Мектептегі рухани-адамгершілік білім берудің маңызды шарты болып, білім берудің мазмұнын мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтармен байыту негізінде рухани адамгершілік білім беру мен оқытуды интеграциялау, сонымен қатар білім берудің рухани-адамгершілік құрамдасын анықтау болып табылады. Интеграция кешенді түрде жүзеге асырылуы керек, сондықтан да «интеграция» ұғымы біріктірілген сағаттардың арифметикалық қосындысы емес екендігі өзінен-өзі түсінікті, ол рухани-адамгершілік пен интеллектуалды дамудың бірігуі, оның жаңа белгілерге, жоғары сападағы жаңа сипатқа ие болуы назар аударатын мәселе.
Біз әріптестеріміздің назарына «Өзін-өзі тану» пәні мен математика пәнінен кіріктірілген сабақ жоспарын ұсынып отырмыз.
Сабақ тақырыбы: «Ондық бөлшектер»
Сыныбы: 5
Құндылық: ақиқат
Қасиеттер: шыншылдық,адалдық
|
Сабақтың мақсаты: Ондық бөлшектер ұғымын енгізу, кейбір бөлімі 10, 100, 1000… т. с. с. болатын жай бөлшектердің бөлімсіз жазылуын. Ондық бөлшек деп аталатын сандармен танысу. Оларды оқу және жазуды үйрену. Бірліктен де кіші разрядтар, олардың атаулары, ондық бөлшектерді оқу және жазудағы маңыздылығын меңгерту. Ондық бөлшектермен танысу,жай бөлшектердің бөлімсіз жазылуын,оқуын меңгеру. Міндеттері:
|
Ресурстар: Мұғалімге арналған нұсқаулық/Р.А. Мұкажанова,Г.А. Омарова,Р. Мұратханова. — Алматы: «Бөбек» ҰҒПББСО, 2015 ж.-65- 67 б, А3 түрлі-түсті қағаздар)
|
||||||||||||||||||||||||
|
1.Сабақ барысы: Тыныштық сәті. Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ — қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмыңыздар,және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз. Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан — жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы — берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз… бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз. Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз. 2.Үй тапсырмасын тексеру. Өткен тақырыптарды қайталау. — иә, — жоқ 1. Санның бөлігін табу үшін, санды осы бөлікке бөлу керек. (жоқ) |
|
||||||||||||||||||||||||
|
Жаңа сабақ: Сабақ тақырыбы жазылып, мақсаты айтылады. |
|
||||||||||||||||||||||||
|
3.Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс: ІІ топ. Ондық бөлшектерді азайтқанда: ІІІ топ. Ондық бөлшектерді көбейту үшін: ІV топ. Ондық бөлшектерді бір-біріне бөлу үшін: |
|
||||||||||||||||||||||||
|
Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс: ІІ тапсырма. Жұптық жұмыс. Амалдарды орындап, жасырын сөзді табу керек. №1 жұптарға: 4) 1,6 : 8 5)45,2 + 26,05 6) 2,1 : 8,4 Ж.
№ 2 жұптарға. 1) 5,04 – 0,6 2) 25 – 5,4 3) 37,4 + 23,05 4) 2,8 ∙ 2,5 5) 2,7 : 9 6) 1,6 : 6,4
Жеке жұмыс Логикалық есеп. Төрт оқушы: Манат, Нұргүл, Әсел және Дана шаңғы жарысына қатысып алғашқы төрт орынды иеленді. Кім қандай орын алды деген сұраққа, олар әртүрлі жауап берді: 1) Әсел — бірінші орынды иеленді, Нұргүл – екінші, 2) Әсел — екінші, Дана – үшінші, 3) Манат – екінші, Дана – төртінші. Жауап бергендер олардың жауаптарының бір бөлігі – дұрыс, екіншісінің дұрыс еместігін мойындады. Оқушылардың әрқайсысы қандай орынды иеленді? Ж. Әсел – 1-ші, Манат – 2-ші, Дана – 3-ші, Нұргүл – 4-ші орын.
|
|
||||||||||||||||||||||||
|
4. Бекіту сұрақтары: |
|
||||||||||||||||||||||||
|
4.Үйге тапсырма №888 №889 есептер |
|
||||||||||||||||||||||||
Бағалау |
|