+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Сәрсенбi, 28 қазан 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 10 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫНЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ 

Калдаева Г.С.,  «№26 орта мектебі» КММ-нің бастауыш сынып  мұғалімі, Өскемен қаласы, Шығыс Қазақстан облысы

Мектеп — үйрететін орта, оның жүрегі — мұғалім. Оқушының бойына білім нәрін дарытуға көмек беретін функционалдық сауаттылық мұғалім бойында да болуы тиіс. Барлық елде балаға білім беру ерекше орын алып келеді. Балалардың ойлау қабілетін дамытуға, байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуге оқушыларды тәрбиелеу мұғалімдердің басты борышы. Мұғалім сабақты түрлендіріп, өмірмен байланыстырып өтуінде, пәндік білімдеріне, ептіліктеріне және сауаттылығына сүйене отырып, оқу пәндері арқылы, оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру негізінде жүзеге асады. 

      Оқушылардың функционалдық сауаттылығы ең алдымен үйден, отбасынан басталады. Өйткені, ата – аналардың балаларды оқытуы және тәрбиелеуі ұлттық жоспарда функционалдық сауаттылықтың негізгі тетіктерінің (механизмдерінің) бірі болып көрсетілген. Отбасында әрбір грамды, ватты, минутты есептей алмайтын және де есептегісі келмейтін баланың үй шаруасына да қыры болмайды. Баланың бойына рухани құндылықтарды қалыптастыруға, жағымсыз мінез – құлық әдеттерден арылтуға көмек беретін функционалдық сауаттылық ата – ана бойында да болуға тиіс. Ата – аналар баланың ұғынуына көмектесулері керек. Үйде жарық пен тұрмыстық приборларды дер кезінде сөндіру, токтан ажырату қажеттігін, есік алдағы су құбырының краны арқылы тамшыдан өзен құралып қайта ағып кетіп жатқанын бала білуге тиіс. Еңбектің бағасын білген бала оның нәтижесін де жақсы бағалай біледі. Осының бәрінде аса терең ата – ананың функционалдық сауаттылығы тұр.

      Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту – олардың психологиялық қырынан даму мәселесін де қарастыруды қажет етеді. Оқушының  Оқу сауаттылығы — оқушылардың жазба мәтіндерді түсінуі және қолдануы, мәтін барысында ой-толғауы, жаңа білім игерудегі әдіс-тәсілдерді қолдануы, әлеуметтік ортаға бейімделуі. Функционалдық сауаттылықтың негізгі мақсаты — мұғалім баланы оқыта отырып, оның еркіндігін, белсенділігін, шығармашылық тұрғыда ойлауын қалыптастырып және де баланың өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру.

Осындай мақсаттарға жету үшін мынандай міндеттерге тоқталайық.
1. Оқушының алған теориялық білімдерін практикамен ұштастыра білу.

2. Оқушылардың алған сапалы білімдерін өмірде қолдана білуге үйрету.

3. Кез келген проблемалық ситуациялардың шешімін таба білуге үйрету.

4. Оқушыларды ізденіске баулып, өз бетінше жұмыс істеуге үйрету.

          Осыған орай оқушылардың алған білімдері негізінде әрекет етуге қабілеттілік пен даналықты білдіретін құзыреттерді қалыптасытыру орта мектептердегі орыс аудиториясында қазақ тіліндегі пәндердің алатыны орны зор.

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту бағытында оқытуды ұйымдастыруда сабақтың мынадай түрлерін тиімді нәтижеге қол жеткізеді деп ұсынуға болады.

        Мен өз тәжірибемде оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге, ауызекі сөйлеуге үйрету үшін әр түрлі әдістерді жүйелі түрде қолданып жүрмін: 

1. Өз ойын айту;

2. Дыбыстарды тіркестіріп сөз жасаңдар;

3. Түсіп қалған буынды табу;

4. Тиісті сөздерді тауып, сөйлемді аяқтау;

5. Берілген сөздерден сөз құрастыру;

6. Сөздердің мағынасын табу;

7. Сөздерді сәйкестендіру;

8. Орны ауысқан сөздерден сөйлем құрап жазу;

9. Сөйлемдерден мәтін құрастыру;

10. Берілген мақалдардың сыңарын табу.

Мысалы, «Өз ойын айту» әдісін 1 сыныпта «Үй жануарлары», «Аңдар» атты тақырыптарды өткенде қолданған тиімді екенін аңғаруға болады. Мұғалім оқушыларға оқулықтағы тапсырмада берілген сұрақтар бойынша сұрақ қояды, оқушылар оған өз қалауы бойынша жауап бере алады. Әр жауап сайын, жануарлардың суреттерін құрастырады. Мысалы: Мынау не? (Мұғалімнің қолында немесе тақтада бір аңның немесе үй жануарының суреті болуы керек).

-Мынау піл ме? (Мұғалім бір суретті көрсетеді)

Осы бөлімнің соңында оқушылардың:

— аңдарды атай алу (аю, арыстан, кірпі, түлкі, керік, піл, қасқыр, қоян);

— үй жануарларын атай алу (қой, ешкі, сиыр, жылқы, түйе);

— бұл не? сұрағына жауап беретін сөздерді атай алу (аңдар, үй жануарлары,

ауладағы гүлдер, ағаштар);

— Мынау піл ме? сияқты сұрақтарға жауап бере алу (Иә, мынау піл. Жоқ, піл емес);

— аңдардың жануарлардың санын, түсін айта алу ( 1-10 сандар, үйренген түстер), атай алу;

— аулада не бар екенін айта алу (Аулада ағаштар, гүлдер бар);

— аулада не істейтінін айта алу (Мен аулада ойнаймын. Мен аулада сурет саламын);

— қандай сурет салатынын (Мен ағаш саламын) айта алудағылары қалыптасуы қажет.

Осы жерде «Қолдау» әдісін пайдаланған тиімді.

— сөйлесу үлгісі бойынша өз суреті туралы сөйлей алады;

— тыңдаған сандарды дұрыс қайталайды;

— сөз тіркестер, сөйлемдер құрастырады.

        Қазақ тілі сабағында мәтінмен жұмыс үлкен рөл атқарады, сондықтан мен сабағымымда оқушыларға мынадай тапсырмалар ұсынамын: 

1. Мәтіннен тіректі сөздерді тауып алу.

2. Мәтінмен жұмыс істеп болған соң, оқушыларға қайта сол мәтін таратылады, бірақ ол мәтінде грамматикалық және басқа да қателер болады. Оқушылар сол мәтіннен қателерді табу керек ( осындай жұмыс арқылы біз оқушылардыңқаншалықты мәтінді мұқият оқиды екенін байқаймыз).

3. Мәтін арқылы постер жасайды. Оқушыларға постерлердің бірнеше түрлерін дайындауға үйреттім ( кесте, сызбалар, ағаш т.б.). Оқушылар кейін постерді қорғау үшін жоспар құрады ( жоспар арқылы біз оқушылардың мәтінді қаншалықты түсінгенін, ойдың, тақырыптың ашылуын байқаймыз). 

        Бұл мақсаттарды жүзеге асыру үшін сабағымда белсенді оқыту, диалогтік оқыту, сыни тұрғыдан ойлау стратегиясы сатылай кешенді талдау, мән беріп оқыту технологиясын қолданып келемін.

         Қорыта келгенде, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту – бүгінгі заман талабы. Педагогтің  сабақ өту шеберлігі, яғни шығармашылық пен жауапкершілікті ұштастыруы, бұл заман талабынан туындап отырған мәселе. Өз мамандығын толық меңгерген жоғары деңгейлі оқытушының  алдынан шыққан оқушы – өмір айдынындағы өз жолын адаспай табады, азамат болып қалыптасады. Бұл ұстаз үшін абырой, яғни үмітінің ақталғаны, әрбір мұғалім осыған ұмтылса ұрпақ алдындағы қарыздың өтелгені. Мұғалімнің сабағының өн бойындағы негізгі мақсаты, оның негізгі мәнін естен шығармай, әрбір сәтті тиімді пайдаланғанда өз мақсатына жетеді.

Қолданылған әдебиеттер тізімі

1. Н.Ә.Назарбаев. Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту — Қазақстан дамуының басты бағыты. — 2012 ж. «Ана тілі» газеті, № 5. – 7-8 бет.

2. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі
2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары. ҚР Үкіметінің № 832 қаулысы. 2012 жылғы 25 маусым, Астана, Үкімет Үйі.

3. ҚР Білім беру жүйесін 2015 жылға дейін дамыту тұжырымдамасы.

4.Н.Ж.Құрман, Г. Есенова Коммуникативтік жаттығуларды қолдану әдістемесі. – Ақтөбе, 2010.

5.М.Мұқанов Жас және педагогикалық психология. Алматы, 1981. –
111-113 бет.

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype