+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Сәрсенбi, 28 қазан 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 10 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру жолдары

Терликбаева Гульназ Болатбеккызы, тәрбиеші, «Жасұлан» бөбекжай» КМҚК, Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы,

Тұғыл ауылы.

Қазіргі кезде білім беру салаларында оқыту мазмұны жаңартылып, оқыту мен тәрбиелеуді дамытудың жаңа мүмкіндіктері ашылуда. Оқыту барысында баланың ақыл-ойын, таным деңгейін дамытуда ойынның алатын орны ерекше.

           Танымдық іс-әрекет адам өміріндегі үрдістен қалыптасады. Бала дайын ақыл-оймен, танып-білуге дайын қабілетпен тумайды. Ол осы материалды тез қабылдайды. Оның бұл материалға деген таным көмегінен туатын немесе қолданушылық қызығушылығынан туғанда ғана жеңіл салыстырмалы түрде тез меңгереді.

          Мектепке дейінгі білім берудің басындағы басты мәселе болып олардың оқуға деген мотивациялық дайындығының жетіспеуі, осыдан оқуға деген тұрақты қызығушылығының жоқтығынан көрінеді.

          Дамыту ойындарында балаға әдейі қиын жағдайларды тудырады, ол одан шығар жолды таба білу керек. Сол арқылы бала ойлау қабілетін артырады. Дамыту ойындары баланың бойындағы өзін-өзі ұстау және жинақылыққа үйретеді. Бұндай ойындардың шарттары бала басқалардың ойындағы қателігін көріп, өзі жақсы ойнай бастайды. Ақырындап ол дұрыс ойнап, ұстамды болып, әдептілік нормаларын ұғынады.

Дамыту ойынның екі аспектісі бар:

1. Танымдық – баланы неге үйреткеніміз келеді, ол үшін қандай тәсілдер қарстырамыз.

2. Тәрбиелік – әріптестіктің түрі, балаға үйрететін басқа адамдармен қарым-қатынас жасау формасы.

Дамыту (жетілдіруші) ойынның мақсаты: нақты білім беру емес, белгілі бір психологиялық қасиеттерді дамыту.

Қорытынды: Дамыту ойынында баланың еске сақтау қабілетін арттыру, ойлау қабілетінің жұмыс істеу және т.б., сондай-ақ белгілі бір әрекеттер жасау қажеттілігі, салыстыру, жалпылау, көрген-білгеніне жауап беру және сөйлеу қабілетінің қалыптасуы.

        Көптеген тәрбиелік әрекеттерден және баланы өзіне қарату үшін қорғағыштық, көңілдік, таңқаларлық және де аяушылық қасиеттерін талдап едім. Эмоционалдық тәрбиенің негізінде баланың қызығушылығын арттыру, оның икемділігі. Мысалы, Нұраманға  құстар қызықтырады: оның көп түрлілігі және ішкі түрі. Ата-аналарға «3 сұрақтың моделі» атты жобада қатысу деген ұсыныс. Біз барлық балалармен қызықты ақпарат жинай бастадық. Ақерке ертегілерді ұнатады – кең үлгіні «Теремок білімі» оның күнделікті қызығушылығы артты. Танымдық қызығушылық шарты балаларда әрине қалыптаса бастайды. Ерназ бен Айдананың әнге деген қызығушылықтары оянды, олар әнге, дыбысқа, өте оңай бейімделеді. Ал Айзере үй өсімдіктерін қорғағанды ұнатады. Әлихан мен Әмірхан сурет салғанды қалайды. Оларды әр түрлі түстер қызықтырады.

      Әр балаға деген жеке қатынас тәсілі өте маңызды..

Оқу барысы өзіне көп назар аударғанды талап етеді. К.Д. Ушинский назар аударуды «Қоршаған ортаға деген қақпа» — деді. Назар аудару оқу барысына танымдық қызығушылықты арттырады. Баланың білімділігін арттыру үшін жұмбақ жағдайды да қолданады. Бірақ балалардың танымдық қызығушылыққа деген қызығуы кей жағдайда жоғалады, сондықтан мен бір бағыттық жаттығулар.

Басты шарт оның динамикалық білімді және дамытушы ойындарды жалғастыру болып табылады. Дамытушы ойындар арқылы баланың қызығушылығын арттыру, балаларды ойлануға әкеп соқтырады. Ой елегінен өткізу жұмбақтарды шешкізуге болады.

     Дидактикалық ойындар арқылы балалардың білім алуға, оқуға қызықтыра отырып,тұлға дамуын қалыптастыруға болады. Мазмұны бойынша барлық дидактикалық ойындар балабақша бүлдіршіндерінің ақыл-ой белсенділігін қалыптастырудың мазмұнды құралы бола отырып, олардың бағдарлама материалының негізгі тақырыптары бойынша алған білімдерін тереңдете түсуді, әрі пысықтауды көздейді. Дидактикалық ойындар балабақша бүлдіршіндердің сабақ үстіндегі жұмысын түрлендіре түседі. Себебі,ойын-оқу, еңбек іс-әрекеттермен бірге балалардың өмір сүруіне маңызды бір түрі. Балалармен жұмысында деңгейлік дидактикалық ойындар көп орын алады. Оларды әр оқу іс-әрекетінде және балалардың өз бетінше жұмыс істегенінде қолданамын. Мен өз тәжірибемде мынандай ойын түрлерін пайдаланамын.

Қимылды ойын: «Кім шапшаң»

Оқу қызметінде ойын түрлері жас ерекшелігіне байланысты қолданылады.Тәрбиеші баланы қызықтырып қоймай,бес саланы білім берудің негізгі құндылығы деп түсінсе ғана өз мақсатына жете алады.Жақсы ойын жақсы жұмыс сияқты да,жаман ойын жаман ойын секілді деген баланың қуанышы да,реніші де ойын арқылы байқалады. Өте ертеден –ақ психолгтар,педогогтар.Мектеп жасына дейінгі жасты ойын жасы деп атайды.Әрине бұл кездейсоқ емес бала не нәрсемен айналысып отырсада,оны ойын деп атайды.

Дидактикалық ойын: «Ертегі кейіпкерлерін тап!»

Ойын түрлерін балалардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес түрлендіре отырып, жаңа тақырыпты өткенде, өтілген материалды қайталағанда, білімді тиянақтау және тексеру кезінде, оқу қызыметінің кез-келген сәтінде оқыту әдісінің құралы ретінде пайдалануға болады.

Мектеке дейінгі ұйымдарда дидактикалық ойын түрлерін пайдалану, біріншіден,балалардың білімін берік меңгерту құралы болса, екіншіден, балалардың оқу қызыметіне деген қызығушылығын, белсенділігін арттырып, білім сапасын көтеру болып табылады, үшіншіден балалардың танымдық процестерінің одан әрі дамуына көмектеседі.

      Ойын баланың алдынғы өмірі есігін ашып оның шығармашылық қабілетін оятып бүкіл өмірімен ұштаса береді.

Әрбір тәрбиеленушіге-сапалы да терең білім бере отырып, олардың үнемі жарық жұлдыз болып жанып өз ана тілімізде таза сөйлеп, оның жанашыры болатынына,сөздік қоры мол өз елінің бәсекеге қабілетті азаматы бола алатынын сенімім мол. Осы бүлдіршіндердің жұлдыз болып жануы үшін ауыр да қиын еңбек жолындағы педагог ретінде ұстанымын.

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype