+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Сейсенбi, 3 қараша 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 11 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Жасөспірімдердің жеңістері құтты болсын!

А. АМАНЖОЛОВ,
Т. Аманов атындағы орта мектептің  дене тәрбиесі пәні мұғалімі, Петропавловка ауылы,  Бородулиха ауданы
 

     «Шәкірттері білім мен өнер додасында оза шауып жатса, ұстаздың ерен еңбегінің жемісі» - демекші, шәкірттерім аудан, қала, республика жеңімпаздары атанып және жүлделі орындардан көрінуі ұстаздық еңбек жолымның жетістігі деп білемін.

       2016 жылдың қараша айында Семей қаласында өткен «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне арналған жасөспірімдер арасында жеңіл атлетикадан ашық қала Чемпионатында» ауданымыздың мәртебесін асқақтатқан 5 «а» сынып оқушысы Джайлаубаев Ернар 1000 метрден III орын иеленсе, 7 «б» сынып оқушысы Гайер Максим 1000 метрден II орын, 7 «а» сынып оқушысы Мусабеков Сарсен 1000 метрден I орын, 600 метр II орын және ұзындыққа секіруден II орынға ие болды. 8«б» оқушысы Сулейманов Данил 300 метрден және  600 метрден I орынға ие болса, ал 50 метрден II орынға ие болды.

     Сондай ақ 2017 жылы 14-16 қаңтар айында өткен Шығыс Қазақстан Облыс чемпионатында өзінің шеберлігін көрсетіп ерінбей еңбек еткенінің арқасында 600 метрден оқушымыз Сулейманов Данил II орын, 300 м III орын және эстафетадан I орынды иеленді. Жақсы нәтиже көрсеткендіктен республика құрама командасына алынып, 2017 жылы 27-28 ші қаңтар айында Өскемен қаласында өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында Сулейманов Данил 600 метрден III  орын иеленді.
     Ұстаздың міндеті — оқушыларының сапалы білім алуы, жақсы жетістікке жеткізуі, ал оқушылардың міндеті сол алған білімнен нәтиже шығару деп ойлаймын. Мектептегі қызықты пәндердің бірі дене шынықтыру пәні деп білемін. Дене шынықтыру сабағында басты нәрсе атқаратын – бұл, психологиялық жағдай. Бұл пәнде оқушылар ішкі жан дүниесімен өркендейді.
    Мектебімізде сабақтан тыс уақыттарда дене тәрбиесі пәні мұғалімдерінің жетекшілігімен спорт үйірмелері ұйымдастырылған. Үйірме жетекшілері мен оқушылардың табанды еңбектері өз кезегінде оң нәтижесін беріп те жатыр. Өзімнің өткізіп келе жатқан «Көпшілік спорт түрлерінің», соның ішінде «Жеңіл атлетика» үйірмесіне қамтылған оқушылардың алдында өз жауапкершілігімді сезіне отырып, аталған спорт түрінің алғашқы қыр-сырын меңгеруде ұстаз ретінде шығармашылығымды шыңдап келемін.
       Елімізде бүгінгі уақытта жақсы дамып келе жатқан спорт түрлерінің бірі – жеңіл атлетика. Олимпиадада еліміздің атын шығарып биік белестерден көрініп жүрген қаншама отандастарымыз бар. Сорт саңлақтарының  қатарын көбейтіп, жасөспірімдерді тәрбиелеуде әлі де талай жетістіктерге жететінімізге сенімім мол. 

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype