Занканова Данар Алиаскаровна ағылшын тілі мұғалімі
Еліміз егемендігін алып,өзінің даму жолында шет елдермен саяси – экономикалық, мәдени тағы басқа қатынастар орнатуы шетел тілдеріне деген сұранысты арттырып, Біріккен Ұлттар Ұйымының негізгі тілі болып саналатын ағылшын тіліне басты назар аударылғаны бәрімізге мәлім.
Өмір жаңашылдыққа,белсенділікке талап қоюда. Бәрімізге мәлім « То ве» етістіктер арасында ағылшын тіліндегі грамматикада шешуші роль атқарады. Негізгі етістік және қосымша етістік ретінде де қолданылады.Осыны негізге ала отырып «То Ве» етістігі жайлы авторлық жоба құрал ретінде тіл үйренушілерге және бастауыш сынып оқушыларына ұсынылады. Жұмыс түрлерінің барлығының ортақ мақсаты құрылымды таныстыру және оның маңыздылығын түсіндіру. «To be» етістігіне байланысты грамматикалық жаттығулар орындаған кезде, көптеген қиындықтар кездеседі. Бәрімізге мәлім « To Be» етістігінің қолдануы етістіктер арасында күрделі тақырыптардың бірі. Негізгі етістік және қосымша етістік ретінде де қолданылады. Сонымен қатар оқушылардың ағылшын тілінде ауызекі сөйлеу қабілеттерін дамыту бағытында түрлі іс-әрекеттер ұйымдастыруға болады. Шет тілі пәні бойынша оқушы ереже мен ұғымдар анықтамасын жаттап алғаннан гөрі, оларды іс-жүзінде саналы түрде қолдана алуы қажет.Түрлі тапсырмалар мен жаттығулар және тест сұрақтары арқылы теориялық білімді шыңдауға болады.
Тақырыптың өзектілігі: Бастауыш сыныптарында оқушылардың сөздік қорын молайтады және коммуникативті даму біліктілігін арттырады, сонымен қатар қызығушылығын ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Жұмыстың мақсаты: ағылшын тілін үйретуде жүргізілетін жұмыс түрлерін талдау, балалардың жеке және шығармашылық мүмкіндігін барынша ашу үшін жағымды жағдай жасау, «To be»етістігін таныстыру және оның маңызын түсіндіру.
Жұмыстың міндеттері: Осы мақсатқа жету үшін төмендегі міндеттер қойылады:
— Сөйлеу (қарым-қатынас) моделдерін үйрету;
- Ағылшын тілінің негізгі сұрақ-жауап модельдерін үйрету;
- Оқушыларға сөйлемді, қысқа мәтінді толық оқи алу керектігіне үйрету;
- Оқушылардың жас ерекшіліктеріне сай грамматикалық тақырыптарды меңгерту ;
- Оқулықтардан дәлелдерді пайдалану;
Зерттелу деңгейі: Оқушылардың авторлық жобаны қолдану арқылы білім алу сапасын арттыру.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Ағылшын тілі сабақтарында грамматика маңызды роль атқарады.Авторлық жобаның міндеті білімді хабарлау емес, алған білімдерін қолдану. Оқушылар көп ойлайды, сол арқылы ойлау қабілеті мен ауызекі сөйлеуі дамиды. Жоба арқылы жаңа білім алады, тәжірибеде қолданады. Бастауыш сыныптарында аталған жоба арқылы оқушылардың сөздік қоры молайады және коммуникативті даму біліктілігі артады, сонымен қатар қызығушылығын ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Жұмыстың құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, негізгі мазмұнын ашатын бірнеше мәселеден, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Зерттеудің негізі: оқытудың заманауи әдістері, білім беру үрдісіндегі әрекеттік және құзыреттілік тәсілдерін меңгереді.
Зерттеу пәні: ағылшын тілі пәні
Зерттеу әдіс-тәсілдері. Зерттеудің барысында жинактау, талдау, зерттеу әдістерін пайдалану.
Жобаны ұсыну формасы: Зерттеу
“To be» етістігінің қолдануы:
To be (болу) бастауыш пен баяндауышты байланыстыратын көмекші етістік ретінде қолданылады. Оның жіктік түрлері – am, is, are – дара баяндауыш болумен қатар (he is in the room. – Ол бөлмеде), күрделі баяндауыштың құрамы ретінде де қолданылады.
(I am a student – мен студентпін). Қазақ тілінде to be (болу) етістігі осы шақта қолданылмайды, ал ағылшын тілінде ол сөйлем құрамында міндетті түрде қолдануы тиіс.To Be –Present Simple/ am, is, are /
Past Simple/was, were/ Future Simple/ will be/
1.Бастуыш пен баяндауышты байланыстыратын көмекші етістік ретінде қолдануы.
The world is round –жер дөңгелек.The book is on the table –кітап үстелде. It is a table –бұл үстел.
2.Болу. What are you going to be when you grow up?-Үлкейгенде кім боласың?
3. Тұру.This book is a rouble –бұл кітап бір сом тұрады.
4. Тұр.Отыр.Жатыр.He is singing – ол өлең айтып тұр.The lesson was explained – сабақ түсіндірілді./Passive voice/
5. Пікір мен міндетті көрсеткенде: I am to read this book –мен бұл кітапты оқуым керек.I am to write to you–мен саған жазайын деп отырмын.
6. To be away – жоқ болу, қатыспау.
To be back – қайтып келу.
To be off – кетіп қалу.
To be on – болу.
To be up –біту, түрегелу, өсу. Жалпы бұл тақырып оқушыларға тілдің оқытудағы және білім алудағы басты рөлін зерттеуге, ғылыми зерттеулерге сәйкес бастауыш сыныптағы оқушылармен қарым-қатынас жасау жөніндегі өзіндік тәсілді ойластыруға және шығаруға көмектеседі деген ойды басшылыққа алдым. Бұл жердегі түйінді идея сыныпта диалогті қолдану арқылы балалардың білім алу сапасына үлкен ықпал ету. Қорытындылай келе оқушылар қиындықтан шығуға, қорытынды жасауға, шешім шығаруға, өз ойын елегінен өткізуге, алған білімін іс жүзінде қолдануға үйренеді.