+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Сейсенбi, 27 қазан 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 10 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Мектептегі қосымша білім беруді тиімді ұйымдастыру – мамандық таңдаудың табысты кілті

 Иманкенова Жансая Муратовна, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№48 мектеп-қосымша білім беру орталығы» КММ директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Бүгінгі таңда нарықтық қатынастарға еркін араласуға дайын бүгінгінің және болашақтың мамандарын тұлғалық, интеллектуалдық және кәсіби сапалық жағынан әлемдік бәсекеге қабілетті етіп даярлау, әсіресе, осы білім мен тәрбие мазмұнының сапасына тікелей байланысты. Тәлім- тәрбие қашанда қоғам дамуы мен жетілуінің аса маңызды алғышарттары. Осыған орай қазіргі Қазақстан жағдайында қысқа тарихи уақыт аралығында барлық білім беру жүйесінде оң өзгерістер іске асырылуда. Оның бірі, атап айтқанда қосымша білім беру қызметін жаңа сапада  ұйымдастыру қолға алынуда. Өскемен қаласында  осы уақытқа дейін аталған бағытты дамытуды көздейтін 2 орыс тілді білім беру мектептері болса, 2019 жылы алғашқы қазақ тіліндегі мектеп-қосымша білім беру орталығы болып біздің мектебіміз ашылды.

Мектебімізде педагог ұстаздармыздың шығармашылықпен жұмыс жасауда және оқу бағдарламасын меңгеруде білімдерінде олқылықтары бар оқушылармен ұйымдастырылатын негізгі пәндік және спорттық үйірмелерден басқа қосымша білім беру курстары жеке оқу бағдарламасымен, бекітілген жүктеме негізінде оқытылады. Оқушыларымыздың жан-жақты жетілген, бәсекеге қабілетті тұлға болуы және бос уақыттарын неғұрлым тиімді пайдалануы үшін, саламатты ұрпақ қалыптастыруда мектебімізде спорттық үйірмелердің 7 түрі  (футбол, волейбол, баскетбол, шаңғы, коньки, үстел теннисі, асық ату), пәндік үйірмелер және 19 қосымша білім беру курстары жұмыс жасауда.

Қосымша білім беру – білім алушылардың білім алу үдерісінде сұраныстарын жан-жақты қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылатын тәрбие және оқу үдерісі. Мемлекеттің білім беру саясаты қосымша білім беру  ісіне үлкен көңіл бөлген. Оны мемлекеттің «Білім туралы  Заңынан (2011.19.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) көруге болады

37-бап. Қосымша білім беру

  1. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім беру түрлерін білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын қосымша білім беру ұйымдарында жүзеге асырылады.

Қосымша білім берудің білім беретін оқу бағдарламалары бойынша білім алушыларға білім беру қызметтерін көрсетуді бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары шарттық негізде береді.

  • Кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау қосымша білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында, ғылыми ұйымдарда, өндірісте және мемлекеттік ғылым ұйымдары мен жоғары оқу орындарының ғылыми қызметкерлерінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша әлемнің жетекші жоғары оқу орындарында, ғылыми орталықтары мен зертханаларында ғылыми тағылымдамадан өтуі кезінде жүзеге асырылады деп атап жазылған.

Қосымша білім беруде басшылыққа алатын негізгі нормативтік құжаттар:

  • Қазақстан Республикасы  2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңы;
    • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 14 маусымдағы № 228 «Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары түрлері қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы;
    • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 170 «Балаларға қосымша білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» бұйрығы;
    • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 219 «Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы;

— Мектеп Жарғысы;

— Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Ғылыми әдістемелік кеңесі ұсынған  «Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың 2021-2022 оқу жылындағы ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хат.

Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты — бәсекеге қабілетті маман дайындау. Қосымша білім берудегі ең негізгі мәселелердің бірі — шығармашыл тұлғаны дамыту және қалыптастыру. Қосымша білім беру — өскелең ұрпақты тәрбиелеу жүйесіндегі негізгі кезеңнің бірі. Оның жас ұрпақты тәрбиелеудегі рөлі өте зор. Еліміздің дарынды жастары қосымша өнер орталықтары  арқылы өмірге жолдама алады.

Бүгінгі таңда №48 мектеп-қосымша білім беру орталығы  қаламыздағы бірнеше білім беру мекемелерімен қауымдастықта бірлескен жұмыстар атқаруда. Білім мекемелерімен келісімшарттар жасалып, өзара тәжірибе алмасу үнемі жүргізіледі. Атап айтқанда, Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ, С.Аманжолов атындағы ШҚУ, ҚАЕУ, ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 45 бейімделген орта мектебі», ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Бейіндік мектебі», Оқушылар шығармашылық сарайы, Жас техниктер станциясымен, Назарбаев Зияткерлік мектебімен байланыс жасауда. Бұл байланыс білім берудің жай элементі емес, оқушының өмірлік өзін-өзі анықтауының түрлі салаларындағы негізгі құзыреттіліктерге қол жеткізуге септігін тигізетін білім берудің дербес көзі.

Балаларға қосымша білім беру – бұл негізгі білім беру аясынан тыс мотивацияланған білім беру, ол адамға таным мен шығармашылыққа деген тұрақты қажеттілік алуға, өзін барынша іске асыруға, пәндік, әлеуметтік, кәсіби, жекеше тұрғыда өзін-өзі анықтауға көмектеседі.

Қазіргі заманғы балаларға қосымша білім беру екі негізгі блокта көрініс табады: білім беру және мәдени-бос уақыт.

Егер бұрын мәдени-бос уақыт жұмысына мән берілсе, қазір мектеп білім аясында үнемі іске асырыла бермейтін салалардағы балалардың танымдық қызығушылықтары мен қажеттіліктерін қанағаттандырумен байланысты білім беру іс-әрекеті барынша кең көлем алып келеді. Осы ретте Университет оқытушылары жүргізетін «Интеллектум-логика», «Z-зертханасы», «Planet club» курстарының жұмысын атап өткен орынды. Себебі, мектебіміздің оқушылары мен түлектері аталған курстарға қатысу арқылы өз қызығушылықтарын қанағаттандырып қана қоймай, ҰБТ-дан жоғары балл жинап, пәндік олимпиадалардан жүлделі орындарға ие болды.

Қосымша білім беру курстарындағы балалардың қамтылуына салыстырмалы талдау төмендегіше көрініс табады: 2019-2020 оқу жылы  14 курс болса, мектебімізде 938 оқушының 621-і, яғни  66%; 2021-2022 оқу жылында курс саны 19-ға дейін артса, мектебіміздегі оқушы контингенті  1469 оқушының 1320, яғни – 89% құрайды; Қалған 11 пайыз даярлық топ оқушыларына тиесілі. Демек, мектебіміздің  1-11 сынып оқушылары 100 пайыз курстарға қатысуда.

Қосымша білім беру курстарының оқу бағдарламасына сәйкес, 2019-2022 оқу жылында апталық жүктеме 88 сағатты құраса, 2021-2022 оқу жылында мектебіміздегі оқушы санының артуы және қосымша білім беру курстарына оқушылар мен ата-аналардың  қызығушылықтарының артуына байланысты сағат саны екі есеге, яғни 175 сағатқа дейін өсті. Оқушы сұранысына сай курстар да оқу бағдарламасына  енгізілді.

Осы оқу жылындағы қосымша білім беру курстары екі бағыт бойынша жұмыс жасауда: математикалық-жаратылыстану (техникалық) және шығармашылық.

Қосымша білім беру бүгінде үздіксіз білім берудің өзекті толыққанды және қажетті компоненті болып табылады. Үздіксіз білім берудің мақсаты – адамды тұлға ретінде оның бүкіл өмірі бойында тұтас дамыту, оның тез өзгергіш әлемдегі еңбек және әлеуметтік бейімделу мүмкіндіктерін арттыру, оқушының қабілеттерін, оның талпыныстары мен мүмкіндіктерін дамыту. Үздіксіз білім беру жүйесіндегі балаларға қосымша білім беру балалардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруға және дамытуға, олардың зияткерлік, адамгершілік, физикалық жетілуге деген жеке қажеттіліктерін қанағаттандыруға, сондай-ақ олардың бос уақыттарын ұйымдастыруға бағытталған.

Сонымен қатар, мектебіміздің вокалистері, шахматшылары, бишілері мен домбырашылары қалалық, облыстық, республикалық сайыстар мен байқауларға қатысып, мектеп қоржынын айтарлықтай толықтыруда өз үлестерін қосуда. Слайдқа жетістіктер

Сонымен қатар, ағылшын тілін үйрену бойынша сұраныс өте жоғары. Қазіргі таңда 187 оқушы курсқа жазылған. Бұл жалпы оқушы санының 13 пайызын құрайды.

2019-2020 оқу жылында жүргізілген «ақындар мектебі» курсы бойынша оқушы шығармашылығын топтастырған жинақ кітап болып баспа бетінен шықса (Раисова кітабы и Жас толқынды слайдқа қосу), осы жылдан бастап әр ай сайын  шығатын мектепішілік газет – осы курс жұмысының тағы бір нәтижесі.

Ал, автомобильдік инжиниринг курсында оқушылар курсты тәмамдағанда жүргізуші куәлігін алуға мүмкіндік қарастырылған. Оқушылар осы курсты бітіруші құжатымен кәмелет жасқа толғанда тест тапсыру арқылы жүргізуші куәлігін алуына болады.

Әр курстың жеке ұзақ, қысқа мерзімді бағдарламасы бар. Курсқа үздіксіз қатысып, нәтижеге жеткен, курсты тәмамдаған кезде оқушыларға сертификат, диплом беру қарастырылған.

Қосымша білім берудің іс-әрекеті отбасымен, жұртшылықпен тығыз байланысты. Оны еш уақытта отбасынан, қоғамнан бөліп алуға болмас. Шығармашыл тұлғаның қалыптасуына педагог пен қатар отбасының ролі жоғары. Егер  отбасы дарынды баланы толық қолдамаса, онда баланың шығармашылық болашағы тоқтап қалуы әбден мүмкін. Міне, қосымша білімнің  үлкен тәрбиелік қызметі осында. Ол ішкі тәрбие процесін атқарып қана қоймайды, ата-анамен байланыс жасай отырып, оқушылармен  жүргізілетін тәрбие жұмысының мақсатқа бағыттылығын қамтамасыз етеді. Осы тұрғыдан қосымша білім беру — балалармен тәрбие жұмысын ұйымдастырып, жеке адамның дамуында және қалыптасуында әр түрлі факторлардың ықпалын үйлестіріп, біріктіреді.

Қоғам бізге тап қазір, жаһандану заманында, жан — жақты жетілген, рухани бай жаңа заман адамдарын тәрбиелеуді талап етіп отыр. Мектеп қабырғасында әр оқушының болашақтағы өз бағытын дұрыс белгілеп, саралай білуі үшін оларға берілетін білім өзегінде, өзіндік сана, көзқарас, дүниетаным мен сенім қалыптастыруда, сондай — ақ, қай ортаға болсын тез бейімделіп, жаңа ақпараттарды тез түсініп, қабылдау қабілеттілігін, іскерлік қасиетін дамытып, жеке тұлға етіп тәрбиелеудің орны ерекше. Оқушылардың қабілетін ашып, дамытуға жан-жақты жағдай жасағанда ғана мақсатқа қол жеткізуге болады.

Сөзімді қорыта келе, мектебіміздің осы жолдағы жинақтаған тәжірибесі, жұмыстары мен жетістіктерін саралай келе, қосымша білім беру курстарын  облысымыздың барлық білім беру мекемелерінде дамытып,  жұмыстар жүзеге асырылса деген ниеттеміз.

Пайдаланған әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасында балаларға қосымша білім беруді дамыту стратегиясы. Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы, Астана, 2015ж.

2. Е.О. Омар. Қазақстандағы мектептен тыс мекемелер: Қалыптасуы және дамуы.- Алматы: Рауан, 2003, 297 б.

3. Е.О. Омар. Қосымша білім беру ұйымдары тәрбие жұмыстарының негізі. – Түркістан; 2004, 248 б.

4. Үздіксіз тәрбиенің тұжырымдамасы. – Алматы РБК. 1998.-32 б.

5. От внешкольной работы к дополнительному образованию детей, — М.: Просвешение, 2003. 112 с

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype