жаралған жаным – айбын.

Қабанбаймын қубаспен атой салған,

Мен ағынан жарылған Ағыбаймын.

Мен — Мағжанның жырымын сылдырлаған,

Әміренің әнімін сыңғырлаған.

Мұстафа мен Ахметтің арманымын,

…Арманымын ұйқысыз түнді ұрлаған.

Мен- Бауыржан, Қасыммын, Рахымжанмын,

Фашизмге оқ болып атылғанмын.

Мен — тың болып жыртылғам алқа- салқа,

Мен- байлықпын, шет елге сатылғанмын.

Мен -Қайратпын, Ләззәтпын, Сәбирамын,

Жоғалтпаған жетпіс жыл, ар-иманын.

Мен -Тоқтармын, ғарышпын, кеңістікпін…

Мен- Қазақпын жазылмас қағидамын.

Жыры осылай демеңіз жас баланың,

Жыр жазудан  қалмады басқа амалым.

Мен асқақпын, байрақпын көкке өрлеген,

Мен — Қазақпын! Мен асқақ АСТАНАМЫН!

Самғар Жарқынбек, мектеп түлегі, І курс студенті.

Тәуелсіздік

Талай қазақ қиды жанын сен үшін,

Ұмытпайды ел олардың есімін.

Талай адам тәуекелге бел буды,

Мейлі, ажал қағып тұрсын есігін.

Тарихымда бұл күн мәңгі сақталар,

Ата-баба ақ үміті ақталар.

Азаттыққа отыз жыл толды деп,

Елім менің шын көңілден шатттанар.

Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым,

Аспандағы баға жетпес ай, күнім.

Қазақстан – кең байтағым, айбыным

Қазақстан – алтын бесік, айдыным!

Нұрлыжан Қайрат, 7-сынып оқушысы.

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype