мұғалім-логопед-дефектолог, педагог — сарапшы
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Алтын дән» арнайы балабақшасы» КММ
АШЫҚ САБАҚ
Тақырыбы: «С» дыбысын сөзде машықтандыру
Мақсаты: «С» дыбысын сөзде машықтандыру.
Міндеттері: түзете білімділік: «С» дыбысын сөзде машықтандыра отырып, сөйлеу тілін жан-жақты жетілдіру; түзете дамытушылық: ойын арқылы баланың зейінін, қабылдауын, жалпы және ұсақ қол моторикасын дамыту; түзете тәрбиелік: педагогты мұқият тыңдай білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Айна, кеме, тас, қолтырауын, көпір, сиқырлы сандық,
Ұйымдатырылған іс-әрекетіне бөлменің іші алдын ала желдетіліп дайындалды. Сабақ баламен амандасып, көңіл күйін сұраудан басталды. Көңілді шумақтар көмегімен амандасты. Ұйымдастырылған оқу қызметін жалғастыра келе, мотивациялық қозғаушы күш ретінде «Сиқырлы сандықтар» аралына саяхат баратын болып шештік.
Негізігі бөлімде тілге арналған артикуляциялық жаттығулар қатарын жасатып «С» дыбысының қалай айтылатынын түсіндіре кеттім. Келесі тапсырманы орындауға Тыныс алу жаттығуы болды. Кемеге отырып саяхатымызға шықтық онда ббіздің алдымыздан «Тас» кедергі болып тапсырма берілді, кейіні кедергі «Асыл көпір» болды онда біз «Сиқырлы бөлмеге барып «С» дыбысына байланысты жануарларды өз орнын табуға көмектестік. Сергіту сәтіне логоритмиканы тиімді пайдаланып фонетико — фонематикалық есту қабілеттерін арттырып өлең жолдарын айта отырып баланың көңіл күйін көтердім. Баланың зейінін шоғырландыру мақсатында «Сәйкестендір» ойыны алынды. Сиқырлы сандықты пайдаланып сөйлеу тілін көмекші сұрақ арқылы дамыттым. Ұсақ қол моторикасын нейрожаттығу мен суджок доптарымен өлең жолдарын айтып дамытылды.
Рефлексиялық кезеңде балаға сабақ ұнаса көңілді балықты, сабақ қиын болды десе көңілсіз балықты таңдауға ұсындым.
Ұйымдастырылып отырған оқу қызметінде бірнеше инновациялық, яғни заманауи технологиялардың элементтерін басшылыққа ала отырып осы іс — әрекеттер мен әдіс-тәсілдерді орындау арқылы мен ойын технологиясын, денсаулық сақтау, ақпараттық технологиялардың элементтерін қолдануға тырыстым. Бүгінгі өткізген сабақтың мақсатына жеттім.



