+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Сәрсенбi, 28 қазан 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 10 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Еңбек адамы

Абирова Салтанат Қабылханқызы

ШҚО білім басқармасы

Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің

«№49 жалпы білім беретін мектебі» КММ          

  Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2020 жыл­ғы 5 мамырда «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұх­­батында «Шындықты айт­сақ, шетелдер­де халқымыз на­ғыз еңбекқор жұрт ретін­де әлі таныла қойған жоқ. Бұл біз­дің беделімізге де едәуір нұқ­сан келтіреді. Қажыр­лы ең­бектің арқасында ғана көп мәселені шешіп, мем­ле­ке­тімізді дамытамыз, әл-ауқа­ты­мызды арттырамыз», деген бола­тын. Бүгінгі таңда білім кеңістігінде еңбекқорлықтың айнымас үлгісіндей жандар аз емес. Сөзімнің айғағы, өзім мұғалімдік қызмет ететін мектептің директоры Айгүл Чуленбайқызы Кадирова жайында болмақ.

Замананың ғұламасы, қазақ даласының данышпаны Майқы бидің «Хан әділ, қарашы табанды болса, қара жерден кеме жүргізеді» деген ұлағаты бар. Осынау ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа жеткен нақылдың астарынан бүгінгі біздер не көздейміз деп ойлайсыз? Әділдік пен әділеттіліктің дәурені сүрген кез-келген қоғамда адамзаттың игілігі үшін атқарылатын игі істерді қазіргі уақытта түрлі лауазым иелері орындап келеді. Солардың бірі –      «жанымызда жүрген жақсы адам», өзі басшылық ететін мектептің оқушылар жетістігін, мұғалім қауымының жемісті еңбегін, ата-аналар жұртшылығының жақсылықтарын мақтан етіп отыратын, үнемі «еңбек десе «ішкен асын жерге қоятын» Айгүл Чуленбайқызы.

Өскемен қаласында Ахмер ауылында орналасқан №49 жалпы білім беретін мектептің директоры, бастауыш сынып мұғалімдерінің Республикалық съезінің делегаты, ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын «Жылдың үздік директоры — 2019» республикалық байқауының жеңімпазы,  А.Кадирова кадет сыныптарының ашылуына мұрындық болып, қазіргі уақытта он сынып білім мен тәрбие алуда, олардың қатары «Жас сарбаз», «Жас құтқарушы», «Жас бүркіт» сыныптарымен толыққаны ауыл тұрғындарын да қуана түсті. Бұл сыныптардың басты бағыты патриоттық-азаматтық бағыт негізінде келешек Отан қорғаушылар қатарын молайту, жас ұрпақтың өз еліне, жеріне деген шынайы сүйіспеншілігін ұлықтау болып саналады7

«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демей ме, атамыз қазақ! Тұнып тұрған адамгершіліктің үлгісін танытқан үлгілі көп ісінің бірін айтсам, 2019 жылы Жапония Үкіметінің «KUSANONE (Шөп тамыры)» бағдарламасы аясында жобасына қатысып, 20 млн. теңге жүлде ұтып алып, Ахмер орта мектебінің материалдық жағдайын жақсарту мақсатында терезелерін жаңартуға қайтарымсыз қомақты қаражатты жұмсады! Мұндай дархан көңіл кейде ер-азаматтардан да табылмай жататыны баршамызға аян.

А.Кадирова «Өрлеу» БАҰО тренері, қаламыздағы жетекші мектеп ретінде әдістемелік қызметі орасан зор. 2019 жылы ШҚО бойынша мектеп директорларының «Табысты менеджер» атты облыстық сайысына қатысып, ІІ орынды жеңіп алғаны – мектептің педагогикалық ұжымы үшін үлкен мақтаныш. Облыстық  Жергілікті жермен байланыстар үнемі еңбек орындары, аурухана, өзге білім ордаларымен, өнер мектебі, спорт мектебі сияқты өнер және білім ошақтарымен Айгүл Чуленбайқызының басшылығымен жүзеге асырылып отырады.

Педагог-мастар, біліктілігі бірінші деңгейлі директор А.Кадированың басшылық қызметтегі ұстанымы «Жақсылыққа жақсылық – әр кісінің ісі, жамандыққа жақсылық – ер кісінің ісі». Үнемі қоластындағы қызметкерлеріне осы үлгіде өнеге көрсетіп, қашанда жанашыр, қамқор бола білетін басшының әр ісінен адамгершіліктің ізгі бастауларын байқаймыз. Педагогикалық ұстанымын «Пайда ойлама, ар ойла! Талап қыл артық білуге!» деген нақылмен жүзеге асырып жүрген ұстаздардың ұстазы Айгүл Чуленбайқызы өз ісінің шебері.

Кез келген еңбек адамы әлеуметтік құрылымдардың маңызды бөл­шегіне айналуы тиіс десем, еңбек идеясы – азаматтық құл­шы­­нысты арттырып, қоғамды топтастырушы, идеялық-бағ­дарлық ұйымстырушыға айнала алады. Қоғамның бар­лық тобына тән еңбек идеясы адамдарды әлеуметтік мәр­­тебесіне бөліп қарамастан барлығын толық қамтитын әле­уетке ие. Міне, осындай қоғам өмірінің маңыздылығын арттырып отырған бірден-бір тұлға – Айгүл Кадирова.

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype