+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Жұма, 30 қазан 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 10 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

ҚАЗАҚСТАН ӨНЕРКӘСІБІНІҢ ИННОВЦИЯЛЫҚ ДАМУЫ

Нуржанова Карлыгаш Маратовна,

арнайы пәндер оқытушысы

Өскемен қаласы «Шығыс техникалық

гуманитарлық колледжінің» арнайы пәндер оқытушысы

Жалпы инновация дегеніміз- қазіргі ойлау үлгісі мен дәстүрлі таным ерекшелігіне ұқсамайтын жаңа ойлау жүйесін тауып шығару, кезектегі білім мен материалдық мүмкіндіктерді пайдалана отырып көнені өңдеу. Ал біз айтып отырған инновация ол құрылысқа байланысты. Қазіргі XXI  ғасырда  не ойлап табылмады дейсіз. Қазір бәрі техникамен байланысты, ғылым мен білімнің озған заманы. Құрылыс саласының дамуы ешқашан тоқтап қалған емес. Ол әрқашашда даму үстінде болады.  Қазіргі құрылыс саласының дамуы жыл сайын құрылыс шығынын азайтады . Үй  мен биік ғимараттарды  салуда да көп адам күшін қажет етпейміз. Қазір үй салам десеңіз кез келген материал қолдануыңызға болады, көзді ашып жұмғанша тез сала аласыз. Техниканың дамуы құрылыс инновациясына тікелей әсер етеді .

Инновациялық саланың серпінді дамуы-инновациялық экономиканың басты құрамдас бөліктерінің бірі. Мұндай жоғары технологиялық экономика тиімді инновациялық жүйенің болуын және инновациялық процесті қолдау институттарын құруды болжайды.

Қазақстанда жаңа технологияларға ауқымды инвестициялар салу және білімді ұдайы молайту және оларды жаңа жоғары технологиялық өнімдер мен қызметтерге айналдыру үшін жағдайлар жасау жаңа үлгідегі экономиканы қалыптастырудың кілті болып табылады. Экономиканың дамуында елдің жаңа инфрақұрылымының негізі болып табылатын ақпараттық-коммуникациялық технологиялар үлкен рөл атқарады. Олар экономиканың даму деңгейімен салыстырғанда озық қарқынмен дамуға тиіс. Қазақстандық кәсіпорындардың инновациялық белсенділігі өңдеу деңгейі төмен өнімдер өндіретін салаларда байқалады. Отандық өндіруші басым салалардағы инновациялық белсенділік назар аудартады.

Бүгінгі таңда инновация саласы кез-келген ұлттық экономиканың бәсекелестік артық-шылықтарын қалыптастыру саласы болып табылады. Жалпы, Қазақстан жаһандық деңгейде бәсекеге қабілетті жоғары деңгейге ие. Бірақ елдің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін факторлардың санының ең әлсіздігі инновация болып табылады.

Инновациялық қызмет-кез келген экономикалық жүйені дамытудың инновациялық әлеуетінің маңызды құрамдас бөлігі. Нарықтық экономика жағдайында инновациялық өнім тауар болып табылады және технологиялық бизнестің барлық қатысушылары үшін коммерциялық әсерге ие болуға міндетті. Мұндай өнімді жасау кезінде әртүрлі ресурстар, соның ішінде инвестициялар қажет.

Қазақстандағы инновациялық қызмет көрсеткіштерінің қатарына кәсіпорындардың инновациялық белсенділігі, инновациялық өнімнің көлемі, сатып алынған және берілген жаңа технологиялардың саны жатады.

Мемлекетіміздің даму стратегиясындағы инновациялық бағыт – бұл ұрпақ үлесін ғасырлар қойнауына апаратын сара жол. Инновация дегеніміз – жаңалықтарды іске асыра отырып, жасалынып жатқан үдерістер мен өнімдердің сапасын арттырып, оларды нарық үшін бәсекеге қабілетті ету болып табылады. Осы жағдайға байланысты Қазақстан Республикасының жаңаруы  жағдайындағы мемлекеттік құрылымның барлық саласында инновациялық зерттеулер жүргізу бүгінгі қоғамның  сұранысы.

Тәуелсіздік алғаннан бері еліміз ғасырға татитын жетістіктерге жетіп, дамудың инновациялық жолына түсті. Қазіргі таңда Қазақстан дүниежүзіндегі қарқынды дамып келе жатқан мемлекеттердің бірі болып табылады. Бұл ретте Қазақстан өзінің тәуелсіздігін одан әрі нығайту мақсатында мемлекеттік құрылымның әр түрлі саласында өркениетті елдердің үлгілеріне сай келетін түбірлі инновациялық жаңаруларды жүзеге асыру кезеңін басынан кешіріп отыр. Біздің алдағы   мақсатымыз   – елімізде болып жатқан демократиялық сипаттағы саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени салалардағы инновациялық өзгерістердің мәнін жете түсіну үшін ғылыми-әдіснамалық және қолданбалық зерттеулер жүргізу, оларды жүзеге асыру шарттарын анықтау мен оған ғылыми болжам жасау болып табылады.

Сарапшыларды таңдауда басты критерийлер ретінде, олардың индустриалды-инновациялық даму мәселесіне қатысы бар, осы тақырыпқа байланысты зерттеу тәжірибесі немесе инновациялық қызмет секторында тікелей жұмыс жасайтын адамдар тартылды. Ендігі жерде біз сол зерттеу нәтижелерін байқайтын боламыз.

Сарапшылардың пікірлері бойынша, кең мағынада индустриалды-инновациялық даму —  бұл экономикалық жүйенің жедел түрде дамуы, ғылыми білімдерді инновацияларға және өндірістік қызметке айналдыру процесі. Оның ажырамас бөліктері ретінде сарапшылар жаңа технологиялық құралдарды енгізу, ұлттық ғылыми-техникалық әлеуетті дамыту, ғылым мен өндіріс арасындағы алшақтықты жою, инновациялық қызметті ынталандыру, алдыңғы қатарлы технологиялар мен халықаралық стандарттарды енгізуді қамтамасыз етуді атап отыр.

Сарапшылардың елдің әлеуметтік және экономикалық өмірінің түрлі секторларында инновацияларды енгізу дәрежесін қалай бағалап отырғанын қарастырып көрейік. Бағалау үшін барлығы 7 сектор ұсынылды. Олар: шағын бизнес, орта бизнес, ірі бизнес, ұлттық компаниялар, ғылыми-зерттеу институттары, жоғары оқу орындары мен мемлекеттік басқару. Жүргізідген сауалнама нәтижелері көрсетіп отырғанындай, инновацияларды енгізу қарқыны сарапшылардың көзқарасы бойынша қанағаттанарлықсыз деңгейде қалып отыр. Жоғары білім, мемлекеттік басқару мен шағын кәсіпкерлік салаларында инновацияларды енгізу бәрінен де баяу жүруде. Жалпы алғанда, сарапшылардың 80%ының ойынша бұл салаларда модернизация қарқыны төмен және өте төменгі дәрежеде. Әсіресе жоғары білім саласындағы жағдай алаңдатарлықтай, сұралған сарапшылардың 63%-ының пікірінше инновацияларды енгізу деңгейі өте төменгі дәрежеде қалуда.

Орта кәсіпкерлікке байланысты да сарапшылардың пікірлері сын көтермейтін баға беруде. Тек қана сарапшылардың 5%-ы инновацияларды енгізу бұл салада жоғары қарқынмен орындалуда деген пікірде.

Ұлттық компанияларға байланысты жағдай біршама өзгеше сипатқа ие болып, мұнда сарапшылардың пікірлері бөлінуде. Яғни, сарапшылардың 37%-ы инновацияларды енгізу баяу жүруде деп пікір білдірсе, 30%-ы сарапшы осы жағдайға қарама-қарсы пікірлерін білдірген. Осыған қоса 1/3 бөлігі «орта қарқынмен» деген жауапты таңдаған.

Ғылыми-зерттеу институттарына байланысты сарапшылардың пікірлері екіге, яғни инновацияларды енгізу деңгейі төмен және бұл өзгерістерге орташа деп баға бергендер болып бөлінді.

Сонымен қоса Қазақстанда негізінен алғанда шетел  компаниялары басқаратын ірі кәсіпкерлік саласында біршама салыстырмалы жағымды жағдай байқалды.  Соған байланысты сарапшылардың берген бағасына қарағанда, қызметтері бұқаралық сипатқа ие салаларда модернизациялау деңгейі төменгі дәрежеде қалып отыр. Аталған әрбір сала көптеген құрамдас бөліктерден тұратыны және өзімен күрделі әлеуметтік және экономикалық құрылымы бар екені, оларды модернизациялау үшін қомақты қаржылық, уақыттық және  саяси  ресурстарды қажет ететіндігі белгілі. Орта кәсіпкерлік, ұлттық компаниялар, ғылыми-зерттеу институттары және ірі кәсіпкерлік – бұл құрылым көлемі бойынша салыстырмалы шағын, көбіне ұйымдасқан түрді білдіреді. Сондықтан да модернизация мұнда өзінің нәтижесін жылдам көрсетеді. Сұхбаттасу барысында, сарапшылардың басым көпшілігінің Қазақстанда инновацияларды енгізу деңгейінің төмен екендігімен келісті. Сарапшылардың бір бөлігі бұл жағдайды елімізде «ақылды» экономиканы құрудың дайындық кезеңі енді ғана аяқталғанын, ал инновацияларды жүзеге асыруға біз енді келгенімізді түсіндіреді:

Инновациялық даму жолында тұрған екінші мәселе – бұл ғылым, технологиялар мен инновациялар саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асырудағы кезеңділіктің (непоследовательно) жеткіліксіздігі (58%). Бұл жағдайда сын, инновациялық саясатты кезеңімен (непоследовательно) атқармаған тікелей мемлекетке айтылады. Мүмкін мұнда әңгіме, жоғары мінберлерде айтылып жақан сөздермен инновациялар саласында атқарылып жатқан нақты істер мен декларациялар арасындағы сәйкессіздіктерге байланысты болып отырған шығар. Сарапшылардың баға беруі бойынша, кәсіпорындардың бастапқы технологиялық және басқарушылық деңгейінің төмендігі мәселесі де өзектілікке ие. Бұл мәселеге де объективті мінездеме тән, өйткені адам капиталы сапасының төмендігіне байланысты болып отыр.

Сарапшылар атап отырғандай, әлеуметтік саладағы инновациялар ғана экономикалық саладағы өзгерістердің негізі бола алады. Ағымдағы жағдайда медицина, зейнеткерлік қамсыздандыру саласында, қаржы секторында жекелей модернизациялар байқалады.

Сарапшылардың түсінігінде әлеуметтік инновациялар келесідей бағыттарда жүзеге асуы қажет:

  • Әлеуметтік мәселелерді шешу: жұмыссыздықпен күрес, жаңа жұмыс орындарын құру;
  • Аймақтарда бүгінгі заманғы инфрақұрылымдар құру: «Қазір әлеуметтік инновацияларға Астана мен Алматы ғана дайын. Ал басқа аймақтарда болса дайындық жұмыстарын талап етеді. Ол жерлерде қарапайым инфрақұрылым түрлері  де жоқ»;
  • Азаматтардың өмір деңгейін көтеру, әсіресе аз қамтылған тұрғындар қабатына әлеуметтік қорғау шараларын жүргізу.

Соған байланысты, сарапшылардың пікірлерінше әлеуметтік саладағы инновациялық қызметтің соңғы нәтижесі болып әлеуметтік, адами және еңбек әлеуетінің сапалы қайта өндірісі болмақ. Нақ осы мақсатқа инновациялық ортаны қалыптастыру мен әлеуметтік инновациялар толығымен бағытталуы тиіс.

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype