+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Сейсенбi, 3 қараша 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 11 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Білім мазмұнын жаңарту – ұстаз қолында

Курс тыңдаушылары –Ұлан ауданының бастауыш сынып мұғалімдерінің пікірінен:

     
  
2017 жылдың 30 қаңтар-17 ақпан аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ-да Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде қазақ тілінде оқытатын мектептердегі бастауыш сынып пәндері бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсы өтті.       Курс барысында 2017 жылдың 1-ші қыркүйегінде 1-сыныпты қабылдайтын Ұлан ауданының 4-сынып мұғалімдері өз жұмыстарын білім беру мазмұнының жаңартылған бағдарламасы бойынша кәсіби біліктіліктерін арттырып, шеберліктерін шыңдады.      

      Курстан өту кезінде тренер Манашева Е.К. түрлі әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана отырып, өткізген сабақтарынан жаңартылған оқу бағдарламасының өзгерістері, ерекшеліктері, құрылымы, мақсаты, міндеттері  туралы жетік мағлұмат алып, түсіндік. Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқушыларды сабақ үрдісінде қалай белгілі бір өлшемдер арқылы бағалау керектігін, қысқа мерзімді жоспарды тиімді жоспарлауды, оқушылардың қажеттіліктерін дұрыс анықтау және әр оқушыға тиімді кері байланыс беруді, уәжін арттыруды, заман ағымы талап етіп тұрған XXI ғасыр дағдыларын, зерттеу дағдыларын қалыптастыруды өте жақсы меңгердік. Бастауыш сыныптың негізгі пәндері бойынша шағын сабақтар өткізу арқылы тәжірибемізге қажетті ақпараттар алдық. Кері байланыс беру барысында әрбіреуіміз құнды ақпараттар алып, көкейімізде жүрген сауалдардың жауабын алып, ойларымызбен бөлістік. Курс соңында тапсырған тест бойынша топ толық өтіп, нәтижесі 100%-ды көрсеткеніне өте қуаныштымыз. Аз ғана күннің ішінде ауқымды жұмыс атқарған, топ тренеріміз Еркежан Каирдиновнаға айтар алғысымыз шексіз. «Өрлеу» біліктілікті арттыру институтына осындай білім саласындағы өзгерістер мен жаңалықтардан қалыспай, жоғары деңгейлі курстарды ұйымдастыра беруіне тілектеспіз.
       Ұлы педагог К.Д. Ушинский: «Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады» деген, яғни бүгінгі күннің мұғалімі жаңалыққа жаны құмар, жан-жақты болып, білімді үздіксіз жетілдіруі қажет екендігіне көзіміз тағы бір мәрте жетіп отыр.

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype