+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Сейсенбi, 3 қараша 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 11 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Білім мазмұнын жаңарту — бүгінгі күннің басты мақсаты

ҚҰСАЙЫН Д.Б.,
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ- дың аға оқытушысы

     Қазақстандық білім беру мен ғылым жүйесін жаңғыртудың қазіргі заманғы кезеңі әрбір адамның сапалы мектепке дейінгі тәрбие мен мектептегі білімге қолжетімділігін, зерттеу және шығармашылық құзыреттерін дамыту мүмкіндіктерін көздейді. Отандық орта білім мазмұнынын жаңарту барысында қазіргі өмірде кең ауқымды дағдыларға көп көңіл бөлінеді. Бұл дағдылар жалпыадамзаттық және этномәдени құндылықтарға негізделе отырып, оқушыларға оқудағы, сондай-ақ өмірдегі проблемаларды шешуіне мүмкіндік береді. «Кең ауқымды дағдылар» келесі іс-әрекет түрлерінен тұрады: білімді шығармашылықпен қолдану; сыни тұрғыдан ойлау; зерттеу жұмыстарын орындау; АКТ қолдану; тілдік дағдылармен бірге қарым-қатынастың коммуникативтік тәсілдерін қолдану; топта және жеке жұмыс жасау біліктілігі. Жаңартылған білім мазмұны жағдайындағы мектептің ерекшелігі – оқудағы жетістіктер нәтижелі сипатқа ие, ал оқу процесі оқушылардың әрбір сабақта білімді «табудағы» белсенді қызметімен сипатталады.

      Бұған қол жеткізуде әрбір мұғалім өзінен бастайды, ол жаңарту процесінің әлеуметтік аспектілерін көрсетеді. Мұғалім педагогикалық ойлау немқұрайлығын жеңуі және оқушымен бірге өзі де оқуы тиіс. Білім алушылардың қолайлы дамуы үшін достық қарым-қатынастағы ортаны құру өте маңызды болып табылады.  Білім мазмұнын жаңарту шеңберінде бастауыш мектепте:
     — энциклопедиялық сипаттағы фактологиялық материалды беруге бағытталған оқытудан, акцентті ақпарат алу тәсілдерін үйретуге ауыстыру;
     — ынтымақтастыққа және дербестікке қабілетті тұлғаны әлеуметтендіру;
     — ақпаратты өздігінен алу, талдау және тиімді қолдану дағдысын қалыптастыру;

     — оқу бағдарламаларында көрсетілген білім мазмұны анықталатын және білім салалары бойынша әрі қызмет аспектілерін көрсететін күтілетін нәтижелерге көңіл аударатын оқу процесін дәстүрлі ұйымдастырудан бас тарту көзделеді, яғни оқушылар «біледі», «түсінеді», «қолданады», «талдайды», «жинақтайды», «бағалайды».
     Жаңартылған оқу бағдарламаларының мазмұндық ерекшеліктері:
     — пән мазмұнын жобалаудың күрделілік ұстанымы, яғни білім мен біліктерді арттыруда оқу материалын тігінен, сондай-ақ көлденеңінен біртіндеп кеңейту (білімді тақырыптар бойынша және сыныптар бойынша күрделендіру);
     — таным заңдылығы мен пәндік операциялардың неғұрлым маңызды түрлері бойынша ойлау дағдысының деңгейлік жіктелімдеріне негізделген Блум таксономиясы бойынша оқыту мақсаттарының иерерахиясы;
     — білім беру деңгейлері және тұтас оқыту курсы бойынша педагогикалық мақсаттардың пәнішілік байланыстарды барынша ескеруге мүмкіндік беру;
     — бір білім саласы пәндері арасында, сондай-ақ пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру барысында «ортақ тақырыптардың» болу;
     — бөлімдер мен ұсынылған тақырыптар мазмұнының уақыт талабына сәйкес болуы, әлеуметтік дағдылардың қалыптасуына назар аудару;
     — оқу процесін ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспарлар түрінде технологияландырылу болып табылады.
     Пәндерді, бөлімдерді, тақырыптарды кіріктіру, сондай-ақ пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру құралы – ортақ тақырыптар – жаңартылған бағдарламалардың бірден бір ерекшелігі болып табылады. Олар барлық пәндердің мазмұнымен, ұзақ мерзімді және орта мерзімді жоспарлау жүйесімен байланысқан. Сондықтан, мұғалім қысқа мерзімді жоспар дайындауда ортақ тақырыптар жүйесін сақтау және тапсырмаларды құрастыру мен оқушылардың сабақтағы қызметін ұйымдастыруда оларды ескеруі тиіс.
     Бағдарламада берілген оқу мақсаттарын ешқандай мұғалім өз қалауы бойынша өзгерте алмайды, сол мақсатты орындау үшін жұмыс жасауы қажет. Ұсынылған ортақ тақырыптар мұғалімнен күнделікті қарым-қатынаста, тақырыпта сай жағдаяттар құрастыру барысында ерекше шығармашылық шешімді қажет етеді. Аталған оқу мақсаттары бір оқу жылында, бір тоқсанда бірнеше рет қайталанып келуі мүмкін. Бұл мақсаттармен жұмыс оқушының білік-дағдыларын бекіте түседі. Оқушының бір сабақта толық меңгере алмаған тілдік дағдысын келесі сабақта толық меңгеруіне мүмкіндік алады. Сонымен қатар 1-сыныпта өтілген материал 2-сыныпта толықтырыла түседі. Берілетін білім көлеміне сай кеңейе түседі. Іздемпаз мұғалім оқу мақсаттарына сай шығармашылығын шыңдай отырып, әр сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуін қарастырады. Келесі сыныптарда оқу мақсаттар толықтырыла береді. Мұғалім ортақ тақырыптармен жан-жақты жұмыс жасай отырып, баланы ойландыруға жетелейтіндей жауап алуға тырысса натижеге жетеді. Баланы жеке, топпен, жұппен жұмыс жасауға үйретіп, өз бетінше жұмыс жасауға да бағыттауы қажет. Бірақ оқушыға шамадан тыс тапсырма беруден аулақ болуды да естен шығармау орынды. Сонымен қатар, балаға мазмұнды берілген білім есте жақсы сақталатынын да естен шығармаған дұрыс деп ойлаймын.
     Жаңартылған білім мазмұны мұғалімнен әрекеттік технологияларды енгізу, балалармен адамгершілік қатынас қағидасын іске асыруы арқылы сыныптағы әрбір оқушының жеке қабілеттері мен шығармашылық қатынасын дамытуды қамтамасыз ететін іс-әрекеттерін ұйымдастыруды талап етеді. Заманауи мұғалім оқыту стратегиясының барлық мүмкіндіктерін қолдану үшін түрлі педагогикалық тәсілдерді құрамдастыруда әртүрлі арсеналы болу қажет. Білім беру стратегиялары барлық сыныппен, топта жүргізілетін жұмыс, жеке жұмыс және білім алушылармен кері байланыстан тұрады. Мұғалім әріптестерімен бастауыш сыныпта оқыту бойынша желілік кәсіби қауымдастық шеңберінде кәсіби ынтымақтастық орнату қабілеттерін жетілдіруі қажет.
     Қазақстандық жалпы білім беретін мектептер үшін жаңа критериалды бағалау жүйесі білім алушыны дамыту, оның оқуға қызығушылығы мен мотивациясын арттыруға бағытталады. Әрбір оқушы мен оның ата-анасына бағалаудың түсінікті, айқын және өлшемді критерилерін орнатқан жағдайда оған қол жеткізуге болады. Дәстүрлі оқыту кезінде бағаны тек мұғалім қойса, қазір әр оқушы өзіне баға қоюға, жолдасын бағалауға қатыса алады.Білім алушының оқу жылындағы үлгерімі және оқудағы жетістіктері туралы деректерді жинау үшін бағалаудың екі түрі: формативті бағалау және жиынтық бағалау іске асырылады. Жиынтық бағалау, өз кезегінде, бөлім/ортақ тақырыпты, тоқсанды және орта білім деңгейін жиынтық бағалау рәсімінен тұрады.
     Бұл жаңартылған білім бағдарламасы оқушы үшін де, мұғалім үшін де тиімді бағдарлама. Мұғалімдер оқушыларының не білетінін  және нені жасай алатынын, сондай-ақ олардың қызығушылықтарын, әр оқушының нені жақсы көретінін болжай білуі керек. Тек өз білімін және шығармашылығын ұштай білген ұстаз ғана жаңаша білім береді. Әрбір жаңашыл мұғалім өзінің шығармашылық әрекетін дәстүрлі стильден алшақтап, үнемі жаңашыл идеялар жетегінде жүрсе, білім сапасы жақсара түсері сөзсіз.
     Қорыта айтқанда, жаңартылған білім беру мазмұны ұстаздардың ізденісінде, балаларға деген сүйіспеншілігінде, кәсіптік деңгейіне байланысты.  Жас қазақстандықтардың келешек тағдыры педагогтардың қолында. Әрбір оқушыны оқытып тәрбиелеуге байланысты

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Құсайынов А. Әлемдегі және Қазақстандағы білім берудің сапасы. — Алматы, 2013.
2. Bolan, McMahon, Stoll et al., (2005). [Тиімді кәсіби оқу қоғамдастығын құру мен қолдау].

3. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Бірінші деңгей. Екінші басылым. — «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2012.
4. Мұсабеков Ө. Тұлғаға бағытталған білім. // «Қазақстан мектебі» журналы. – 2007. — №1.
5. Құнапина Қ.Қ. «Мамандығым — мұғалім». – Алматы, 2011.
6. Егемен Қазақстан» газеті. — 2008. — №16.
7. Schleicher, A. (2012), Ed., Preparing Teachers and Developing School Leaders for the 21 st Century: Lessons from around the World. [ 21-ғасырға арнап мұғалімдерді даярлау және мектеп көшбасшыыларын дамыту: әлем елдерінің сабақтары]. OECD Publishing.

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype