+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Сейсенбi, 27 қазан 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 10 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Мектепалды даярлық тобында сабақты зерттеу әдісін енгізу

Шығыс Қазақстан облысы  білім  басқармасы, Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің №49 орта мектебі

Союз Алима, Заканова Гульжан Кыдырбековна мектепалды даярлық тәрбиешілері

Lesson Study – бұл сыныптағы іс-әрекеттегі зерттеу жұмысының ерекше түрі, ол мұғалімдер топтарының Lesson Study — ді бірлесіп жоспарлауын, оқуын, қадағалауын және талдауын көздейді. Lesson Study-дің тарихына көз жүгіртсек, бізге Жапониядан келген. АҚШ –қа бұл әдістемені «дзюгекенкью» деген жапон сөзін «Lesson Study» деп аударған Макота Йошида болды, бұл мектептегі оқуды жетілдірудегі жапондық тәсіл. 1970 жылдан бастап «Lesson Study» барлық жапон мектептерінде мұғалімдердің біліктілігін арттырудың негізгі тұғыры болып есептеле бастады.

Қазіргі уақытта педогог үшін өз білімдерін шындау, дамыту басты мақсат болып табылады. Себебі, білім бір орында тұрмайды, ол үздіксіз дамып отырады. Әр күн сайын біз жаңашыл , жаңалық оқып, көруімізге болады.Сол жаңалықтардың бірі- жаңаша тәсіл — LESSON STUDY деп аталады.

LESSON STUDY – мұғалімдер тәжірибесі саласындағы білім жетілдіруге бағытталған ынтамақтастық педогогикалық тәсіл. LESSON STUDY — ге жоспарлау, оқыту, қадағалау , оқыту мен оқуды талдау, өз қорытындыларын тұжырымдау құжаттарда бірлесіп жүзеге асыратын мұғалімдер тобы қатысады. LESSON STUDY – дің циклін өткізген соң мұғалімдер  педагогикклық тәсілдерді түрлендіріп немесе жетілдіріп , кейіннен ашық LESSON STUDY , таныстырылым өткізу, баспада жариялау арқылы әріптестеріне таратады.

 Lesson Study-ді қандай мақсатпен жүргізу қажет? Lesson Study тәсілі тиімді, себебі ол мұғалімдерге: әдеттегіге қарағанда балалардың білім алғандығының анағұрлым анық, әртүрлі қырларынан және егжей-тегжейлі дәлелін көруге; мұғалімнің пікірі бойынша балаларды оқыту барысында не болуға тиіс, ал шындығында жағдай қандай екендігі арасындағы айырмашылықты көруге; оқытуды нәтижесінде оқушылардың қажеттіліктерін барынша қанағаттандыратындай етіп қалай жоспарлау керектігін түсінуге; Lesson Study-ді басты мақсаты оқушыларға білім алуға көмектесу және топ мүшелерінің кәсіби дамуына ықпал ету болып табылатын мұғалімдердің желілік қоғамдастығы аясында іске асыруға Lesson Study мүмкіндіктерін өзінің педагогикалық тәжірибесінде қолдануға көмектеседі. Lesson Study: ол не, ол қалай және неліктен жұмыс істейді, оны кім қолданады деген сұрақтардың жауабын табуға болады.

           Lesson Study осы жүйеге сүйене отырып, мектебіміздің директорының басқаруымен, ұйымдастыруымен Шығыс Қазақстан облысы білім            басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№49 жалпы білім беретін мектебі» КММ мектепалды даярлық сабақтарына алғашқы зерттеу әдісін енгіздік. Lesson Study зерттеу сабағын алған мақсатымыз, сауат ашу сабағында ойын технологиясын тиімді пайдалану арқылы тәрбиеленушілердің мектепке бейімделуін зерттеу .

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы негізінде проблемалық қиындықтарды болдырмау үшін қолға алдық, атап айта кететін болсақ негізгі ұғымдарды есте сақтай алмау, түсінгендерін өз сөздерімен жеткізе алмау, қол маторикасының дұрыс дамымауы сияқты қиындықтар кездесіп жатады. Сондықтан біз LESSON STUDY тәсілін қолдануды жөн көрдік. Топ мүшелерін әр буынға бөле отырып әр  параллель топтармен бастадық. Мектепаалды даярлық сыныптарында  құрылған топты мектепте сабақты зеттеудің Lesson Study тәсілін іске асыруға арналған әдістемелік ресурстар жиынтығымен таныстық.

Сабақты зерттемес бұрын зерттеу тобы құрдық. Олардың біреуі сабақ берсе қалған төрт тәрбиеші А,В,С деңгейдегі оқушыларды бақылаушы ретінде зерттеді. Сабақты жоспарлауда назарға алынған тәрбиеленушілердің  деңгейіне сәйкес тапсырмалар кіріктірілді. LESSON STUDY зерттеу сабағымызда үлестірмелі материалдар, бейнежазбалар, А4, А3 қағаздары, маркерлер қолдандық. 

Сұрақтар, салыстыру, түйіндеу,ойын технологиясы арқылы сабағымызға әртүрлі әдіс- тәсілдер қолдандық. Атап айтқанда: жұмбақ зат, диалог, жұптық, топтық жұмыс жүргіздік.

  Әр баланың  жеке қабілеттері мен қажеттіліктерін ескере отырып, балаларды қызықты ойын түрінде тәрбиелеу, оқыту және дамыту үшін Lesson Study  зерттеу сабағымыздың алғашқы кезеңін өткіздік. Әр сыныптан «А», «В»,      « С» деңгейлі оқушыларды қамтып , «С» деңгейлі оқушыларға зерттеу жүргіздік. Бақылау, ойын жағдаяттарын құру, әңгімелесу, сұрақтар мен жауаптар алу барысында тәрбиеленушілерді зерттей бастадық, алғашқы сабағымыз сауат ашу негіздері болды. Енді сабағымыздың әр кезеңдеріне тоқтала кетсек ;

Ұйымдастыру кезеңінде, өткенді қайталау арқылы шаттық шеңберге тұрғызып,  өткен әріптерден сөздер айтып жарыстырдық онда «С» деңгейлі  оқушымыз сабаққа белсене қатысты, нақты сөздер айта алмаса да белсенділігі жақсы болды.

Әңгімелесу әдісінде аспан әлемі туралы айтылды онда оқушылар өз ойларын, аспан әлемі туралы білетіндіктерін айтты. «С» деңгейлі тәрбиеленушілер өз ойларын толық жеткізе алмады. Топтық жұмыс кезеңінде «С» деңгейлі тәрбиеленушілер өз тобындағы тәрбиеленушілермен бірлесіп жұмыс жасай алмады. «Кім тапқыр ?» ойынына қатысып белсенділік таныта білді.

Осы айналымдағы «С» деңгейлі тәрбиеленушілерге қолданған әдіс- тәсілдеріміздің тиімсіз тұстарын келесі сабаққа қолданбай, жаңа әдіс- тәсілдерді жоспарлаудамыз.

Lesson Study зерттеу сабақты өткізіп болған соң топ мүшелері талқыладық. Зерттеу нәтижелерін құжаттау мақсатында топ мүшелері ақылдаса келе, материалды жинақтауға файл папка арнауды шештік. Фотосуреттер мен бейне жазбаларды жұмыстың дәлелі ретінде компьютерде сақтауды ұйғардық. Lesson Study зерттеу сабағымыз келесі аптада  наурыз айында жалғасын табатын болды. Осы кезде тәрбиеленушілердің қол маторикасын дамытуға арналған әдіс- тәсілдерді көбірек қолдануды жөн көрдік.Соның ішінде монтессори әдіс-тәсілін кіргіземіз деп жоспарладық.          

Қолданылған әдебиеттер

  1. Абдраманова Ж.Б., Биярова С.Б.,Зейнолдина Г.Т., Lesson Study:өз сабағын зерттегісі келетіндер үшін әдістемелік ұсыным. –Астана : «Назарбаев Зияткер мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлікорталығы 2015.-53б
  2. Әлімов А. Интербелсенді әдістемені мектепте қолдану. Алматы, 2015.- 180 б.
  3. Мақала «Lesson Study» Назарбекова Ш.Қ.
Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype