+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Сәрсенбi, 28 қазан 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 10 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Экологиялық мазмұнды мәтіндік есептер шығару

Галиева Гульжан Ержановна, «Ж.Болғанбаев атындағы Самар орта мектеп-лицейінің» бастауыш сынып мұғалімі, Самар ауылы, Көкпекті ауданы, ШҚО

Бастауыш сынып оқушыларының қоршаған ортаға көзқарасы мен дүниетанымы ең басты пән — математика пәні арқылы қалыптасады.Ал математика біздің күнделікті өмірімізде. Есептер шығару дегеніміз — оқушылардың ойлауды кажет ететін сапалық және сандық тапсырманы орындауы. Олар жоспарлы және бірізді іс атқаруға жетелейді, нәтижесінде білім алынады, тұрақты қабылданады, жетілдіріледі және дұрыс іске асырылады. Есептер шығару арқылы оқыту мен тәрбие беру мақсаттарына жетіп, сонымен қатар қоршаған орта туралы ұғымдарды қалыптастыруға болады. Сондықтан бастауыш сыныптан бастап  экологиялық мазмұнды есептерді шығару өте орынды және өзекті мәселе деп ойлаймын.

Оқытуда әрдайым жекелей зерделеу әдісі қолданылады. Оқушының қабілеті мен қызығушылығын арттыратындай білім үрдісін ұйымдастыру мақсатталады. Ал осы мақсаттың орындалуы үшін бастауыш сынып оқушыларына мәтін арқылы берілген есептерді шығарумен қатар, қоршаған ортадағы экологиялық жағдайларды біле отырып,ол мәселелерді шешуге талпындыру керек. Есеп шығарудың әдіс-тәсілдерін кеңейту негізінде  математикалық материалдарды меңгеруге жағдай туғызу, пәнге тұрақты қызығушылық тудыру, күнделікті өмірде кездесетін әртүрлі жағдайда зерттеу біліктілігі пен дағдыларын қалыптастыру, функционалды ойлау қабілеттерін дамытып отыру керек.

Математика — ойлау қабілеттерін жетілдіру мен дамуға үлкен мүмкіндік беретін пәндердің бірі. Бастауыш сыныптың математика курсының ерекшелігі — оның мақсатты білім беріп, оны іс-әрекетте қолдану.Бұл әр жаңа ұғымды мәтіндік есеп шығару арқылы игеру деген сөз. Экологиялық мазмұнды мәтіндік есептер арифметикалық амалдарды орындау барысында экологиялық мәселелердің  мағынасын ашады. Сонымен қатар, мәтіндік есептер бағдарламаға енгізілген теориялық сұрақтарды игеруге көмектеседі. Осындай есептерді шығару барысында мен өз жұмысымда келесідей дағдыларды қалыптастырамын:

—        Есептің мағынасын математика тіліне аудару

—        Есептің шартына сұрақ қою

—        Есептің ықтимал жауабын іздеу

—        Есептің мәтінін өзгерту

Осындай мақсат қойғаннан кейін,оқушылардан мен келесідей нәтиже күтемін:

— Жергілікті жердің ерекшелігі, экологиялық жағдайын ескере отырып қоршаған ортаны қорғау туралы терең білім алады

—        Есептің ықтимал жауабын іздеп, шартына дұрыс сұрақ қоя алады

—        Шығармашылық тапсырмаларды орындай біледі

—        Есепті түсініп, талдап шығарады

—        Шапшаң есептеу дағдыларын қалыптасады

— Есепті теңдеу құру арқылы шығара алады.

Экология мен математиканың пәнаралық байланысы бастауыш сыныптан басталады. Бастауыш сыныпта оқушылар ең алғашқы рет табиғат туралы білім алып,осы білімі арқылы табиғат құндылықтарын бойларына сіңіреді. Осы орайда олардың эстетикалық және адамгершілік рухани өсуі табиғатқа деген көзқарасының дұрыс болуын қамтамасыз етеді. Осы орайда пәндік білімнің мазмұнында экология мәселелерінің қарастырылуы маңызды. Ал ойлау қабілеттерінің дамуында математика пәнінің маңызы зор. Осыған орай математика арқылы оқушының дүниетанымы, қоршаған ортаға өзіндік көзқарасының дамуы түзіледі. Математикада мәтіндік есептердің қоршаған ортаның табиғатың сақталуында, оның табиғи байлығының қорғалуына дұрыс пікір қалдыра алатын маңызы бар. Ол үшін мәтіндік есептер қызықты,түсінікті болуы шарт.

Бастауыш сынып оқушыларының экологиялық мәдениетін, жануарлар мен өсімдікке қатысты дұрыс қарым-қатынасын басынан бастап машықтандыру керек. Экологиялық білім оқушы бойынан қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығын түсіну, табиғат алдында жауапкершілік, жан-жануарларға деген аяушылық  сияқты сезімдерін оятады. Ал математикадан әртүрлі есептерді шығару арқылы қоршаған ортаны тани отыра, оны қорғауға үйренеді. Осындай іс-әрекет арқылы математика қызықты болуымен қатар, тиімді болады. Мысалы жануарлардың тіршілігіндегі қызықты деректерді пайдаланып, математиканың түрлі тақырыптарын меңгертуге болады. Ұзындық өлшем бірлігі «километр» тақырыбында: қыран  өзінің жемтігін 1 км жерден көре алады екен. Осы ара қашықтықты метрмен өрнекте — деген тапсырма беруге болады.Осындай тапсырмалар оқушыны қызықтырып қана қоймай, 1 км=1000м тең ұғымын оңай қалыптастыруға көмектеседі.1-сынып оқушыларын қызықтыру үшін мәтіндік есептердің берілгеніне ертегі кейіпкерлері мен мультфильм кейіпкерлерін кіріктіруге болады. Осындай жүйелі жұмыстың арқасында оқушылар табиғатты жеке орта деп қарамай,оның адам әрекетіне тығыз байланысты екендігін түсіне бастайды.Сондықтан оқушы бойына экологиялық тәрбиенің маңызы кейін оның табиғаттағы өзін өзі ұстау этикасына,көзқарасына,тәртібіне тікелей байланысты болады.

Жергілікті жердің табиғат ерекшелігін, жануарлар дүниесі мен алуан түрлі өсімдіктер әлемін оқушылар бастауыш сыныптан бастап білуі тиіс. Осы білімді мұғалім әр пәніне аймақтық компонентті жоспарлауы арқылы жүзеге асырады.

Аймактық компонентті әр пән мұғалімі өз сабақтарында пайдаланудың жеке тұлғаның шығармашылық қабілетін дамытудағы мүмкіндіктері өте зор.

Оқулықтың мазмұнына жергілікті аймақтың жетістіктерін, қайталанбас ерекшеліктерін, экологиялық жағдайларын кіріктіре отырып, оқушыларды қоршаған ортаны қорғай білуге, елжандылыкқа тәрбиелеуге мүмкіндік жасауға болады. Оқушыларға аймақтық компонентті оқу-тәрбие үрдісіне енгізе отырып, түрлі тапсырмаларды, экологиялық мазмұнды есептер мен тест тапсырмаларын орындату арқылы шығармашылық іскерліктерін, қабілеттіліктерін дамытып, жетілдіруге жағдай жасауға болады.

Математика сабағында сабақ мазмұнына аймақтық компонентті қолдануда алдыға мынадай мақсаттар қоюға болады. 1. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын ояту. Бұл мұғалімнен бастамшылықты, қажыр мен жігерлікті, ұстаздык шеберлікті талап ететін аса жауапты міндет. 2.Сабақтағы оқу материалын жоспарлауда оқулық мазмұнын мүмкіндігіне қарай  аймақтық компоненттермен толықтыруға ұмтылыс жасау.Оқытудың мақсат — міндеттерінің өзара үйлесілімділігіне, көрнекіліктер мен окыту әдіс-тәсілдерінің тиімділігіне, дамытушылық, білімділік, коммуникативтік, тәрбиелік ықпалының мүмкін боларлық жагдайлары ескеріледі. 3.Оқушылардың оқу және ойлау қарекеттерін ұйымдастыру жолдарын түрлендіру аркылы дамыту.

Сондықтан математика сабақтарында аймактық компонентті кіріктіріп, оқушылардың тұлғалық қалыптасуына, дамуына аз да болса ықпал ететін экологиялық мазмұнды есептерді кіріктіру өте маңызды.

Осы мақсатты орындау үшін мен 4-сыныптың математика оқулығына құрылған оқу бағдарламасының тақырыптарына сәйкес келетін экологиялық мазмұнды мәтіндік есептерді әр математика сабағында қолданып отырдым. Ол үшін арнайы күнтізбелік тақырыптық жоспар құрып,тақырыптарын белгілеп алдым.

-Көптаңбалы сандардың нумерациясы және оларға амалдар қолдану тарауында оқушылар қосу мен азайту,көбейту мен бөлу арқылы шығарылатын қарапайым экологиялық мазмұнды мәтіндік есептер шығаруға үйренеді. Мысалы:

1.Бір көбелек қарны ашпас үшін 7 гүлдің нәрінің дәмін татады.Егер біз жазық алаңқайда серуендеп жүріп 56 гүлді жұлып алсақ,қанша көбелек аш қалады?

1 көбелек- 7 г

? көбелек – 56 г 

Ш: 56: 7=8

Ж: 8 көбелек  

2. Соқаның артынан жүріп отырып жыртылған жерден қараторғай 400 құрт-құмырсқа, дернәсіл шоқып жейді.1 аптада қараторғай неше жәндік жеуі мүмкін?(2800)

-Шамаларды өлшеу бөлімінде « Масса өлшем бірліктер», «Уақыт және оның өлшем бірлігі» , «Ұзындық», «Көлем және оның өлшем бірлігі» атты тақырыптарындағы тапсырмалардың мазмұнын экологиялық бағытта алып, оқушыларды   өлшем бірліктерді түрлендіруге  септігін тигізеді. Мысалы:

1.Экологтардың есептеулері бойынша 1 дала тышқаны бір жазда 1 кг бидайды жеп қояды екен. Ал үкі бір жазда 1000 тышқан аулайды. Сонда жалғыз үкі қанша бидайдың сақталуына септігін тигізеді?        (1 тонна)

2. Күн сәулесі ағаш  діңі арқылы суды жоғары жаққа буландырады.Егер ағаштарды кесіп тастаса, буланған су жерге жиналып,батпақты жерлер пайда болады. Бір қайың бір тәулікте 80 литр, ал үйеңкі 200 литр  суды буландырса, күніне осы ағаштар неше литр суды буландырады?(8,20 литр)

Жылдамдық, уақыт, қашықтық бөлімінде  арақашықтық формулаларын көрсету және қолдану арқылы экологиялық білімдерін толықтыра алады.Мысалы:

  1. Япония мен Гавай аралдарының ара қашықтығы жылдан жылға 1 см –ге азайып келеді. Қанша уақыттан кейін Япония мен Гавайдың арасы 1 дм –ге дейін  азаяды. (10 жыл)
  2. Маса 16 дм-ді 4 секундта ұшса, ол қанша уақыт ұшты? (4 дм/с)

Геометриялық фигуралар бөлімі арқылы геометриялық денелерді өлшейді, сызады, есептейді.  Мысалы:

  1. Құстарға ағаштан 5 үй жасау үшін 20 төртбұрышты және 10 шаршы тақтай қажет болды. 1 құстың ағаш үйіне неше тақтай қажет?

Математика күнделікті өмірімізде бөлімі бойынша «Логикалық есептер», «Таблица құрып шығаратын экологиялық есептер», «Есептер және математикалық модель» тақырыптары оқушылардың білім-біліктері толықтырылады, қолданылған дидактикалық тапсырмалар пәнге қызығушылығын арттырады. Мысалы:

  1. Арман мен Саят ауылдың көшелерін тазалау жұмыстарына қатысты.Олар көпке дейін бұзылатын және мүлде бұзылып ыдырамайтын қалдықтарды жинады.Арман шыны бөтелке, полиэтилен пакет және банкалар жинады. Саят пластмасса бөтелкелер,синтетикалық қалдықтар, банка, полиэтилен пакеттер жинады. Арман да Саят та қандай қалдықтар жинады? Тек Арман қандай қалдықтар жинады? Тек Саят жинаған қалдықтар қандай? Саят жинамаған, тек Арман жинаған қалдықтар бар ма?
 банкашыны бөтелкеполиэтилен пакетсинтетикалық қалдықпластмасса бөтелке
Арман     
Саят     

Сонымен экологиялық мазмұнды есептер шығару арқылы біз оқушының математиканың сұлулығын ғана емес, айналадағы қоршаған орта сұлулығын көруге ынталандырамыз. Экологиялық мазмұнды математика оқушыларды табиғат обьектілері мен құбылыстарына сандық баға беруге үйретеді. Адамның табиғатқа жасаған әрекетінің жағымды,жағымсыз жақтарын айырады. Мазмұнды есептер жан-жануар әлемінің табиғи ортасын білуге, табиғат байлығын дұрыс қолдануға,оны қорғауға үйретеді. Әр сабақ сайын  оқушының экологиялық санасын өсіреді.

Қолданған әдебиеттер тізімі:

1. Математикалық әдістемеліктер « Атамұра» баспасы 2009ж

2. Джонни Болл «Бәрі де сандар туралы» Алматы кітап 2010ж

3. Бантова М.А. Методика преподавания математики в начальной школе. – М.: Просвещение, 1984. – 335 б

4.Антипова З.М., Литковская Н.П. Зелёные задачки. ТОИПКРО. Томск 2008.

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype