+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Бейсенбi, 29 қазан 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 10 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Кешубаева Марзия Аблакатовна

мұғалім-логопед-дефектолог, педагог — сарапшы

Шығыс Қазақстан облысы  білім басқармасы  Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Алтын дән» арнайы  балабақшасы» КММ

АШЫҚ САБАҚ

Тақырыбы: «С» дыбысын сөзде машықтандыру

Тақырыбы: «С» дыбысын сөзде машықтандыру.

Мақсаты: «С» дыбысын сөзде машықтандыру.

Міндеттері: түзете білімділік: «С» дыбысын сөзде машықтандыра отырып, сөйлеу тілін жан-жақты жетілдіру; түзете дамытушылық: ойын арқылы баланың зейінін, қабылдауын, жалпы және ұсақ қол моторикасын дамыту; түзете тәрбиелік: педагогты мұқият тыңдай білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Айна, кеме, тас, қолтырауын, көпір, сиқырлы сандық,

Ұйымдатырылған  іс-әрекетіне бөлменің іші алдын ала желдетіліп дайындалды. Сабақ баламен амандасып, көңіл күйін сұраудан басталды. Көңілді шумақтар көмегімен амандасты. Ұйымдастырылған оқу қызметін жалғастыра келе, мотивациялық қозғаушы күш ретінде «Сиқырлы сандықтар» аралына саяхат баратын болып шештік.

 Негізігі бөлімде   тілге арналған артикуляциялық жаттығулар қатарын жасатып «С» дыбысының қалай айтылатынын түсіндіре кеттім. Келесі тапсырманы орындауға Тыныс алу жаттығуы болды. Кемеге отырып саяхатымызға шықтық онда ббіздің алдымыздан «Тас» кедергі болып тапсырма берілді, кейіні кедергі «Асыл көпір» болды онда біз «Сиқырлы бөлмеге барып «С» дыбысына байланысты жануарларды өз орнын табуға көмектестік. Сергіту сәтіне логоритмиканы тиімді пайдаланып фонетико — фонематикалық есту қабілеттерін арттырып өлең жолдарын айта отырып баланың  көңіл күйін көтердім.   Баланың зейінін шоғырландыру мақсатында  «Сәйкестендір» ойыны алынды.  Сиқырлы сандықты  пайдаланып сөйлеу тілін көмекші сұрақ арқылы  дамыттым. Ұсақ қол моторикасын нейрожаттығу мен суджок доптарымен өлең жолдарын айтып дамытылды.

Рефлексиялық кезеңде балаға сабақ ұнаса көңілді балықты, сабақ қиын болды десе көңілсіз балықты таңдауға ұсындым.

Ұйымдастырылып отырған  оқу қызметінде  бірнеше инновациялық, яғни заманауи технологиялардың элементтерін басшылыққа ала отырып  осы іс — әрекеттер мен әдіс-тәсілдерді орындау арқылы мен  ойын технологиясын, денсаулық сақтау, ақпараттық технологиялардың  элементтерін қолдануға тырыстым. Бүгінгі өткізген сабақтың мақсатына жеттім.

Іс-әрекет кезеңіЛогопедтің  іс – әрекетіБаланың іс — әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі:           Шаттық шеңбері:   Мотивация:             Артикуляциялық жаттығу: «Көңілді тіл»                                                                                                                                                                         
Тыныс алу жаттығуы: «Балыққа үрлеу»  






















Сергіту сәті:  







Байланыстырып сөйлеу:    






Саусақ жаттығуы: Нейрожаттығу  




ұсақ қол моторика:  













РЕФЛЕКСИЯ

    Қорытынды:
Сәлеметсін бе! Көңіл күйін қалай?     Қане өлең жолдарын бірге айтайық.  
Бала, бала баламыз,
Бақшамызға барамыз.
Күні бойы қызыққа,
Батамыз да қаламыз.  
  Балақай қанекей екеуіміз бірге  «Сыйқырлы сандықтар» аралына саяхатқа шығайық. Аралға жету үшін су көлігі кемеге отырайық.   Бүгін бізге көңілді тіл қонаққа келіпті. Көңілді тіл өзінің үйшігінде тұрып жатады.  Ол қандай үй? Дұрыс, ол – ауыз. Ол үйдің есігі ашылып-жабылып тұрады. Тіл үйінде отыра алмайды. Далаға шығады (тілін шығару). Жан-жағына  (сағат), жоғары-төмен қарай қарады (әткеншек). Ұйқысынан тұрған тіл тісін тазалады. Далаға шығып балалардың футбол ойнағаның көреді. Атпен шауып келе жатып, орманның ішінен саңырауқұлақты терді. Көңілді тіл шаршап, үйіне демалуға кірді.      Балақай, айтшы қазір қай жыл мезгілі? Дұрыс айтасың көктем мезгілі. Көктем мезгілінде жәндіктер, жануарлар  оянады. Ал біздің балығымыз ұйқысын ашалмай тұр. Оған көмектесейік. Ұйқысынан оятайық. Ол үшін мұрынмен демімізді алып, ауыз қуысына ауаны шығарып балықты ұйқысынан оятайық. Енді жолға шығайық. Алдымызда үлкен тас бар екен, тастан өту үшін тастың тапсырмасын орындауымыз керек. Тастың тапсырмасын орындау үшін:  «С» дыбысын жеке,  буында, сөзде анық айту керек.  «С» дыбысының артикулятсиясын есімізге түсірейік.  С-С-С-С. Буында айтайық. Д/о «Сөздер қатары » Шарты: Жасырын суреттерді ашып, сөздерді дұрыс айту керек. Кейін логопед жасырған суретті  табуы керек.   Жарайсы, тастың тапсырмасын орындап ол кедергіден өттік, әрі қарай жолға шығайық. Балақай алдымызда сыйқырлы көпір тұр. Бұл көпірден өтсек, сыйқырлы бөлмеге барамыз. Сыйқырлы бөлменің саған дайындаған тапсырмасы бар екен. Д/о «Сиқырлы  бөлме» Шарты: Бұл сиқырлы бөлмеде  «С» дыбысы бар жануарлар тұрады. Қане бірге  айтайықшы: жолбарыс, сиыр, барс, қасқыр. Жануарларға сиқырлы бөлмеден өз орындарын табуға көмектесейік.   Балақай сен тапсырманы орындап, тастың  және көпірдің тапсырмасын орындап  шаршап қалған шығарсың, қане  сергіп алайық.   Шарты: Көрсетілген қимылдарды қайталаймыз. Жарайсың, бір сергіп алдық. Балақай біздің жолымызда үлкен кит акула жатыр екен. Кит акуладан өту үшін, оның тапсырмасын орындайық.   «Суретті диктант» Шарты: «С» дыбысынан келетін сөздерге сөйлем бойынша сөздік диктант жазу керекпіз.  Балақай біз сиқырлы сандықтар аралына жетіп қалған сияқтымыз. Ой, алдымызда қолтырауын тұр, қолтырауынның тапсырмасын орындасақ сыйқырлы сандықтар аралына жетеміз. Ол қандай тапсырма екен бірге көрейік. Д/о «Сәйкестендір» Шарты: Балақай «С» дыбысынан келетін сөздердің сыңары түсіп қалыпты, өз сыңарларын табуға көмектесейік.   Жарайсын, балақай! Сыйқырлы сандықтар аралына жеттік.   Мына жолдар арқылы жүріп, алдымыздағы құм үйінділеріне жетеміз, құмның ішінде не бар екен? Бірге көрейікші. Шарты: Бассейнде жасырылған «С» дыбысы бар сөздерді табу керек.   Балақай міне бізде «Сиқырлы сандықтар» аралынадамыз. Сиқырлы сандықтар аралындағы сандығымызды ашайық. Сандықты ашу үшін қолымыздағы «С» дыбысынан келетін құпия сөздерімізді айтып орналастырайық. Сандықтың ішінде қандай қазынамыз жатыр екен? Балақай саған бүгінгі ойын іс-әрекеті ұнады ма? Саған ойын іс-әрекетінде барлығы түсінікті болып, ойын іс-әрекетіміз ұнаса күлген балықты көрсет, егер, ойын іс-әрекеті түсініксіз болса көңілсіз балықты көрсет.   Жарайсын,  балақай біз бүгінгі ойын іс-әрекетінде қандай дыбыспен  таныстық? «С» дыбысы бар қандай сөздерді айттық?   Жарайсың, балақай! Сен бүгінгі ойын іс-әрекетінде тапсырмаларды сәтті, белсене орындағаның үшін сиқырлы сандықтың ішінде саған арналған қазына бар. Бүгінгі ойын іс-әрекетіміз аяқталды. Сау бол!
Сәлеметсіз бе! Жақсы.               Өлең жолдарын қайталайды.                                               Артикуляциялық жаттығуды орындайды.         Көктем мезгілі.           Тыныс алу арқылы тапсырманы орындайды.               са, со, се, си  ас, -ос, -ис, -ес        
Ойын шарты бойынша тапсырмаларды орындайды.                             Қимылдарды қайталайды.         тапсырмаларды орындайды.                         Ойын шарты бойынша тапсырмаларды орындайды.                 Қимылдарды қайталайды.             Шытырман жолдардан екі қолымен өтеді.     Тапсырманы орындайды.                              «С» дыбысымен   Сәбіз, сиыр, себет,   т/б              
Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype