Мұғалім сабақта махаббат пен сенімділік атмосферасын құру қажет. Балаға деген сүйіспеншілік әсерленуі – бұл ерекше рухани тәжірибе, яғни оқушыларды өзін-өзі тәрбиелеу және өзін-өзі дамытудың ішкі күшін оятады және білімнің маңыздылығын жасайтын процесс. Сабақ сүйіспеншілікке толған кезде риясыз істеген әрекеттері қажеттіліктің мәні болады. Оқыту процесінде оқушы адамгершілік әрекеттерден қуаныштың дәмін сезу керек. Осыған орай өз пәнімде кез келген оқушы өзін өте жайлы сезініп, өз ойын ашық айтуға тырысады. Осыған байланысты мен де әрбір баланы жеке тұлға ретінде тануымыз қажет деген пікірдемін.
Оқушы үшін мұғалім тұлғасы маңызды. Сүйіспеншілігі мол, мейірімді ұстаз,төзімді де жаны қарапайымдылыққа толы болса, оқушының мінез-құлқын қалыптастыруда өмірлік маңызды роль атқарады. Егер мұғалім өз ісіне таза және берілген болса, мыңдаған бала үлгілі болып, елімізде мыңдаған жетілген тұлға, жақсы мінез-құлықпен білімді ерлер мен әйелдер болар еді Орыстың ұлы жазушысы Л.Н.Толстой мұғалімнің үлгісіне маңызды деп ерекше назар аударған: «Егер мұғалім өз ісін ғана сүйсе, онда ол жақсы мұғалім. Егер мұғалім оқушыны ата-анасы сияқты сүйсе, онда ол бүкіл кітаптарды оқып шыққан мұғалімнен де артық болады, бірақ өз ісіне де, оқушыға да сүйіспеншілік танытпайды. Егер мұғалім өз ісі мен оқушыға сүйіспеншілігін біріктірсе, онда ол кемел мұғалім».
Мұғалім өзі неге оқытып жатыр соған өзі қол жеткізетін болса, міне осындай тұрғыда мұғалім оқушының назары мен құрметін бағындырады. Тек қана мұғалім ғана жалпы адамзаттық құндылықты өзінің ойымен, сөзімен және ісімен жарыққа шығара алады.Оқушы тұлғасының қалыптасуы үшін көп маңызы бар.
Мұғалім ақыл-ойы тұрақты, байсалды мінезі болуы керек. Әрбір мұғалімде үш түрлі қасиет болу керек: ой тазалығы, шыдамдылық, тұрақтылық.
Осы үшеуін оқытуда қолданғанда, жетістікке жетеміз. Барлық адамзаттың ұлы ұстаздары өздері нені ойлады, нені айтты соны өмірде қолданды. Ендеше ойдың, сөздің және істің тұтастығын өзінің ішкі дамуының бағытталған ұстанымдарында қасиеттер ретінде қабылдайтын болса, онда олар бүкіл оқушыларды өзгерте алады.
Қоғам дамуының заманауи кезеңіндегі мұғалімнің адамгершілік келбетінің жетекші рөлі маңызды. Қазіргі уақытта мұғалім әр адамның ішкі жан дүниесінің сыр сандығы болып табылатын рухани ізгілік сияқты терең ұғымдарға бет бұра отырып, руханилық негізінде терең ой, ұшқыр талап, зерделі дүние таным және адамгершілік қасиеттерді меңгеруі керек. Сонда ғана мұғалім мен оқушы өз өмірін кемелдендіре түседі.
«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім жобасының авторы С.А.Назарбаеваның сөзімен қорытындыламақпын «Отбасында, мектепте, қоғамдық орындарда үлкендер мен бала арасында сыйластық, махаббат пен мейірімділік, шапағат шуағы мен ізгілік нұрына бөленуі тиіс. Өйткені, біз баланы адал еңбек етіп, халқын сүюге тәрбиелеп отырмыз. Сондықтан, ұл-қызымызға көзбе-көз айтқан сөзіміз, берген тәрбиеміз жүректен жүрекке жетсе, қандай ғанибет!».