+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Сейсенбi, 3 қараша 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 11 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізу

ӘЛІБЕКОВ Е.Ә.,

«№46 қазақ орта мектебі» КММ-нің  11 «М1» сынып оқушысы, Өскемен қаласы

      Жасөспірімдердің  бос уақытты тиімді  ұйымдастыруы болашақ үшін пайдалы және ол арқылы өздерінің қоғамдағы орнын табуға  негіз салады. Еліміздің болашағы кімдер? Әрине, біз жасөспірімдер. Еліміздің болашағы, қазіргі біз, жасөспірімдердің бойына сіңірген тәрбиесіне тікелей байланысты. Заманымыздың заңғар жазушысы М. Әуезовтің «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген нақыл сөзінің мәні тереңде жатыр. Яғни, болашақ тізгінінің ұстары, елінің ертеңі болар, халқының үмітін ақтай білетін дені сау, білімді де саналы жас ұрпақты өсіру талабынанан туындап отырады.
      Бос уақыттың маңыздылығы тек жеке адамның өз қажеттіліктерін ғана қанағаттандырып қоймайды, сондай-ақ қоғамдық-пайдалы нәтижелерге де қол жеткізеді. Мысалы, жеке тұлғаның дамуы, рухани құндылықтарды насихаттау мен мәдениетті қалыптастыру.

      Осы ұлы мақсаттарға жетуге киелі де қастерлі екі түсінік әсер етеді. Бірі – баланың бастапқы тәрбие ортасы алтын бесік отбасы, екіншісі – алтын ұя мектебі. Бұл екі ортаның да мақсат-мүддесі ортақ. Оқушылардын бос уақытын тиімді пайдалануды ұйымдастыру оңай мәселе емес, сондықтан да ата-ана – мектеп — бала  бірлестікте бос уақытты тиімді жоспарлағаны абзал. Демек, әрқашан отбасы мен мектеп  жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізуге ықпалдасып отыруы керек.     Отбасы, ата-ана адамды дүниеге әкеліп, қалыптастырып, дамытып жетілдірсе, адам бойындағы бар игі қасиет мектеп қабырғасында қаланады. Қай кезде де халқымыз өзінің болашағы – жастар тәрбиесіне көңіл бөліп отырған. Әр жасөспірімнің дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, өзін-өзі сын көзбен қарап дамыта алатын, өз елінің өткенін, тілін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, құрметтейтін дұрыс азамат пен азаматша болып жетілуі үшін өткізетін бос уақытының дұрыс өтуі де ықпалын тигізеді.  
      Жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізудегі тәрбие бағыттарына келетін болсақ, бірінші патриоттық тәрбие бағыты. Патриотизм мағынасы терең. Ол – достық, ол – табандылық, ол – жанашырлық, ол – Отанға деген ыстық сезім, ол – махаббат. Осылардың бәрі әр жасөспірім көкірегінен орын алған жағдайда ғана жас ұрпақ өз елінің рухы биік патриоты бола алады деген ойдамын. Сол себепті Ұлт пен ұлыстың аманатын арқалаған жас өскін бос уақында елімізге, жерімізге, туған өлкемізге деген сүйіспеншілігін арттыратын ұлы, данышпан Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин, Ш. Уалиханов, М. Мақатаев сынды бабаларымыздың шығармаларымен, Біржансал Қожағұлұлы, Ақан Сері, Құрманғазы Сағырбайұлы және т.б. ақын-сазгер, әнші бабаларымыздың құйқылжыта орындалған құлақтан кіріп бойды алар күйлері мен елімізге, кең — байтақ даламызға арналған әсем-саз әндерімен жетік танылып, бойына, ойына сіңірсе патриоттық бағыттағы нағыз тәрбиенің жолына түседі. Және де осы бағытта жасөспірімдердің бос уақыттарында мектепішілік іс-шаралар, кездесулер, шерулер, ашық сабақтар, сайыстар өткізілсе әр баланың бос уақыты далаға кетпес, керісінше бала талаптанып, бой түзер. Мәселен, «Қайрат оқулары» сынды сайыстар патриоттық сезімінің оянуына ықпалын тигізеді.
      Екінші бағыт – рухани-адамгершілік тәрбие бағыты. Жаңа кезеңдегі білім мен тәрбие берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа – адамгершілік-рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру. Сол мақсатта жылма-жыл мектептерімізде баланың бос уақытын пайдаланып, «Жәрмеңке» яғни қайырымдылық акциясы, «Әз-Наурыз», «Ардақтайық қасиетті ананы», «Үлкенге құрмет, кішіге-ізет», «Ана тілім-ардағым», «Ұстазға тағзым етейік» сынды тақырыптарда ашық тәрбие сағаттары мен концерттік бағдарламалар тұрақты өткізіліп тұрса, әр жасөспірімнің дұрыс жолда қалыптасуына орасан зор үлесін қосады деп ойлаймын.
      Сыныптан тыс уақытта жүргізілетін тәрбие жұмысы оқу процесінде іске асатын тәрбиені толықтырады және тереңдетеді. Өміріңді мәнді етер, абырой-атағыңды өсірер білім жолына түсейік. Бос уақытыңда ізден, талаптан, білімді ұшқырла! Сауатты, білімді адамдар қай заманда да абыройлы болған. Білімсіз адам жасық, қорқақ келеді. Ал білімді адамның жүзі жарқын, дауысы анық болады.
      Әр жасөспірім өзін-өзі қолына алып, талаптанып, алдыға жылжуы тиіс. Адам баласына ең алғаш керегі, ең маңыздысы не? Әрине, денсаулық. «Дені саудың жаны сау» демекші, денсаулығың мықты болуы үшін салауатты өмір салты ұстанымын мықтап ұстануың қажет. Бос уақытымызды қиянатқа, ауру-сырқауға әкеп соғатын компьютер, телефон т.б. техникалық құралдарға құртқанша спортпен шұғылданып, жазда доп теуіп, қыста коньки, шаңғы теуіп, өз ағзамызды шынықтырсақ өміріміз әлдеқайда мәнді де сәнді болатынына еш күмәнім жоқ. Сырт көзге пысық, шын мәнінде сынық азаматтар мен азаматшалар болғанша, талаптанайық, ізденейік, сұхбаттасайық. Кітапхана, музей, театр секілді кеңселерге жиі барып миымызға неше сынды ақпараттар жинайық, уақыттың қадірін білейік.
       Ой-сананы бұзатын ғаламтордан әртүрлі қажеті жоқ мағлұматтарды көріп уақытымызды өлтіргенше нәпсімізді тиып миымызды оятып, ойға ой, санаға сана, ақылға ақыл құятын пайдалы іс істейік. Бос уақытымызда біріміз ұсақ-түйекке таласып, біріміз арам істің дәмін татып, біріміз жанжал-керіске кіріп уақытымызды уысымыздан төккенімізше, біреуді қалжың қылып күлкі баққанша, әуелі өнер ізделік, ең болмаса ізденушілік таныталық.
     Біз әлі жаспыз, енді өсіп, енді бой көтеріп келеміз. Көкірек зор, уайым жоқ. Ойын-сауық, күлкіні күйлеп желігіп қағынамыз. Жанға батар қайғы жоқ, бойымыз толған еріншектік. Мұнымыз рас, ешкімнен де жасыра алмаймыз. Кеудеміз толы үміт, әр жастың жүрегі толған жалын. «Жүрек тербеп оятар басты миды» демекші, ұйықтап жатқан жүректі оятайық, талаптанайық, бос уақытымызды өлтірмей тиімді пайдаланып өзімізді алдыға сүйрейік!

 

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype