+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Дүйсенбi, 2 қараша 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 11 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Ұстазы талантты болса, шәкірті талапты болады

Садвакасова Т., Благодарное орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, Келдімұрат ауылы, Үржар ауданы

      Мектеп – рухани даналықтың баспалдағы. Білім ордасының тірегі де, жүрегі - озық ойлы білімді де білікті  ұстаз.
      Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
      Ұстаз болу – сезімнің ақылдығы.
      Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
      Ұстаз болу – адамның асылдығы, –деген Ғафу Қайырбековтың өлең жолдары өз қалаған мамандығының қыры мен сырын меңгере білген менің әріптесім, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Лепсібаев Ербол Төлеуғазыұлына арналғандай. 

      Ербол Төлеуғазыұлы өзі жас болғанымен, жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбиені сіңіру жолында жетістіктері жетерлік. Жоғарғы санатты ұстаз облыстық, аудан әкімінің және  білім бөлімінің мақтау грамоталарымен бірнеше рет марапатталған. Ол қашанда игілікті істің қасынан табылады.
        Ауылдық, аудандық, облыстық, республикалық шаңғы жарыстарының бірнеше дүркін чемпионы атанған Ербол Төлеуғазыұлының бүгінде тәрбиелеп отырған шәкірттері де аз емес, солардың бірі – Тарасова Анжелла. Ол – Қазақстан Республикасының жасөспірімдер спорты арасындағы жеңімпазы, спорт мектебінің тәрбиеленушісі, шаңғы спортының шебері, 28 қаңтар мен 8 ақпан аралығында Алматы қаласында өткен 28-ші қысқы Универсиадаға қатысты.

      Ақырын жүріп, анық бас,
      Еңбегің кетпес далаға.
      Ұстаздық еткен жалықпас,
      Үйретуден балаға, – деген
ақын Абайдың өлең жолдары ойға оралады. Егер әр білім алушы шәкірт өлеңдегідей өмірде өз орнын тауып, жетістіктерге жетіп, кірпіш болып қаланса, төккен тер мен адал еңбектің ақталғаны емес пе?!
       Халқымызда  «Ұстаздан шәкірт озар» деген сөз бар. Ұстаз бен шәкірттің арасы бір-бірімен тығыз байланыста болған жағдайда, шәкірт сөзсіз ұстаздан озатыны мәлім. Жас шыбықты, үрімдей жеміс ағашын жерге егіп, күнара суарып, баптап, өсірсең жеміс беріп, үлкейіп өседі, өркендейді. Шәкіртінің өзінен озып, оның жемісін көру ұстаз үшін үлкен қуаныш пен мәртебе. Дүниенің кезек екенін бәріміз жақсы білеміз. Ұстазынан озған шәкірт – ұстаздың берген білімінің жемісі…
      Ұстаз болу – өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау, Благодарное орта мектебінің ұжымы Ербол Төлеуғазыұлына шығармашылық табыстар тілейді. Анжелла қызымыздың  алдағы уақытта да ұстаз үмітін ақтап, мектеп мерейін асырып, биіктерден көрінуіне тілектеспіз.
Елінің елеулі азаматшасы болып, ұстазының мақтанышы болсын деген жүрекжарды тілегімізді білдіреміз!

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype