+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Жұма, 30 қазан 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 10 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

САПА МЕН СЕНІМНІҢ МЕКЕНІ — ОРАЛХАН БӨКЕЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МЕКТЕБІ

Қасымқанова Жаңыл Секенқызы, биология пәні мұғалімі.

Вакасова Майгуль Сейтбековна, бастауыш сынып мұғалімі.

Жетписова Айнур Жумакановна, тарих пәні мұғалімі.

Дамдыбаева Нургул Маташовна, бастауыш сынып мұғалімі.

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Глубокое ауданы бойынша білім бөлімінің «Оралхан Бөкей атындағы қазақ орта мектебі» КММ ұстаздары

                  Шығыстың шырайлы өлкесінде, қалың елдің үмітін арқалаған бір білім ордасы бар. Ол – Оралхан Бөкей атындағы қазақ орта мектебі. Бұл мектеп – тек еңселі ғимарат қана емес, бұл – баланың алғашқы әрпінен бастап, үлкен өмірге бастар сара жолын қалыптастыратын қасиетті шаңырақ.

                Білімнің негізі – бастауышта. Осы ұстаным бұл мектептің жүрек түкпіріне айналған. Алғаш қалам ұстап, алғашқы әріпті таныған баланың бойына білімге деген сүйіспеншілікті дарыту – ең үлкен жауапкершілік. Бұл міндетті мектептің бастауыш сынып мұғалімдері абыроймен атқарып келеді. Әр оқушыға ана мейіріміндей жылулықпен қарап, білімнің іргетасын берік қалаған ұстаздардың еңбегі – кейінгі жетістіктің бастауы.

                Уақыт өте сол мықты негіздің үстіне жоғары сыныптарда білім мен біліктің биік қабырғасы қаланады . Жоғары сынып мұғалімдерінің кәсіби шеберлігі – ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижелерінен, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалардағы жеңістерден айқын көрініс табуда.

                1997 жылы негізі қаланған мектеп 2015 жылы жаңа кейіпке еніп, заманауи үлгідегі еңселі білім ордасына айналды. Кең де жарық сыныптар, мазмұнды көрмелер мен тағылымды ақпараттық бұрыштар оқушыны ойлануға, ізденуге жетелейді. Физика мен химиядағы тәжірибе, робототехникадағы тың ізденістер – бүгінгі шәкірттің ертеңгі мамандығына бастар жолы.  Мектептің спорт залында жігер шыңдалып, кітапханасында ой тереңдейді. Асханадан тараған ыстық ас – ата-ана қамқорлығындай, ал қауіпсіздік жүйелері – бала болашағын қорғаған сенімді қалқан.

                  Жас келсе – іске. Осы жүйелі істің басында жас та жігерлі директор – Бутабаев Айбат Ахметуалиевич тұр. Ол – білімнің мәнін терең түсінген, басқаруда жаңашылдық пен жауапкершілікті қатар ұстанған басшы. Оның жетекшілігімен мектеп ұжымы бір мақсатқа жұмылып, тұрақты даму жолына түсті. Іскерлігі мен көшбасшылық қабілеті 2025 жылы облыс деңгейінде жоғары бағаланып, Айбат Ахметуалиевич «Табысты менеджер – 2025» облыстық конкурсының жеңімпазы атанды. Бұл марапат – жас басшының ұжымды ұйыстыра білген көрегендігінің айғағы.

                   Жетістік – еңбектің өлшемі. Соңғы жылдары мектептің білім сапасының артуы, ҰБТ нәтижелерінің тұрақты өсуі, «Алтын белгі» иегерлері мен білім грантын жеңіп алған түлектер – бастауыштан қаланған мықты негіз бен жоғары сыныптағы сапалы еңбектің жемісі.

                  Ал биылғы оқу жылы мектеп тарихына ерекше әріппен жазылды. Оралхан Бөкей атындағы қазақ орта мектебі «ҮЗДІК МЕКТЕП» жүлдесін жеңіп алып, ұжымның қажырлы еңбегіне берілген жоғары бағаны тағы бір мәрте дәлелдеді.

                    Тәрбие – тамыр, білім – биік. Кадет сыныптары, «Жас ұлан», «Жас қыран» ұйымдары, «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясындағы аналар мен әкелер, әжелер мен даналар мектебі – жас ұрпақтың бойына ұлттық рух пен адамгершілік құндылықтарды сіңіруде.

                     Қорытындылай  келе, Оралхан Бөкей атындағы қазақ орта мектебі – білімнің іргетасы бастауышта беріліп, жоғары сыныпта кемелденетін, ұстаз еңбегі мен шәкірт арманы тоғысқан киелі мекен.
                     Бұл – жас директордың жігері, білімді-білікті мұғалімдердің маңдай тері, талапты оқушылардың табанды еңбегі нәтижесінде қалыптасқан табыс тарихы.

                     Білімді ұрпақ – елдің ертеңі. Ал іргесі берік мектеп – сол ертеңнің кепілі

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype