Ибраев Аян, Өскемен қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің жатақхана тәрбиешісі
Шахмат ойынының пайдасы қандай? Бірінші кезекте, шахмат — ол күрес.
Шахмат адамды жылдам ойлануға, шешім қабылдауға және қадам жасауға итермелейді. Ойнау логикасы зейінділікті дамытуға, әр алуан варианттарды жылдам әрі дәл есептей білуге, жеңіске жетуге итермелейді деген ерік-жігерді қалыптастыруға басқа да моральдық қасиеттерді тәрбиелеуге көмектеседі. Шахмат ойыны — бұл адамның мінез-құлқын өзі басқарумен қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған жағдайлар негізіндегі іс-әрекеттің бір түрі болып табылады. Әлемдегі кең таралаған ойындарының бірі болып табылады. Сондықтан, адам баласының дүниетанымы кеңейеді, сөздік қоры, ойлау қабілеті дамиды, білім сауаттылығы математика, химия, физика секілді пәндерге көп септігін тигізеді.
Шахмат ойыны жатақханада жарыстарында дәстүрлі түрде ұйымдастырылып тұрады. Биылғы оқу жылында да жатақханада ұйымдастырылған ақыл-ой бәсекесіне барлық сыныптардан 16 оқушы қатысты. Жарысқа қатысушылардың барлығы жатақхана қабырғасындағы «Белая ладья» шахмат үйірмесінің қатысушылары. Олар өзара жеңімпазды анықтау үшін шахматтың рапид түрінен сынға түсті. Бәсеке тартысты өтті. Шахмат — бұл спорт, ғылым және өнер. Шахмат ой-сананың белсенділігін қалайтындықтан, бұл ойын кез келген адамды тереңге жетелеп, сананы тапқырлыққа баулиды. Ой және сананың үйлесімді дамуы, уақытты ұтымды пайдалану, шешім таба білу, сияқты адамға өте қажет қасиеттерді бала санасына орнықтырады. Шахматтың шығу тарихымен таныстыру, ойын ережелерін үйрету, оқушыларға шахмат ойыны туралы теориялық білім беру, сайыстар өткізу, ережелерімен таныстыру, айналасына ұқыптылықпен қарау, жеке қасиеттерін жетілдіруге ұмтылдыру мақсаттарында «Шахмат» үйірмесін жүргізіледі. Үйірмеде жас шахматшылар ойын ережелерін және фигураның салыстырмалы құндылығын үйренуде және ойын формасы шахматтың сиқырлы әлеміне еніп, шахмат мәдениетін үйренеді. Оқушылардың өмірге қажетті әлеуметтік тәжірибені игеруіне, интеллектуалды қабілеттері мен шығармашылық әлеуетін дамытуға, әр оқушының оқудан бос уақытында жан-жақты дамуына және әлеуметтенуіне, оқушының ойлау өрісінің барлық деңгейде дамуына жағдай жасалады.
Оқушының зейіні мен ынтасын дамыту; визуалды-бейнелі ойлауды дамыту; оқушылардың сабақтан тыс уақытында қоғамдық пайдалы және бос уақыттарын ұйымдастыру;оқушыларды әртүрлі іс-шараларға қосу; жағымды коммуникативтік қарым-қатынас дағдыларын дамыту; еңбексүйгіштікке, қиындықтарды жеңе білуге, нәтижеге жету жолында табандылыққа тәрбиелеу.
Шахмат — ежелден бері арнайы физикалық дайындықты қажет етпейтін қызықты спорт түрінің бірі. Сондай-ақ шахмат ойыны балаға ересек өмірде міндетті түрде қажет болатын қабілеттерді қалыптастыруға көмектеседі. Шахматтың балаға тигізер 5 пайдасы бар:
- Жағдайды жан-жақты көре алу. Жақсы шахматшы бірнеше қадам алға ойлап, қарсыласының қалай жүретінін біліп отырады. Әлемге әртүрлі бұрыштан қарай білу қабілеті баланың басқа адамдармен жылдам ортақ тіл табысуына және оларды жақсы түсінуіне көмектеседі. Шахматта қарсыласын аса құрметтеу, өз эмоцияларын ұстай алу және абыроймен жеңілу маңызды. Бұл қасиеттердің тек ойында емес, жалпы өмірде жоғары бағаланатынын білеміз.
- Жақсы есте сақтау. Шахмат ойнау үшін көптеген комбинацияларды жаттап, есте сақтау керек. Мысалы, бес қадам бұрын тақтадағы пішіндердің қалай орналасқанын ұмытпау керек. Бұл есте сақтаудың барлық түрлерін, әсіресе визуалды түрін дамытады. Мұндай қабілеттің медицина, бағдарламалау немесе хореографияға қызығатын балаларға қажет болатыны анық.
- Логика
Шахматта барлығы қадамдардың нақты реттілігі мен анализге негізделген. Ойыншы тақтада не болып жатқанын бақылап қана отырмай, шешімдер қабылдап және өз стратегиясын түзеп отыруы керек. Сондықтан шахматта еш нәрсе ойланбастан және тәуекелмен жасалынбайды. Балаға логикалық ойлау түрлі өмірлік міндеттерді шешу үшін қажет. Мысалы: өз күнін жоспарлау, шешім қабылдау, дұрыс сұрақ қою және т.б. - Зейін қою. Атлеттер, суретшілер, музыканттар және шахматшылардың суреттеуінше, олар мәселеге зейін қойғанда уақыт баяулап, сол сәтке қатысы жоқтың барлығы жоқ болып кетеді екен. Бұл қабілет балаларға, әсіресе, мектеп қабырғасында аса қажет. Қандай да бір есепті шешуге немесе сұраққа жауап табуға зейінін қоя алу қабілеті баланың ұйымшыл әрі жауапты болуына көмектеседі.
- Креативті ойлау. Шахматшылар қадамдары мен комбинацияларын жақсы жоспарлап қана қоймай, кенеттен өз жоспарын өзгерте де алады. Ал бұл оның креативті ойлауын көрсетеді. Шахмат ойнау баланың нақты проблеманы шешуге ғана емес, жылпы өзін және қоршаған ортаны жақсырақ түсінуіне көмектеседі.

