+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Жұма, 30 қазан 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 10 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Жағдаят пен ертегі арқылы биология сабағын тиімді есте сақтау әдісі ретінде қолдану

Саметжанқызы А

 Биология пәні мұғалімі,  М.Дауленов атындағы мектеп-интернаты КММ

Мақсаты: 

Оқушылардың биологияға қызығушылығын арттыру, білімді шығармашылық жолмен меңгерту және есте сақтауын күшейту.

Міндеттері: 

— Күрделі тақырыптарды қарапайым ертегі мен өмірлік жағдаят арқылы түсіндіру 

— Оқушының қиялын, логикалық ойлауын дамыту 

— Сабақта белсенділікті арттыру

Тәжірибе кезеңдері:

2. Сабақ барысы: 

   – Сабақты шағын ертегімен немесе жағдаятпен бастау 

   – Әр кейіпкер арқылы биологиялық ұғымды түсіндіру 

   – Диалог, сұрақ-жауап арқылы талдау 

3. Қорытынды: 

   – Тақырыпты қорытындылау 

   – Ерекше есте сақтау әдісі ретінде бағалау 

   – Рефлексия (оқушы әсері мен пікірі)

Мысал тақырыптар: 

— Цитология: «Жасуша патшалығындағы органоидтар» 

— Жүйке жүйесі: «Ми патшалығы мен жүйке жолдары» 

— Ас қорыту: «Ас жолындағы саяхат» 

— Трофикалық тізбек: «Ормандағы тіршілік тізбегі

(Жеке жұмыс) Тапсырма 3 – ертегі: «Асқорыту патшалығы» Баяғыда «Асқорыту патшалығы» деген ғажайып ел болыпты. Бұл елде үш еңбекқор кейіпкер өмір сүріпті.
Пепсин – батыр, ол нәруыздарды кішкентай бөліктерге ыдыратады.
Амилаза – жылдам жұмысшы, ол нан мен тәттілерді қантқа айналдырады.
Липаза – әдемі ханшайым, майларды ұсақтап, энергияға айналдырады. Күн сайын олар бірге еңбек етіп, адамның денесіне күш-қуат беріп тұрады. Бірақ бір күні «Токсин» деген жау келіп, асқорытуды баяулатпақшы болды. Сонда Пепсин, Амилаза мен Липаза бірігіп, Токсинді жеңіп, ағзаның қалыпты жұмысын қайта қалпына келтірді. Қорытынды: Ферменттер – ағзаның нағыз қорғаушылары. Олар дұрыс жұмыс істесе, адам күшті әрі сау болады. 3 логикалық сұрақ (әрқайсысы 1 балл, барлығы 3 балл): Егер Пепсин жұмысын тоқтатса, ағзада қандай қиындық туындайды?
(Жауап: Нәруыздар қорытыла алмайды, ағзаға қажетті аминқышқылдары жетіспейді).Амилаза қантқа айналдырмаса, адамның денесінде қандай өзгеріс болады?
(Жауап: Көмірсулар энергияға айналмайды, адам әлсірейді).Липаза болмаса, майлар ағзада қалай қорытылады?
(Жауап: Майлар ыдырамайды, ағза энергия мен май қышқылдарын ала алмайды).  
Топтық жұмыс «Өттің ас қорытудағы рөлі» Мақсаты:
Оқушылар өттің асқорыту процесіндегі маңызын, оның майларға әсер ету механизмін тәжірибелік жағдаяттар арқылы түсіндіреді. 1-топ: «Асқорыту зертханасындағы тәжірибе» Жағдаят:
Зертханада екі сынауыққа бірдей мөлшерде өсімдік майы құйылды. Бірінші сынауыққа өт қосылды, ал екіншісіне тек су қосылды. Бірнеше минуттан кейін бірінші сынауықтағы май ұсақ тамшыларға бөлініп, эмульсия түзіле бастады.
Тапсырма: Неліктен бірінші сынауықтағы май ұсақ тамшыларға бөлінді? Бұл құбылыс қалай аталады? Өттің асқорытудағы рөлін түсіндір.
Күтілетін жауап: Өт майды эмульсиялайды (ұсақ тамшыларға бөледі). Бұл – эмульгация процесі. Өт майдың қорытылуын жеңілдетіп, липаза ферментінің әсерін күшейтеді. 2-топ: «Өттің жетіспеушілігі жағдайы» Жағдаят:
Науқас адамда өт шығару жолдары бітеліп қалған. Дәрігер оның нәжісінің түсі ағарғанын және майлы жылтыр болғанын байқайды.
Тапсырма: Бұл жағдайда өттің ағзадағы жетіспеушілігі неліктен байқалады? Ас қорыту процесі қалай өзгереді? Өттің жетіспеушілігінің салдарын ата.
Күтілетін жауап: Өт ішекке түспейді, сондықтан майлар толық қорытылмайды. Майлар ыдырамай, нәжіспен бірге сыртқа шығады. Ағза майда еритін дәрумендерді (A, D, E, K) сіңіре алмайды, нәтижесінде тері мен көз құрғауы, әлсіздік пайда болады. 3-топ: «Дұрыс тамақтану және өт секрециясы» Жағдаят:
Мұрат жиі фастфуд пен майлы тағамдарды тұтынады. Уақыт өте келе ол асқазанның ауырсынуын, тәбеттің төмендеуін және өт қабындағы ауырлықты сезеді.
Тапсырма: Өттің бөлінуін қандай факторлар арттырады немесе бәсеңдетеді? Мұраттың жағдайын жақсарту үшін қандай кеңес беруге болады? Өттің дұрыс бөлінуі неге маңызды?
Күтілетін жауап: Өттің бөлінуі майлы, қуырылған тағамдармен, стресс және артық тамақтанумен бұзылады. Дұрыс тамақтану, аз майлы тағам, көкөніс, сұйықтық ішу, дене белсенділігі өттің бөлінуін жақсартады. Өт майлардың қорытылуы мен сіңуін қамтамасыз етеді, сондықтан бауыр мен асқорыту жүйесінің саулығына маңызды.  

Ертегі: «Ас жолындағы саяхат»

Бір күні кішкентай Нан түйіршігі ауыз қуысына түседі. 

— Қош келдің, саяхатшы! – деді Тіл мен Тіс. – Біз сені ұнтақтап, сілекеймен араластырамыз.

Амилаза атты фермент оны сындыра бастайды: 

— Мен көмірсуларды қантқа дейін ыдыратамын! – деп мәз болды.

Содан кейін Нан түйіршігі жұтқыншақ арқылы өңешке қарай сырғи бастайды. 

— Жолың болсын! – деді жұтқыншақ.

Асқазанға жеткенде, оны қышқыл қарсы алды: 

— Менің аты-жөнім – HCl, мен бактерияларды жоямын. 

— Ал мен – Пепсин, мен ақуыздарды қорытып берем, – деді фермент.

Нан түйіршігі енді он екі елі ішекке барады. Мұнда бауыр мен ұйқы безі өз ферменттерін жібереді.

— Мен – Өт сұйықтығы, майларды ұсақтаймын, – деді бауыр. 

— Ал мен – липаза, амилаза, трипсин, бәрін май, қант, аминқышқылына дейін ыдыратамын! – деп ұйқы безінің батырлары келді.

Саяхаттың соңында ол аш ішек арқылы қанға сіңіп, ағзаға энергия болып тарады.

— Мақсатқа жеттік! – деді Нан. – Енді мен энергия, құрылыс материалы болам!

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype