Сонымен бірге кітап – қоғамды дамытатын қуатты құралдың бірі ғана емес, кейінгі ұрпаққа өшпес із қалдыратын құнды баға жетпес дүниелердің бірі болып табылары анық.
Ауыз әдебиетіндегі жас сәбиді жұбатқанда, оның тұсауын кескен де, бесікке бөлеп әлдилегенде айтатын бесік жырының тәрбиелік мәні өте керемет болып табылған. Ананың ақ тілегі, сүйіспеншілігі, баласына қояр талабы мол болған.
Міне, осы салт-дәстүрге байланысты айтылған кез-келген мәнді мағыналы жырлардың бәрі біздерге кітап арқылы жеткен. Сол кітапты оқу мен оқығандарын іске асыру болашақ ұрпақтың ата-бабаларымыздың сан ғасырлар бойы сақтап келген ұлт болашағына тигізетін пайдасынның бір бөлшегі болып табылады.
Кітаптың берер пайдасының ұшан-теңіз екенін барлық адамзат қауымы мойындай білген. Сонымен қатар оны мойындап қана қоймай оны әркезде әр уақытта іске асырып отырған. Кітапта жазылған барлық нәрсені өзіне алудың еш негізі жоқ, ішіндегі адамгершілік пен адалдыққа ұсынылған сол тұрғыда негізделіп жазылған әңгімелер мен ұлттың ұлықтығын сақтайтын батырлар жырларын, жас балаларды ерекше еліктіретін ертегілер мен аңыз әңгімелердің балалар үшін беретін пайдасымен тәрбиелік мәні өте зор болады. Мәнді де, мағыналы жазылған кітаптар ғана балаларды өзіне баули алады.
Кітап оқуға деген қызығушылық, ерте балалық жастан қаланады және кітапқа деген қызығушылықты дұрыс қалыптастыратын ата-анаға байланысты болады. Отбасы жас жеткіншектің тұлғасын дамытудағы негізгі орта болып табылады. Сондықтан оқуға деген қажеттілікті, қызығушылық пен сүйіспеншілікті қалыптастыратыны сөзсіз.
Кез-келген уақытта кітап оқу адамдардың мәдениеттілігінің, білімділігінің бір өлшемділігі ретінде қарауға болады.
Енді осы кітаптағы білім алып, оны өз қажеттеріне жұмсайтын оқушылар қандай болу керек, оларға қалай кітап оқытып, білімді азамат жасауға болады?
Балабақшадан басталған кітапқа деген қызығушылықты тәрбиеші ойындар арқылы бала санасын ұялатып, оның сана-сезіміне түсік арқылы жеткізіп отыру керек. Бала балабақша табалдырығын аттаған күннен бастап кітаптың құдіретін ұғындыру. Жыртпауға, сызбауға, боямауға үйрету тәрбиешілердің басты міндеті болған дұрыс.
Балабақшадан кейін бала мектеп табалдырығын аттап, білім ұясына қанаттанып жетілетін балапан сияқты, біліммен сусындайды. Міне, осы шақта бала ең алғашқы кітабы әліппемен танысып, білім жолына түсуіне ықпал жасау керек. Сондықтан кітаппен дос бола білу сонау балалық шақтан басталуы керек.
Бірінші сыныпта өзінің алғаш бастап оқыған пән оқулығы туралы мағлұмат беру. Мектептегі бірінші сыныпта әліппе пәнін оқып бітіргеннен кейін кітапханашылар мұғалімдермен тығыз байланыстағы бағдарламаны жыл көлеміне ұйымдастырса нұр үстіне нұр болар еді. Алғашқы күннен бастап «Біздің кітапхана» деген атпен оқушыларға мектеп кітапханасында жыл көлемінде акция ұйымдастырылса. Кітапханашыларға көмекші ретінде оқушылар арасынан кітапханашыларды сайлап қойсақ. Барлық оқушы кезекпен жыл бойы кітапханашы болып шыққаны дұрыс болар еді. Осы уақытта сыныптың білім сапасы жоғарлайды, жолдастық сезімі оянады.
Міне, осы сәтте ата-аналардың да жауапкершілігі артады. Әр айдың соңында қорытынды шығарылып «Кім көп кітап оқыды?», «Кім жылдам?», – деген сайыстар өткізіп отырса, оқушылар мен кітапханашылар арасында үлкен байланыс болып, оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылғы артар еді. Сайыста зейінді, жылдам, оқымысты, мәнерлеп оқитын, сауатты оқушыны аңғарып мектептегі жиындарда мадақтау қағаздарымен марапаттап отырса, осы кезде басқа оқушылардың сол балаға ұқсауға бір ұмтылысы болар еді. Сонымен қатар бала тек кітапқа емес, ғылымға деген қызығушылығымен ой қалыптасар еді.
Кітап оқымайды деп байбалам салғанша жан-жақты болып қызмет жасауымыз керек. Оқушылар әр кезде кітап оқу арқылы адамзаттың ақыл-ойдың інжу маржанын бойына жинайды да, оларды ұрпақтан – ұрпаққа болашақ арқылы жеткізеді. Кітап – барлық білімдердің басын бір жерге тоғыстырып, кез-келген сәтте көмекке келетін ерен күш, әрі білімді жетілдіріп, жан-жақты ізденіп, тіл байлығын дамытып, саналы да, білімді адам шығаруда таптырмайтын баға жетпес дүниенің бірі болып табылады.
Егер, бүгінде теледидармен компьютерге телмірген жастарымыздың мойынын кітап оқуға бұрып, олардың кітап оқуға деген құштарлығын қайта жаңғыртып көкейлеріне ұялата білсек, онда ұлтымыздың салт-дәстүрімен, сан ғасыралар бойы жоғалмай келе жатқан ұлттық ерекшектеріндегі айшықтармен ерекшеліктер ешқашан да жоғалмас еді. Шындығына келсек, оқушылар кітапты оқымай, ондағы тәлім-тәрбиеге толы аңыз-әңгімелермен ұлағатты сөздерден үлгі-өнеге ала алмайтыны анық. Кітаптан алыстаған жас жеткіншектердің болашағы бұлыңғыр, келешегі күңгірт болатыны ақиқат.
Осы турасында жақында ғана Елбасымыз Н.Назарбаев «Өмір өзгеріп жатыр. Планшет пен iPAd баланың ең сүйікті ойыншығына айналды. Олар планшеттің алдында сағаттап отыруға бар», – деді мемлекет басшысы бейсенбі күні әйелдер қауымы өкілдерімен болған кездесуде. «Балалардың ақпарат алып, білімін толықтырғаны жақсы, әрине. Бірақ, оның кері әсерінің де аз емес екенін жасырмай-ақ қояйық. Бұл өте қауіпті. Планшеттерді пайдаланып қана қоймай, кітап оқу керектігін әлем халқы түсіне бастады. Бәрібір компьютердің алдында отыратындарды кітап оқитындар басқарады дейді. Қазақстанда біз осыған ерекше мән беруіміз керек», – деп айтуы тегін емес, ұлт болашағына, ел келешегіне алаңдаушылығын білдіруі.
Енді осы кітапты оқуға оқушылардың қызығушылығын артыру үшін не істеу керек. Оларға қандай әдіс- тәсілдер қолдану керек деген саулға мен мынадай әдіс-тәсілдерді ұсынсам:
Кітап оқуға қызықтыру үшін қандай әдіс-тәсілдер керек:
* кітаптың мұқабасы өте тартымды, әрі балаларды қызықтыратындай болса;
* мектеп оқушыларына «кім көп кітап оқыды?», «кім жылдам оқиды?» деген ой тастап, кітап оқыған оқушыны марапаттап отырса;
* кітап ішіндегі жазылған мәтін, өлеңдер балалардың жас деңгейлеріне қарай берілсе;
* қазақтың аталы сөздері арқылы оның мағынасын түсіну үшін ізденіп кітап оқу керек екенін ұғындырсақ;
* бағасы қол жетімді болса.
Ойымызды қорыта айтар болсақ, «Кітап – білім бұлағы, білім – өмір шырағы», — деген қанатты сөз жас ұрпақтың көкейінде шамшырақ сияқты жарқырап тұруы тиісті. Өйткені, кітап адамзат өмірінің құнды мұрасы, алтын қазынасы, ғұмырлық шежіресі болып табылады.
Соңғы уақытта халықтың кітап оқуға деген ықыласы төмендеп барады. Бұған себеп интернет ресурсының пайда болуы. Әрине, халықтың басым көпшілігінің кітаптан гөрі, интернетті бағалы санайтыны көңілді қынжылтады. Интернет қанша жерден уақытты үнемдегіштігімен ерекшеленгенімен де, ғасырдан ғасырға жылжып келе жатқан кітапсыз – білім жоқ, білімсіз күнің жоқ. Интернет желісіндегі қазақ тіліндегі ақпараттар мен кітаптардың сөз құрылымы, аудармасы сапалы, әрі құндылығы өз дәрежесінде деп айту өте қиын. Бүгінгі жастар бірінші кезекте керекті мағлұматты интернет желісінен оқып, соны пайдалануда. Міне, осыдан бүгіндері ұлттық құндылықтарымыз ұмыт болып бара жатқаны жасырын емес.