* Оқу материалдары бойынша әңгіменің әрі қарай не туралы болатындығын, оның салдары мен нәтижелерін болжау.
Нәтижесінде оқушылар: фактілерді, ережелерді, қағидаларды түсінеді.
Сөзбен келтірілген материалды, схемалар, графиктер, диаграммаларды түрлендіреді. Мысалы: сөйлемді аяқтаңыз; сөйлемді өзгертіңіз; өзара байланысын түсіндіріңіз; айырмашылығын көрсетіңіз; өз сөзіңізбен айтыңыз; графикті, суретті түсіндіріп беріңіз. Мысалы: зат есім мен етістікті салыстыру:
— түсiнгенiңiздi өз сөзiңiзбен айтып беріңіз;
— зерттеуiңiздi таблица жүзiнде көрсетiп, қысқаша мазмұндап берiңiз;
— шығарманың сюжетiн өз сөзiңiзбен әңгімелеп берiңiз.
Қолдану. Таным мен ойлаудың орта деңгейі.
Жаңа білімдерді, әдістерді және ережелерді түрлі нұсқада пайдалану. Бұл категория оқу материалын нақты жағдайда және мүлдем жаңа ситуацияда қолдануды меңзейді. Мұнда ережелерді, әдістерді, ұғымдарды, заңдарды, қағидаларды, теорияларды практикалық тұрғыдан қолдану кіреді. Оқу нәтижелері түсіну деңгейіне қарағанда материалды тереңірек игеруді талап етеді. Нәтижесінде оқушылар:
1. Ұғымдар мен қағидаларды жаңа жағдайларда қолданады.
2. Заңдар мен теорияларды практикалық тұрғыдан нақты ситуацияларда қолданады.
3. Әдіс немесе жұмыс ретін дұрыс қолданатындығын көрсетеді. Мысалы: оқушыларда метафора мен теңеу туралы түсiнiк бар (Білім), олардың айырмашылығы да белгiлi (Түсiну), ендi олар Абайдың «Қыс» өлеңiнде метафора мен теңеу қандай бейнелерді құрастыратындығын айтып беруi керек.
Талдау.Таным мен ойлаудың жоғарғы деңгейі. Дәйектер мен себептерге сәйкес ақпаратты тексеру және жіктеу. Қорытынды жасау және жалпылаудың болғанын растайтын дәлелдерді анықтау.
Оқу материалының құрылымы анық көрінуі үшін оны құрамдас бөліктерге бөлу: бүтіннің бөліктерін ажырату; бүтіннің бөліктерінің арасындағы өзара байланыстарды анықтау. Бұл категория оқу материалының мазмұнын сезінумен қатар оның ішкі құрылысының қалайша құралатындығын меңзейді. Нәтижесінде оқушылар:
— элементтерді талдайды;
— қарым-қатынасты талдайды;
— ұйымдастыру қағидаттарын талдайды;
— жасырын (көзге көрінбейтін) жәйттерді ашады;
— ойдың өрбуінен кеткен қателер мен олқылықтарды айқындайды;
— фактілер мен олардың салдарының арасын ажыратады;
— ұсынылған фактілердің маңыздылығын айқындайды;
Мысалы: топтастырыңыз; салыстырыңыз; себебін талдаңыз.
Теореманың екi бөлiгiн салыстырыңыз.
«Ер – туған жерiне, ит – тойған жерiне» деген мақалды қалай түсiнесiз?
Жинақтау. Таным мен ойлаудың жоғарғы деңгейі.
Жаңа үлгідегі әртүрлі тәсілдер мен элементтерді қиыстыру арқылы ақпараттарды жүйелеу немесе балама шешім ұсыну.
Оқу материалының элементтерінен жаңашыл сипаттан бүтінді (нәтижені) құрастыру. Жаңа нәтиже ретінде оқу материалдарын мүлдем өзгеше реттейтін хабарлама (баяндама, сөз), жұмыс жоспары, схемаларды атауға болады. Мұндай оқу нәтижелері жаңа мазмұн мен жаңа құрылымдарды жасап шығаратын шығармашылық әрекеттерді қолдануды талап етеді. Нәтижесінде оқушылар:
— шығармашылық тұрғыдан кішігірім шығарма (эссе) жазады;
— тәжірибе жасаудың өзіндік жоспарын ұсынады.
Қандай да болмасын проблеманы шешу үшін өз білімдерін шығармашылықпен қолданады. Мысалы: өз шешіміңізді табыңыз, алгоритм құрастырыңыз, баламасын табыңыз, бөліктерден құраңыз, жүйелеңіз, зерттеңіз.
1. Эссе, шығарма, өлең, шешендiк (ораторлық) сөз, сценарий, компьютерлiк бағдарлама жазу.
2. Мәлiмет бойынша барлық бiлiмдi тиянақтап, оны бiр жүйеге келтiрiп, жоспар немесе кесте құру (тәжірибенi жоспарлап, нәтижесiн бақылау).
3. Ғылыми гипотеза (болжау) құрастырып, ұсыну.
Бағалау. Таным мен ойлаудың ең жоғарғы деңгейі.
Пікірмен таныстыру және оны дәлелдеу, ақпарат бойынша қорытынды жасау және жұмыс сапасын бағалау. Оқу материалының маңызын анықтау, ол туралы өзіндік пікір келтіру, ойын білдіру. Бұл деңгей алдыңғы категориялардың оқу нәтижелелеріне қол жеткізуді меңзейді. Нәтижесінде оқушылар:
— оқу материалы құрылымының логикасын жазбаша түрде бағалайды.
— ішкі немесе сыртқы критерийлерге сүйеніп, оқу материалының маңыздылығын айқындайды.
— жасалған шешімдер мен қорытындылардың берілген фактілерге сәйкестігін анықтайды.
Блум таксономиясы бір ізбен реттелген мақсаттар жүйесі арқылы оқушылардың білім деңгейлерін анықтап, шығармашылық деңгейге жетуді ұсынады. Блум танымдық салада алты деңгейді бөлді, атап айтқанда ол ең төменгі деңгей ретінде фактілерді қарапайым қабылдау мен танудан бастап анағұрлым күрделі және абстрактілі психикалық деңгейлерге қарай жылжып отырып, ең күрделісі бағалау деп жіктеді.
Оқушы білімін шығармашылық деңгейге жетелеу өнімді тәсілдермен жүзеге асады. Ол өнімді деңгей деп аталады. Ғалым әдіс-тәсілдерді оқушының когнитивтік іс-әрекетіне байланысты білімді меңгертуде қолдана отырып өнімді-өнімсіз деңгей деп бөледі.

Негізінде, Блум таксономиясы бір ізбен реттелген мақсаттар жүйесі арқылы оқушылардың білім деңгейлерін анықтап, шығармашылық деңгейге жетуді ұсынады. Блум танымдық салада алты деңгейді бөлді, атап айтқанда ол ең төменгі деңгей ретінде фактілерді қарапайым қабылдау мен танудан бастап анағұрлым күрделі және абстрактілі психикалық деңгейлерге қарай жылжып отырып, ең күрделісі бағалау деп жіктеді. Осылайша, Блум таксономиясының басты белгісі осындай жүйеленген мақсаттармен ерекшеленеді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Мұғалімге арналған нұсқаулық. ҚР орта білім мазмұнын жаңарту аясында қазақ тілінде оқытатын мектептердің қазақ тілі мұғалімдерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы, Назарбаев Зияткерлік мектептері ДББ, 2015.-24 б.
2. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Үшінші (негізгі) деңгей «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ, 2012. — 306 б.
3.Бағалау саясаты. Астана қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебі. – 2014. http://www.nis.edu.kz/.
4. Cpm. Kz. Үшінші негізгі деңгей. Бірінші бетпе-бет, 3 апта, 1 күн ресурстары.
5. Журнал «Информатика негіздері // 2005.-№ 1.