+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Сейсенбi, 3 қараша 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 11 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Жақсылық жолымен жүреміз (1-сынып)

 МУХАМЕДЖАНОВА Т.К.,
«№42 орта мектебі» КММ-нің  «Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімі, Өскемен қаласы

      Қазақстан үшін жалпы адамзаттық мәселе, рухани бай тұлғаны қалыптастыру мәселесі өзекті сипатқа ие болып отыр. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік-рухани қайнарын сіңіріп, мінез-құлқын тәрбиелеу үшін, жалпы адамзаттық құндылықтарды, адамгершілік ұстанымдарды, әділдік пен өзара көмекті ғұмыр бойы мұрат тұтуға бет бұруы қажет.
      Өзін-өзі тану – нағыз адам болудың сыры мен қырын үйрететін пән. Пәннің мақсаты – білім алушының өзін дұрыс түсінуіне, дарындылығы мен қабілеттерін дамытуға, өмірдің мәнін ұғынуға және өмірден өз орнын таба білуге көмектесу.
      Өзін-өзі тану адамның бойында өзін сыйлай білуін, ойын еркін жеткізуін, өмірдің қиын жағдайында дұрыс жол табуға, жеке шешім қабылдауға және өз тағдырына жауапкершілікпен қарауға үйретеді. Өзін-өзі тану әңгімелесуге, шындықты бірлесе іздестіруге, білімді бірге игеруге, өздік шығармашылықты, ішкі белсенділікті оятуға бағытталған.

Жеке тұлғаның бойында жақсы көру, бейбітшілік, әдептілік, шыншылдық, аяушылық, адалдық, имандылық, сыйластық, достық, сүйіспеншілік, кішіпейілділік, жанашырлық, жақсылық жасау, әділеттілік, елжандылық, ізеттілік, сенім, махаббат, қайырымдылық, қамқорлық жасау сияқты құндылықтарды қалыптастыру көзделген. Іс-тәжірибеммен бөлісу мақсатында,  «Өзін-өзі тану» пәні өткізілген сабақ жоспарын назарларыңызға ұсынып отырмын.

Тақырып: «Жақсылық жолымен жүреміз».
Құндылық: Дұрыс әрекет.

Қасиеттер: ізгілік, саналылық, риясыздық.

Сабақ мақсаты:
Оқушыларға адам өміріндегі жақсылықтың маңыздылығын жеткізу арқылы дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу

Міндеттері:
 Білімділік:
Оқушыларға жақсылықтық ұғымының мәнін түсіндіре отырып, ізгілік қасиеті туралы түсінік беру.

Дамытушылық: Оқушыларды ізгі қарым-қатынас жасауға баулу арқылы риясыздық қасиетін үйрету.
Тәрбиелік: Оқушыларды ізгілік, риясыздық, саналылық, қасиеттеріне тәрбиелеу.

Ресурстар:
(материалдар, дереккөздер)
тақта, оқулық, дәптер, слайд, интернет желісінен видео) Р.А.Мұқажанова, Г.А.Омарова, Р.Мұратханова «Мұғалімге арналған нұсқаулық» — Алматы: «Бөбек» ҰҒПББСО, 2015 ж. 144 бет

Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңi. 5 «Т» ережесін еске түсіру.
1.Тәртіп.
2.Талап.
3.Тазалық.
4.Тыныштық.
5.Татулық.
Жағымды күйге Бөлену.(балара қол ұстасып, шеңберге тұрады)

Сұрақтар:
Қандай күйде болдыңыздар?…

 Үй тапсырмасын тексеру. 17 сабақ  «Бір жұлдызды құтқару» Аңыз әңгіме. 79-бет

Сұрақтар:
1.Аңыз әңгіме не туралы?
  1.Баланың жасаған іс-әрекетін қалай сипаттар едіңдер?
  2.Баланың бойында қандай қасиеттерді байқадыныз?
3. Жасаған жақсылықты неліктен міндет етпеу керек?
4.Өздеріңе басқалардың жасаған жақсылығын естеріңе түсіріп айтып беріндерші?

Сабақ барысын талдау

Әдемі әуен:                    «Хрустальная грусть»:

  1. Дәйексөз. «Жақсылық – жан азығы»
      1.Хормен оқыту
    2.Оқушыларға дәптерге жазғызу.
    3.Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?
 

Мұғалім сыйы: «Жақсылық пен жамандық» ертегісін айту.

 «Ертеде Данышпан ата өз ұрпағын сынау үшін адамның оң иығына жақсылықты, сол иығына жамандықты отырғызып қойыпты. Адам бір іс жасарда жақсылық «істе» десе, жамандық «істеме» деп сыбырлайды екен. Сөйтіп адамның бойында қай қасиет басым екенін байқамаққа оны сапарға аттандырыпты. Адам біраз жол жүріп, өзен жағасымен шаршап келе жатса, судың жағасына шығып қалған балықты көреді.
Балық секіріп суға жете алмай жатыр екен. Жақсылық жаны ашып:
— Адам, ана балыққа көмектесіп жібер, — десе, Жамандық:
— Қой, жөніңе жүре бер, уақытыңды алма, — дейді.

Адам балықтан әрірек асып барып, мойнын бұрып қарайды. Балық шарасыздан көзі жәутеңдеп, көмек сұрағандай болады. Адам шыдай алмай кері бұрылып барып, балықты суға салып жібереді. Балық ризашылығын білдіріп. Суда ойнақшып, секіріп, құйрығын бұлғақтатып суға сүңгіп кетеді. 

Адам одан әрі жүре береді. Бір теректің қасынан өтіп бара жатып, шыр – шыр еткен дауысты естіп тұра қалады. Қараса, кішкене ғана торғайдың балапаны ұясынан құлап қалған екен. Еңкейіп енді көтерейін деп жатса, Жамандық:
— Осы торғайдың балапанына бола жолдан қалмақпысың? Оны көтеріп ұясына салу үшін, теректің басына шығу керек. Мерт болсаң қайтесің? Өзің далада ит – құсқа жем боласың ғой, — дейді
.
Адам ойланып тұрып қалады. Осы сәтте Жақсылық:

— Ей, адамзаттың баласы, сен әлсіздерге қорған болып, қол ұшыңды беру үшін жаратылғансың. Мына бейшара балапанды ұясына сала кет. Шарапаты тиеді, — дейді.
Адам тағы да шыдай алмай балапанды алып, теректің басына өрмелеп шығып, ұясына салып кетеді. Балапан шиқ – шиқ етіп, қанатын қағып, разы болады.
Адам демалып алмақшы болып отыра бергенде, аяғының астында бидайдың дәнін әрең сүйреп бара жатқан құмырсқаны көзі шалады. Құмырсқа дәннің о жақ, бұ жағына шығып, қозғауға ыңғайлы ретін таба алмай, ісі өнбей келеді екен. Адам әуелі жамандықтың айтуымен құмырсқаны дәнінен айырып тастағысы келіп оқталады да, шыр – пыр болған Жақсылықтың сөзіне құлақ түрді. Ол:
— Әй, адам – ау, қалай ғана адамдығыңнан айнып кетуге әзір тұрасың. Бұл құмырсқа өзінен үлкен дәнді сүйреп, машақаттанып келе жатқанда, қол ұшыңды көрсетіп жолына салып жіберудің орнына, оны қызықтап, ермек қылғың келгені қалай? Одан да еңбек етуді осы кіп – кішкене тіршілік иесінен үйренбейсің бе? – деп налыған екен.

Адам өз ойынан ұялып, райынан қайтады. Сөйтіп Данышпан ата ұрпағын алдына шақырып алып:
— Міне, балам, жамандыққа ерсең жаман боласың, жақсылыққа ерсең жақсы боласың. Мен саған үш сын бердім, үшеуінен де өттің, разымын. Енді осылай адамдығыңнан айнымай, айналаңа қамқор болып, жамандыққа жоламай, жақсылыққа жолдас бол, — деп батасын береді.
Содан бері адам баласы жақсылықпен мұратына жетіп келеді екен» 

Сұрақтар:
  — Әңгіме не жайында?
  — Жақсылық жасау деген не?
  — Жақсы адамның бойында қандай қасиеттер болады?
  — Жақсылық жасау адамның міндеті ме?
  -Өздерін жақсылық жасаған кездерін болдыма?

 Бейнетаспа «Қарлығаш пен дәуіт»
Бейнетаспадан қандай ой түйюге болады?
Дәуіт қарлығашқа  қандай жақсылық  жасады?
Бейнетаспадан қай құндылық көрініп тұр?
Жақсылық жасау үшін адам бойында қандай қасиеттер болу керек? 

 

Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
  3-топқа тапсырма:  Оқушыларға өздеріне берілген тақырыпқа байланысты суреттерді жабыстырып және оны қорғау.
  1-топқа Үлкен адамдарға көмек.
2-топқа Жан-жануарға көмек.
3-топқа  Достарына көмек.

 

Топпен ән айту.
 Жақсылықпен жаным дос!
Жақсылықтың жолында,
Мейірімді жүрекпен.
Жақсы-жақсы  сөздермен,
Нұр төгейік баршаға.

 Қайырмасы:
Адамдарды алалап,
Кемсітуді білмейміз.
Кішіпейіл танытып,
Қол созамыз баршаға.
Риясыз ақ көңілмен,
Жақсылық жаса адамға!

 Жақсылықпен жаным дос,
Арамдықты білмейміз.
Жақсылықпен жаным дос,
Бауырмалмыз бәріміз…

 

Үй тапсырмасы.
82 бет «Қамқорлық» әңгімесін оқу.
 Дәптермен жұмысты аяқтау.

 

  1. Соңғы тыныштық сәті.
    Баяу әуен қою.
    — Көзімізді жұмып, еркін жайғасайық! Енді бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік, қанадай жақсы нәрселерді үйрендік, өзімізге нені алдық, сол жөнінде ойланайық. Мен осынау әсемде көрікті әлемді сүйемін. Егер барлық жасаған әрекетіміз дұрыс болса, біздің жан дүниемізде жан тыныштығы орнайды. Тыныштық, ол — жүрегіңді тыңдау. Осының барлығын жүрегімізге салып, көкейімізге түйіп алайық. Жайлап көздеріңізді ашуға болады.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Назарбаева С.А. Өмір әдебі. – Алматы, 2001.
2. «Өзін өзі тану» пәнінің мұғаліміне арналған әдістемелік құрал. – Алматы, 2016.
3.«Самопознание.кz»  сайты.

 

 

 

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype