+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Сейсенбi, 27 қазан 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 10 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Lesson Study ынтымақтастық педагогикалық тәсіл.

Сулейменова Айнур Жекеновна, Шығыс Қазақстан облысы  білім  басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің  «№49 жалпы білім беретін мектебі» КММ

Оқушыға нақты білім беруді мақсат тұтқан мұғалімнен өз сабақтарын оқушының идеясы мен білім-біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай ұйымдастыру талап етеді. Ол мұғалімнің кәсіптік құзыреттілігімен тікелей байланысты. Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі — оның жан-жақты білімінен, ұстаздық шеберлігімен, оқытудың жаңа әдістерін меңгеруімен және сол әдістерді тиімде пайдалануымен өлшенеді. Әрбір оқу пәні бойынша білім, білік, дағдыны ғана игеру оқушы құзыреттілігі үшін жеткіліксіз болып отыр. Мұғалімнің кәсіби білімін жетілдірудің ең бір тиімді әдісі бұл Lesson Study. Lesson Study — мұғалімдер тәжірибесі саласындағы білім жетілдіруге бағытталған ынтымақтастық педагогикалық тәсіл. Lesson Study – ге жоспарлау, оқыту, қадағалау, оқыту мен оқуды талдау, өз қорытындыларын тұжырымдап, құжаттарды бірлесіп жүзеге асыратын мұғалімдер тобы қатысады. Lesson Study -дің циклін өткізген соң мұғалімдер педагогикалық тәсілдерді түрлендіріп немесе жетілдіріп, кейіннен ашық Lesson study , таныстырылым өткізу, баспада жариялау арқылы әріптестеріне таратады. Біз өз мектебімізде Lesson Study циклін өткізу үшін зерттеу жұмыстарын жоспарлап, 1- сынып мұғалімдерінен топ құрып, жұмысты жоспарладық. Бұл зерттеу сабағын ұйымдастыруда Лессон Стади зерттеу сабағы бойынша нұсқаулықты және А. Әлімовтың «Интербелсенді әдістемені мектепте қолдану» атты оқу құралын басшылыққа алдық.

– Келесі қадам – осы сыныптардағы проблеманы анықтау болды. Мұғалімдер сабақтағы проблемаларын Лессон Стади бұрышына жазып, бірнеше проблемалар анықталды. Одан кейін зерттеуші топтың отырысы болды. Бұл отырыста осы бірнеше проблемадан ортақ проблема шығарылды.

Проблема:

  • Бастауыш сынып оқушыларының көпшілігінің сөздік қоры жұтаң
  •  сөз тіркестерін, сөйлем және мәтін құрауда дәрменсіздік танытады
  • ойын жүйелі түрде айтып (не жазып) бере алмайтындығы,
  • негізгі ұғымдарды есте сақтай алмайды;
  • оқушылардың сөйлеу мәдениеті төмен;
  • өз ойларын еркін жеткізе алмайды, ауызша сөйлеу дағдысының төмендігін байқауға болады

Сұрағы:

Оқушылардың байланыстыра сөйлеу дағдыларын қалай дамытуға болады?

Мақсаты — оқушыны сөйлеуге, яғни айтар ойын жеткізе білуге үйрету.

Міндеттері:

  1. Баланың сөздік қорын қалыптастыру, оны белсенді түрде байыту;
  2. Бала тілінің дыбыстық жағын жетілдіру, мәнерлі де мәдениетті сөйлеуін тәрбиелеу;
  3. Тілдің грамматикалық жағын қалыптастыру, грамматикалық формалардан ауытқымай сөйлеуге машықтандыру;
  4. Ауызекі сөйлеу тілінің қалыптасып, дамытылуын іске асыру;
  5. Өз ойын монологты түрде байланыстыра жеткізе білуге үйрету;
  6. Көркем сөзге баулу;
  7. Сауаттылыққа үйрету.

Тіл дамытуда мынадай тілдік материалдарды пайдалануға болады:

а) Тіл дамыту жұмыстарын көркем-әдеби үлгілермен емес, таза «бала тілін» бақылау арқылы жүргізу.

ә) Тіл дамытуда газет-журналдардың, ресми іс-қағаздардың тілін пайдалану.

б) Тіл дамытуда көркем-әдебиет тілінен үлгі алу.

Әдіс-тәсіл:   Ойын-жаттығу

  1. Ойын-жаттығу баланың жасына сай болуы керек.
  2. Ойын-жаттығу негізінен сөйлесімнен құрылуы керек. Яғни, ойынның негізі саналатын тілдік жағдай сөйлеу әрекетін туғызатын болуы керек.
  3. Тілдік қатысымды жүзеге асыратын сөйлеу нәтижесіне ойнау нәтижесі қосылу керек.
  4. Ойын-жаттығу ұжымдық болады, бала ойында өзі қалған рөлді таңдай алуы керек.
  5. Ойын-жаттығу баланың ауызша сөйлеу дағдысын, сөйлей білуін нақтылы сөйлеу әрекеттері арқылы жүзеге асу жағдайын белгілеу керек. Бұл әдісте білім мен ойын сабақта елеусіз байланысады да, ойында, сабақта бала өзін еркін ұстайды

Мына   ойын түрлері баланың сөйлеу тілін дамытуда жақсы нәтиже береді: «Жануарлар сөйлейді», «Мозайка», «Екі әріп», «Қара жәшік», «Сұрақтар жаңбыры», «Суретті әңгімеле» т.б.

Мұғалімдер менпсихолог мамандар бірігіп, бақыланатын оқушылырды анықтадық. Мұнда А оқушысы – сабақты жақсы оқиды, бірақ өзіндегі ақпаратпен бөліспейді. В оқушысы – сабақта үлгерімі ортадан жоғары, мінезі тұйық, бірақ ұқыпты, белсенділік танытпайды, тек сұрағанда ғана жауап беретін оқушы. Ал С оқушысы – деңгейі төмен, сабаққа қызығушылығы жоқ, сылтау тауып сабақтан қалуға тырысып отыратын оқушы.

Сабақты жоспарлауда Пит Дадли әдісі бойынша сабақ жоспарын бірлесе жасауды шештік.

Сабақты бақылау әдісі ретінде хронологиялық әдісті таңдадық. Талдау әдісін SNV түрінде жүргізуді жөн көрдік.

– Проблеманы шешу үшін «Оқушылардың тыңдалым, айтылым дағдыларын  қалай қалыптастыруға болады?», «Ол үшін қалай жұмыс жасаймыз?», « Қандай әдіс-тәсілді қолданамыз?» – деген сұрақтар айналасында талқылау жасалынды. Осы талқылаудағы ұсыныстарды ескере отырып, №1 зерттеу сабағының жоспарын бірлесе жасадық.

1 «В» сыныбының мұғалімі Сулейменова А.Ж. №1 зерттеу сабағының жоспарын талқыладық та, талқылау барысында тағы да ұсыныстар айтылды. Осы ұсыныстарды ескеріп, қайта жоспарладық. Біз бұнда айтылым дағдысын қалыптастыруды басты назарда ұстадық.

– Осы соңғы жоспар бойынша сабақ өтілді, оқушыларға бақылау жүргізілді.

– Зерттеу сабағының оқушыларға әсерін білу үшін, бақылаудағы оқушылардан сұхбат алынды.

– №1 зерттеу сабағыны талдау жүргізілді, бақылаудағы оқушылардың іс-әрекеті талданып, сабақтың сәтті, сәтсіз тұстарын анықтадық та, сәтсіз тұстары бойынша қайта жоспарлап, зерттелетін №2 зерттеу сабағының жоспарын бірлесе құрдық. Әрине, мұнда «оқушы үнін» ескеріп отырдық.

– Осы қадамдар бойынша №3 зерттеу сабағын да бірлесе жоспарлап, №2 зерттеу сабағының сәтсіз тұстарын ескеріп, қайта жоспарлап өткіздік.

№1 зерттеу сабағы әліппе сабағында: Сабақтың тақырыбы: «Ш дыбысы мен әрпі» болды. Оқушыларға «Мозайка» әдісі бойынша сурет таратылды, тапсырма сурет бойынша мәтін құрау болды. Нәтижеде, А оқушысы – өз деңгейінде жауап берді, ал В оқушысы – мәтін құрай алды. С оқушысы – өз ойын бір сөйлем түрінде жеткізді. Оқушылар сурет бойынша мәтін құрауда қиналды. Көбіне бір сөйлем түрінде құрады. Сұрақтарға жауап бергенде де қысқаша жауап түрінде болды.

№2 зерттеу сабағына тоқталсақ, зерттеу сабағы әліппе пәнінен 1 «Е» сыныбында  болды. Сабақтың тақырыбы: «Ұ дыбысы мен әрпі» болды. Қыстаубаева Г.Т. де сабағында осы ұсыныстарды ескеріп сабақ жоспарын жоспарладық. Жоспарды зерттеу тобында тағы да талқылап, қайта жоспарлап, соңғы жоспар бойынша сабақ өткізілді. Оқушылар бақыланды. Сабақта оқушылар бірін-бірі тыңдап, қызығушылықпен жұмыс жасады. Бұл сабақта оқушыларда ой еркіндігі пайда болып, ойларын дұрыс тұжырымдар айтуға тырысты. Мәтінмен жұмыс жасағанда мұғалімнің үлгі ретіндегі құраған мәтінінен кейін балалар дұрыс мәтін құрауға біраз болсын төселіп қалды, бұл әдістің  тиімділігін байқадық. А оқушысы –ынтымақтаса жұмыс жасаса, В оқушысында белсенділік пайда болып, қолын көтеріп сабаққа қызыға қатыса бастағанын байқадық. Сол сияқты С оқушысының да сабаққа қызығушылығы оянып, сабаққа қатыса бастағаны сабағымыздың сәтті жағы болса, сәтсіз тұстарына (деңгейлері әртүрлі) деңгейі жоғары оқушы көшбасшылықты өз қолына алып кеткені, мәтіннің мазмұнын айтуда С оқушысы ойын жеткізе алмағанын айтуға болады. Осы сәтсіз жақтарын келесі сабақта қарастыру қажеттігін білдік.

Келесі тізбектелген сабақтар топтамасында өткен сабақтардағы олқылықтармен жұмыс жасалғандықтан, оқушылардың қызығушылығын арттырдық, сұрақтарға толық жауап беруге төселініп қалды. Мәтінді сурет бойынша құрауға дағдыланып қалды. А оқушысы – жұпта, топта жұмыс жасап, өзіндегі ақпаратпен бөлісуді үйренді. В оқушысында белсенділік пайда болып, ойын қысылмай еркін айтуға үйренді. Ал С оқушысының сабаққа қызығушылығы оянды. Жалпы, осы үш сабақты қорытындыласақ, сабақтардан байқағанымыз оқушыға жай ғана мәтін құрау тапсырмасын беріп қана қоймай, тыңдалым, айтылым дағдысын қалыптастыратын әдістерді таңдай білу қажеттігін түсіндік. «Әр бала – жұлдыз» – демекші әр оқушыға өз деңгейінде білім қалыптастыру үшін бір циклмен шектелмей, келесі циклдарды ұйымдастыру қажеттігін түсіндік.

Сонымен, L.S. зерттеу сабағының тиімділігі:

  • Мұғалімдер арасында кәсіби диалогты қалыптастырып, дамытады.
  • Ұжымдық мәдениетті қалыптастырады.
  • Мұғалімдердің назарын оқушылардың білім қажеттіліктеріне аударады.
  • Бағдарламаны, ғылыми тұжырымдамаларды терең түсінуге көмектеседі.
  • Мұғалімдер кәсіби педагогикалық білімін дамытады.
  • Мұғалімдер сабақты бақылау және кері байланыс беру дағдыларын қалыптастырады.
  • Мұғалімдер білімнің ғылыми мағынасын түсінеді және зерттеушілерге айналады.
  • Оқушының оқуы жақсарады.
  • Функционалдық сауаттылығы дамиды.
  • Қоғамға қажетті тұлға болып қалыптасады.

Біздің бұрынғы тәжірибемізде сабақ жоспарын бірігіп құру, сабақты бірігіп зерттеу, проблемаларды бірігіп шешу деген болмаған еді. Лессон Стади мұғалімдердің кәсіби біліктілігін көтерудің, білімін жетілдірудің, тәжірибе алмасудың оңтайлы әдісі екеніне көз жеткіздік. Оқушы сабақты жақсы меңгеруі үшін бірнеше сабақ бойы түрлі әдістерді қолданып, бақылап, зерттеп, соңында тиімді әдісті анықтау арқылы жетістіккке жетуге болатынын түсіндік.

Лессон Стади оқушыға саналы білім беруді көздеген, бір мақсатқа жұмылған ұстаздар шеберханасы деп айтсақ, артық айтпаған болар едік.

К. Ушинский: «Мұғалім – өзінің білімін үздіксіз жетілдіріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқанда, оның мұғалімдігі де жойылады» дегендей ізденісімізді тоқтатпайық.

Қолданылған әдебиеттер:

1. Абдраманова Ж.Б., Биярова С.Б., Зейнолдина Г.Т. Lesson Study: өз сабағын зерттегісі келетіндер үшін: әдістемелік ұсыным. – Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2015. – 52 б.

2. Әлімов А. Интербелсенді әдістемені мектепте қолдану. – Алматы, 2015. – 180 б.

3. Lesson Study: нұсқаулық Пит Дадли

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype