Кусаинова Жанат Аймухамбетовна, көркем еңбек пәні мұғалімі, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы білім бөлімінің «Шоқан Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейі» КММ.
«Ұстаздық –ұлы қызмет» деген Бауыржан Момышұлы сөзі әр адамның жүрегіне жол табары анық. Ұстаз орнын ешбір техника ауыстыра алмайды. Ол жанды тұлға бала жанының бағбаны. Ұстаз жүрегі ол еліне деген сүйіспеншілігі шексіз мейірімді үлкен жүрек. Ұстаз жолы сабырлылықпен, шыдамдылықпен, қайтпас қайсарлықпен атқарылатын ұзақ жылдар бойғы қажырлы еңбек. Мемлекетіміздің өсіп өркендеуге, бәсекеге қаблетті болуды арттырудың ең басты нәрі-ұстаз берген білімде. Ұстаз болу жүректілікті қажет етеді. Бұл еңбектің өлшемін ешкім ешқашан нақты бере алмайды, өйткені өлшемнің нақты бағасы ұстаз алдынан өткен әрбір шәкірттің жүрегінде қалады. Ал мұндай танымы мол, саяси-экономикалық, психологиялық, педагогикалық білімі мен өз пәні бойынша білімі терең әрі тиянақты ұстазға беріледі. Қазіргі қоғамдағы мұғалімнің ролі білім беру жүйесінде оқытудың озық технологияларын меңгерген шеберлігі жоғары, білімді әрі шығармашыл, интеллектуальды, кәсіптік бағдар беруші, психолог, рухани адамгершілігі мол, өзін-өзі дамытып отыратын ұйымдастырушы. Мен де өз заманының ағысын қалып кетпей осындай бағаға лайықты болу үшін іздене отырып еңбек етіп жатқан ұстаздардың бірімін, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы білім бөлімінің «Шоқан Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейі» КММ -да жиырма жеті жыл бойы көркем еңбек пәнінен дәріс бере сынып жетекшілік қызметті де атқардым. Дәріс беруден, балаға үйретуден зерігіп кеткен уақытым болған емес екен, тіпті шаршап қиналған сәттерде де оқушыларым алдымнан жүгіріп шыққан кезде кіршіксіз мейіріміне бөлене бересің. Мектепке кіргеннен-ақ, өзімнің мазалаған ойлардан арылып, шәкіртерімннің тәтті қылықтарымен әдемі жүздерімен шаттанамын. Мамандығым менің таңдауым емес, менің қалауым. Қолөнер әсемділікке талпындырып, халқымыздың мұрасын қадірлеп, дәстүрді сыйлауға тәрбиелейді. Мен оқушыларыма қолданбалы өнердің тігу, тоқу, киіз басу, кестелеу, дизайнерлік және бейнелеу өнерінің ләззатын жеткізуге тырысамын. «Бала жүрегі-кішкентай күй сандыққа ұқсайды. Сол сандықтың кілтін тапсаң ашылады, мұғалімнің қолында әр кезде сол кілт тұру керек»-деп М.Шаханов ағамыз айтқандай, әр баланың жүрегіне жол табу, бала бойындағы дарынды ашу мұғалімнің ең басты міндеті деп ойлаймын. Ақпарат көздерін қолдану, шығармашылықпен ізденуге бағыт-бағдар беру арқылы оқушының пәнге қызығушылығын артыруға интерактивті әдістерді қолданамын. Қазіргі қоғамдағы мұғалімнің ролі өзінің шеберлігін үнемі арттарып отырады, өзінің жетістіктері мен кемшіліктерін баға бере әлсіз тұстарын жетілдіріп үнемі шығармашылық ізденісте болады. Мұғалім өзін-өзі шығармашылықпен дамытуға үйрету жаңаша білім берудің тірегі. Бүгінгі ұстаз күнделікті болып жатқан өзгерістерге тез бейімделіп, жаңа білімдерді де жылдам игеріп кетуі керек. Өйткені заман талабы осы. «Адамдықтың басты қасиеті-өнер, білімге ұмтылу» деген ұлы Абай атамыз. Мен де өз заман талабына сай жаңашыл ұстаздардың бірімін, сонымен қатар ұстаздар бәсекеге қабілетті топтың алды болуы тиіс. Қазақстан Республикасы педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында үшінші (базалық) деңгей бағдарламасы және жанартылған бағдарлама курстарын аяқтадым. Жеке тұлғаның бәсекеге қаблеті ұрпақты шығармашылықпен жұмыс істеуге, өз ойын жеткізе білуге, сыни ойлауға, коммуникабельді және ынтымақтастықта, білім сапасын дамытуға, ұжыммен, топпен, жекелей жұмыс істеуге тәрбелеудемін. Оқушыларды пәнді терең түсінуге, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалануларына ықпал жасай, өз ісінің нәтижесін көруге үйрете, түрлі жарыс, олимпиада, көрмеге қатыстырып жүлделі орындар алумен, білімдерін шыңдаудамын. Сабақтарымда, сынып сағатында мен ата-аналар жиналысында әдіс-тәсілдерді ықпалдастыра өткізіп, қалалық, облыстық, республикалық семинар мен конференцияларда өз іс тәжірибесімен үнемі бөлісіп отырамын. Менің ұстанымын үнемі ізденісте болу, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртерінің жанына нұр себу. Осының дәлелі ретінде «Үздік сынып» байқауының рухани-адамгершілік тәрбие сағаты бойынша-ІІ-орын, «Ең үздік сынып жетекші»- жыл ІІ орын; Шымкент қаласында ІІ Халықаралық – 10 тамыз 2016 жылы «Ең Зияткер Ұстаз-2016” – ІІІ орын және қола иегері. 2017 жыл көлемінде қатысып Алматы қаласында өткізілген ІІІ Республикалық «Ең үдік 20 мұғалім» сайысының жеңімпазы, “Ұстаз мерейімі”-степендиясы мен “Ұлағатты ұстаз”-номинациясы иегерімен марапатталдым. «Оқушылардың шығармашылық жұмыс істеу қаблетін ашу», «Бала жанының бағбаны», шығармашылық жұмыстарым т.б. мақалаларым республикалық, халықаралық басылымдарда жарық көрді. Ұлттық Интернет Олимпиада (қашықтық олимпиада) – І,ІІ,ІІІ Дәрежелі Дипломмен марапатталып 2019-2020 оқу жылында «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық сайысына қатысып, «Кәсіби шеберлік» көрсетені үшін грамотамен марапатталып және «Қазақстанның тәуелсіздік шежіресі» кітабын сыйлығына ие болдым. 2019-2020 оқу жылында «Жүн және киізден бұйымдар жасау технологиясы» атты әдістемелік құралымды жасадым. Сонымен бірге Халықаралық «II Global teachinq» форумы конкурсына қатысып Диплом, стипендия иегері (желтоқсан 2019жыл). «NIO» республикалық ұлттық интернет олимпиада І, ІІ,ІІІ дәрежелі Дипломдармен марапатталып, жеткен жетістігінде тоқтап қалмай, алға жылжуы қажет, себебі мұғалімнің жұмысы шығармашылықтың қайнар көзі болып табылады. Өз іс – тәжірибемді халықаралық, республикалық, облыстық, деңгейіндегі баспасөз беттеріне таратып, бөлісудемін. Ұстаз- білім мен ғылымның жемісінің дәмін таттыратын, армансызға арман ұялатып, қанатсызға дарын қанатын бітіретін ғажайып күш иесі. Қасиетті мамандық иелерінің ішіндегі жауһары дер едім. Өзге мамандық атауларын мың құбылтып өзгертіп жатсада, еш өзгеріссіз сол баяғы қалпында ұрпаққа адамгершілік қасиетердің дәнін екен диқаншы.
Ұстаз-оқушыдан талап ете отырып, білімнің теңізінен маржан тергізу. Ұстаздың негізгі құралы -сабақ.Оқушы сабағыңнан жалықпау керек. Азық беру және шынай болу менің басты мақсатым. Шәкірті өзінен озған озған ұстаз-еңбегі ақталған ұстаз. Себебі өмірдің заңы даму, ілгерлеу, озу. Өзінен озған шәкірт тәрбиелеген ұстаз үздіксіз ізденімпаз, қоғам сұранысына сай білімді, өзін-өзі жетілдіріп отыратын шығармашыл, оқушы пікірімен санасатын, шәкірт куанышын, табысын бағалай алатын жан. Жан-Жак Руссоның нақыл сөзімен айтсам «Ұстаз болу-өз уақытыңды аямау, басқаның бақытын аялау». Дарынды балалармен жұмыс жасай отырып оқушы жетістіктерін мақтан етемін. Оқушыларым қалалық, облыстық, республикалық сайыстардың жеңімпаздары, ғылыми жоба сайыстарына қатысып қалалық, облыстық, республикалық жүлделі орын иегерлері. «Табиғатты аяла» атты қалалық, республикалық сайыстан 1 орын иегерлері Құрманғалиева А, Мауытханова А-10сынып-2018жыл, «Тәуелсіздік шапағаты» атты қалалық көрме Айткәрім Фатима-5 сынып- Бас жүлде, Нургалиева Анар-10 сынып-1 орын, Аязбекова Аяжан- 7сынып-1 орын, «Жас шеберлер» қалалық сайысы Қасенова Дильназ 2018жыл 3-орын, «Алтын қазына» қалалық көрме Мельтаева Ұлжан- 8 сынып 2019ж Мадақтама 1-орын, Икласова К-8 сынып 2019жыл, Мадақтама 2-орын «Шеберлер қаласы: ата-бабаларымыздың мұрасын сақтаймыз және көбейтеміз» Әбдухай Ақбота-8 сынып 2020ж қалалық көрме Мадақтама 3 орын, Дипломдармен марапатталды.
Ұстаз тұлғаның белсенділігін бірте-бірте күрделенген міндеттерді шешуші, сол арқылы оның рухани өсуіне ықпал жасаушы. Көркем еңбек пәні білім саласы бойынша математика, физика, химия, биология ғылыми бағыттарды жинайтын білім бағыты. Бүгінде әрбір оқушыны оқытып, тәрбиелеуге байланысты берілген мәселелерді өздігінен шығармашылықпен шешу үшін бәсекеге қабілетті ұстаз болу керек, ұстаздың міндеті жеке тұлғаны қалыптастыруда шәкірт бойына білімді сіңіру деп ойлаймын. Егер дұрыс білім алған баланың ойында оқытушының сабақ түсіргендігі неше жыл бойы сақталуы-онда ол нағыз ұстаздан білім алғаны деп білемін.
Елімізде болып жатқан төтенше жағдай кезіндеде қашықтан оқытуды форматымен білім бере отырып, біліктілігімізді арттыра мүмкіндіктерге қол жеткізе білдік. Онлайн курстары отандық ұстаздар үшін өте тиімді және пайдалы болды. Қашықтан оқытудың ерекшеліктері, түрлерін,онлайн сабақтарды оқу үдірісіне жоспарлауды, оқу жетістігін бағалауды үйрене заман талабына сай өз үлесімді қосудамын. Білім беруде ақпарттық технологияларды меңгере, фунукционалдық сауаттылық шеңберін кеңейте, әртүрлі платформаларды және оқу үдірісі кезінде қызықты әдіс -тәсілдерді қолдандым. Бұл дегеніміз оқушының жеке танымдылық қызметінің артуына, яғни ақпаратпен алмасу және жіберу оқушылардың нәтижелі білім алуына ықпал жасау. Осы кезеңдерде ашық сабақтар мен сынып сағаттарын өткізе оқушы танымдылығын арттырып, қалалық, республикалық қашықтан сайыстарға қатыстыра жүлдері орындарға ие болды, оның дәлелі 2020ж қалалық көрме Мадақтама 3 орын, Айткәрім Фатима -7А 2021ж, Ұлы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған қалалық «Алтын қазына»- Габдуллина Акбота- 9Г 2021ж -3 орын Грамота, Базен Мадина-7В 2021ж Республикалық «BILIMBULAQ.RZ» «Қолөнер»-байқау 1 Дәрежелі Диплом, Болатбекова Аруна 7сынып оқушылары Республикалық қашықтық көркем еңбек пәні бойынша олимпиадаға қатысып 2 дәрежелі диплом, Республикалық блиц-турнирден Базен Дарья-7 сынып, Рамазанова Меруерт-7 Б- 2 Дәрежелі Диплом, Жармухамбетова Айзере-7 А Дәрежелі Дипломмен марапатталды. «Шебердің қолы ортақ» Республикалық шығармашылық байқаудан Айткәрім Фатиам, Сейтқан Іңкар, Жумашева Камилла-1 Дәрежелі Дипломмен иеленді, Республикалық «BILIMBULAQ.RZ» «Қолөнер»-байқау-Базен Мадина-7В-1 Дәрежелі Диплом, Рустемова Малика-9Г-1 дәрежелі Диплом, Мырзағалиева Инабат-5В-2 Дәрежелі Диплом, Базен Мадина-7 В «Daryn.asia»- халықаралық «Қолөнері»-байқау-2 Дәрежелі Диплом, Болатбекова Аруна-7 А «Daryn.asia»- халықаралық «Үздік ғылыми жоба-2021»-байқау- 1Дәрежелі Дипломдармен марапатталды.
Өйткені ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды. «Адамның адамшылығы- жақсы ұстаздан» деп ұлы Абай айтқандай, мұғалім тәрбиесі мен өнегесі оқушының болашақ азығы. Жақсы ұстазға кезігіп, тәлім-тәрбие алған шәкірт өмір майданында мойымай күресіп, болашақ жолдарда бағытынан таймасы анық. Осы білім ордасында көркем еңбек пәнінен білім берумен бірге үш буынға сынып жетекшілікті қоса атқардым Сынып жетекшілік қызметімді жеті модульді ықпалдастыра сынып сағаттары мен ата-аналар оқуы, сайыстар мен ашық сабақтар өткіздім. Сынып оқушылары ұйымшылдықпен, ата-аналар барлық сыныппен өтетін іс-шараларға белсенділікпен қатысып отырды. Оқушыларды ата-ананы құрметтеуге, салауатты өмір салтын ұстануға, ұйымшылдыққа, сыйластыққа, татулық пен бауырмалдыққа, өзімшіл болмай, қиындықтан қашпайтын, адамгершілік, ұлттық сана сезімді бала бойына сіңіре танымдық-тәрбиелік маңызы әр түрлі іс-шаралар өткіздім. Менің сынып жетекшіліктегі ұстаным ата-ана оқушымен тәрбиелік шараларды бірге өткізу, себебі ата-ана баласымен бірге берілген тапсырмаларды орындайды, ойындарға қатысады, бейнефильмдер көру арқылы ойларын ортаға салып, кемшіліктерді түзетуге ой салу арқылы түйткіл нәрселерді бірігіп шешу. Бітірген шәкірттерім әр маман иесі болып жұмыс атқаруда. Шәкірттерім білім алған ордасына келіп өз тәжірибелерімен бөлісіп, оқушылырымен кездесіп отырады.
«Қазақтың тағдыры келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді таза, берік һәм өз жанымызға «қазақ жанына» үйлесетін негізде құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады» деген Мағжан Жұмабаев.
XXI ғасыр ғылым мен білімнің қарыштап дамыған ғасыры, бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәліметтер беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, қатаң бәсеке жағдайында өмір сүріп, еңбек етуге дайындайды. Менің ұстанымын үнемі ізденісте болу, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртерінің жанына нұр себу. Биылғы оқу жылы Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігі ғылыми кешенді сараптау орталығының жетекшілігімен өткізілген оқулықтар мен оқу -әдістемелік кешендерді басып шығару тобында сарапшы болып, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі атына және жаңартылған мазмұнды шыққанға дейінгі қадағалау жұмыстарына қосқан үлесі үшін «Алғыс хат»- иегері болдым. Халықаралық оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдарды бағалау бойынша сарапшы даярлау курсын аяқтадым. Жеткен жетістігінде тоқтап қалмай, алға жылжуы қажет, себебі мұғалімнің жұмысы шығармашылықтың қайнар көзі болып табылады. «Ұстаз жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі, мейілінше шешен, өнер — білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ, жұрттың бәріне жақсылық пен ізгілік көрсетіп қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл ержүрек болуы керек»,- деген Әл Фараби.
Ұстаз өз ісінің маманы, қазіргі қоғамдағы мұғалім ролін таныта білу бүгінгі күн талабы деп ойлаймын.