+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Сейсенбi, 3 қараша 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 11 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту — басты міндет

НУРГАЛИЕВ Р.Е.,

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО ПҚ БАИ-дың аға оқытушысы

      Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру - оқушының логикалық ойлау қабілеттерін дамытудың үйлесімді жолы. Қазіргі уақытта білім беру жүйесінде «функционалдық сауаттылықты» қалыптастыру мәселесін негізге алудың өзектілігі артып отыр.     Функционалдық сауаттылықтың негізгі міндеті - мұғалім баланы оқыта отырып, оның еркіндігін, белсенділігін, шығармашылық тұрғыда ойлауын қалыптастырып және де баланың өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру.
   

Оқушылардың функционалдық сауаттылығы отбасынан басталады. Өйткені, ата-аналардың балаларды оқытуы және тәрбиелеуі ұлттық жоспарда функционалдық сауаттылықтың негізгі тетіктерінің (механизмдерінің) бірі болып көрсетілген.
     Біріншіден, функционалдық сауаттылық дегеніміз — адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге араласуы. Біз экономикамыздағы, әлеуметтік-саяси және рухани өміріміздегі жетістіктерді заңды түрде мақтан етеміз. Тіпті «экономика» деген сөздің өзін сөзбе-сөз аударсақ, «үй шаруашылығы» дегенді білдіреді. Сондықтан да отбасындағы экономиканы мемлекеттік экономиканың құрамдас бөлігі ретінде қарауға тура келеді. Демек, оған байыпты түрде біліммен әрі шаруақорлықпен қарау керек.
     Біліммен қарау деген түсінікті, ал шаруақорлықпен қарау деген не нәрсе? Шаруақорлықпен қарау дегеніміз мынау: Үйде желінбей қалған нанның үзіндерін, қабықтарын және кеуіп қалған нанды ешқашан лақтырып тастамау. Халқымыздың нанды ежелден қастерлеп, құрметтеуі оның адам өміріміндегі маңызы туралы білгендігі.  Яғни, нанда адам ағзасына қажетті минералды заттар бар екендігін негізге алған. Мысалы, калий орталық нерв жүйесінің қалыпты жұмыс істеуінде жетекші рөл атқарады, темір – қан түзетін элемент және т.б. Бидай мен қара бидайдың дәнінде витаминдердің едәуір мөлшері бар. Әсіресе, ол В тобындағы витаминдерге: тиамин (В1), рибофлавин (В2), никотин қышқылына (РР) бай. Балалардың тамақтануында В2 және РР витаминдерінің рөлі өте зор. Баланың бойының өсуіне ықпал етеді.
    Отбасында әрбір грамды, ватты, минутты есептей алмайтын және де есептегісі келмейтін баланың үй шаруасына да қыры болмайды. Баланың бойына рухани құндылықтарды қалыптастыруға, жағымсыз мінез-құлық әдеттерден арылтуға көмек беретін функционалдық сауаттылық ата-ана бойында да болуға тиіс. Ата-аналар баланың ұғынуына көмектесулері керек. Үйде жарық пен тұрмыстық приборларды дер кезінде сөндіру, тоқтан ажырату қажеттігін, есік алдағы су құбырының краны арқылы тамшыдан өзен құралып қайта ағып кетіп жатқанын бала білуге тиіс. Еңбектің бағасын білген бала оның нәтижесін де жақсы бағалай біледі.

     Баласының бойына адамгершілік проблемасын және тәуелсіздік еліміздің байлығына үнемділікпен, ыждаһаттылықпен қарауға, адам еңбегімен жасалған нәрсенің бәрін бағалай білетін азаматтық ең жақсы қасиеттерді дарыту. Ата-ана баланың ең әуелі өздері істей алатынды үйретуі тиіс. Әкесі дәнекерлей білсе – баласын да үйретсін. Анасы: он саусағынан өнер тамған шебер екен, әрине, қызын өнеріне сөзсіз үйретеді. Осының бәрінде аса терең ата-ананың функционалдық сауаттылығы тұр.
    Екіншіден, функционалдық сауаттылық дегеніміз – өмір бойы білім алуына ықпал ететін, авторлық база жасау. Өмір бойы іздену, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына қарай ілесіп отыру. Яғни, оқушылардың функционалдық сауаттылығын мектепте қалыптастыру. Оқушының бойына білім нәрін дарытуға көмек беретін функционалдық сауаттылық мұғалім бойында да болуы тиіс. Балалардың ойлау қабілетін дамытуға, байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуге оқушыларды тәрбиелеу мұғалімдердің — басты борышы. Мұғалім сабақты түрлендіріп, өмірмен байланыстырып өтуінде, пәндік білімдеріне, ептіліктеріне және сауаттылығына сүйене отырып, оқу пәндері арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру негізінде жүзеге асады.

     Ой-өрісі кең тұлғаны қалыптастыруда жаратылыстану пәндерінің орны ерекше. Жаратылыстану ғылымдарының ішінде, өзгелерінен гөрі, тезірек дамып, күнделікті өмірде кеңінен қолданыс тапқаны — физика. Сондықтан да болар, бүгінгі таңдағы маңызды рөл атқаратын жетекші ғылымдардың біріне айналып отыр. Жыл сайын көптеген жаңашылдардың беті ашылуда. Физика ғылымының ілгерілеген алғы шебін былай қойғанда, тіпті оның күнбе-күнгі тұрмыста жан-жақты орын тебе бастаған салаларын функционалдық сауаттылығы бар оқушылар еркін бойлап алуы керек.
     Олай болса, функционалдық сауаттылық — оқушының белгілі ортада өмір сүруі үшін қажетті деп саналатын білім, білік дағдыларының жиынтығы. Ол тек білім мен білік әлеміне барудың жолы ғана емес, ұлттық әлеуметтік дамудың да  өлшемі.
     Оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамыту үшін жаратылыстану бағытындағы пәндер оқушылардың сапалы есептерді өз бетінше шығаруына көп көңіл бөледі. Сапалы есептер оқушының логикалық ойлау қасиетін шыңдайды және пәнге деген қызығушылығын арттырады. Сабақта әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың ой-өрісін дамытуға, есептер шығару кезінде қызығушылығын арттыруға, теориялық білімдерін практикада қолдана білуге үйретеді.
     Осындай мақсаттарға жету үшін мынандай міндеттерге тоқталайық:
     1. Оқушының алған теориялық білімдерін практикамен ұштастыра білу.
    2. Оқушылардың алған сапалы білімдерін өмірде қолдана білуге үйрету.
    3. Кез келген проблемалық ситуациялардың шешімін таба білуге үйрету.
    4. Оқушыларды ізденіске баулып, өз бетінше жұмыс істеуге үйрету.

     5. Оқушылардың білімдерін Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудағы 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы аясындағы халықаралық зерттеулерге (TIMS, PISA және PIRLS) қатыстыру.

     Сапалы есептер шығару оқушылардың қажетті көлемдегі білімді игеріп қана қоймай, өз бетінше шешім қабылдауына және мамандық таңдауына ынталандырылады.
    Қорыта айтқанда, мұғалімдер ортақ Отанымыз – Қазақстанның «Мәңгілік Ел» болып өркендеуі үшін, жан-жақты дамуы үшін оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту арқасында талай асулардан абыроймен өтетін тұлғаны қалыптастыруды алға қоюда.

 Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі  2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары // Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы №832 Қаулысы

2. http://bilimdiler.kz // Интернет ресурс «Білімділер порталы»

 

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype