Талшын: Гүл гүл жайнап бәріміз,
Кіреді біздің сәніміз.
Аналарды тойымен,
Құттықтаймыз бәріміз.
Ислам: Айналайын анашым,
Асқар таудай панасың,
Күн көзіндей күлімдеп,
Құшағыңа аласың.
Мөлдір: Көктем, көктем, көктемде,
Құстар келіп жеткенде.
Біз қуанып қаламыз,
Әнмен қарсы аламыз.
Ән: «Көктем».
Қыз: Ханның қызы кіреді айқайлап, шолжандап кіреді. Балаларға барып, түрткілеп жүреді. Мен әкемнен қашып кеттім. Балалардың артына тығылып қалады.
Хан: Осы қызымды қалай тәрбие берсем екен. Әй, балалар, менің қызым Құндызды көрдіңдер ме?
Балалар: Жоқ
Хан: Таптым-ау әйтеуір. Жүр мерекеге барамыз. Бүгін аналардың, әжелердің мерекесі жүр соған барамыз. Мен бір жарлық шығарып едім ғой. Кәне, менің жарлығымды әкеліңдер.
Күтушілер: Екі жағынан ұстап екі күтуші жарлықты алып келеді.
Жүргізуші: Бізге Хан мынандай жарлық шығарыпты. Ең ақылды, ең шебер, ең өнерлі аналардың арасында өзінің қызы Құндызға тәлімгер тәрбие үйрету үшін «Керемет аналар» сайысын өткізуге жарлық шығарыпты.
Хан: Сәлеметсізбе құрметті аналар, әжелер, кішкентай қыздар. Міне, мен Құңдыз атты қызыма тәлімгер іздеп келдім. Кәне, аналардың сайысын бастайық. Ал енді мен әділқазыларды алқасына сайлап алайын. Балабақша меңгерушісі Т.Г.; әдіскер. Е.А. ата-ана, хан.
Жүргізуші: «Керемет аналар» сайысының бөлімдерімен таныстырып өтейін.
1. «Өзім туралы мәлімет». Таныстыру кезеңі
2. «Өнерлі өрге жүзер». Өнер көрсету кезеңі
3. «Шебердің қолы алтын». Моншақ тізу кезеңі
4. «Кімнің ойы ұшқыр». Қимылмен іс-әрекет көрсету кезеңі
5. «Ас – адамның арқауы». Үй тапсырмасын көрсету кезеңі
6. «Тұлғасына сән киім жарасады». Киім үлгісін көрсету
Жүргізуші: Ал халайық, ықыласпен демелік,
Аналардың бүгінгі сайыстарын көрелік.
Ақылы мен сымбатына қарап біз,
Әділдікпен бағаларын берелік.
Жүргізуші: Гүл қөңілдер қуанышпен өрілді,
Көздерінен жалын нұры төгілді.
Жыр ұшқындап тұр ғой, әне, үніңнен,
Көпшілікке таныстыршы өзіңді, – деп сайысымыздың бірінші кезеңі «Өзің туралы мәлімет» таныстыру кезеңіне береміз.
Жүргізуші: Келесі кезекті мың бұралған қыздарымыз өздерінің «Жүрек» биін билеп береді.
Би: «Жүрек».
Жүргізуші: Қазақ халқы өнегелі бай екен,
Өнер – деген мол қазына кен екен,
Би билеп, ән айтып жырламайтын,
Өнерсіз қазақ, кем де кем екен. Келесі кезекті сайысымыздың екінші кезеңі «Өнерлі өрге жүзер» демекші өнер көрсету кезеңіне береміз.
Ойын «Дәнді дақылдарды ажырату».
Жүргізуші: Ал, аналар халықта,
Қалықтаудан жалықпа.
Саусақтарың майысып,
Шеберлік көрсет халыққа.
Сайысымыздың үшінші кезеңі «Шебердің қолы алтын» моншақ тізу кезеңі (үш минут беріледі). Үй тапсырмасы.
Жүргізуші: Қыздарға әсемдік жарасады,
Ай көркі биіктетер аласаны.
Болмаса сұлу қыз, ару әйел,
Табысып әркімдермен таласады.
Сайысымыздың төртінші кезеңі «Кімнің ойы ұшқыр» қимылмен іс-әрекетті көрсету кезеңі.
1. Аяқ киімі аяғын қысып тұрған адамның кейпін көрсетіңіз?
2. Қараңғы түнде орманда адасып кеткен адамның кейпін көрсетіңіз?
3. Ұтыс билетін қомақты ақша ұтып алған адамның кейпін көрсетіңіз?
4. Автобусқа міндіңіз, билет алайын десеңіз теңгеңіз жоқ. Ұрланыпты. Сіздің іс-әрекетіңіз? (Әділқазылар сән үлгісінің бағаларын көрсетеді).
Алихан: Ақ сүт беріп, аялап,
Өсірген ақ анашым,
Өзіңді өссем саялап,
Сен мен үшін данасың.
Ерқанат: Біз деп соғып жүрегі,
Күндей күліп жүреді.
Мен – анамның бөбегі,
Мені ол жақсы көреді.
Еңлік: Мен бәріне адалмын,
Маған жақын бар адам.
Барлығынан соларың,
Жақынырақ жан анам!
Мақсат: Әр сөзіңді жаттаған,
Жүрегімде сақтаған.
«Анашым», – деп мақтанам,
Айналайын ақ мамам.
Бауыржан: Бал бөбегін баптаған,
Мамам үшін мақтанам.
Ақ бетіңнен сүйетін.
Келші, келші ақ мамам.
Ильяс: Біз доспыз гүлдермен,
Текке оны жұлмаймыз.
Той күні бір-бірден,
Анаға сыйлаймыз.
Ән: «Ақ мамам».
Жүргізуші: Аялаймыз ананы,
Құрметтейміз, бағамыз.
Сіздер үшін аналар,
Шырқап әнге саламыз.
Жүргізуші: Тұлғасына сән киім жарасады,
Бүкіл әлем таңғалып қарасады, – деп ортаға көрікті, сымбатты, инабатты, нәзік керемет аналарымызды шақырамыз өздерінің сән үлгілерін көрсетеді.
Би: «Испания».
Жүргізуші: Бойларында от бар екен байқадық,
Жүректерде шоқ бар екен байқадық.
Әрқашан да осы шоқты өшірмей,
Жалындатып шарықтаңдар әрдайым.
Сайысымыздың алтынышы кезеңі «Ас – адамның арқауы» үй тапсырмасы.
Жүргізуші: Әділқазылар алқасы өз шешімдерін шығарғанша кезекті әнге береміз!
Алан: Анашымды сағынам,
Оған ешкім жетпейді.
Анасының жанынан,
Бөбегі де кетпейді.
Інжу: Ананың әр бір сөз ой талабы,
Жүректің тереңінде сақталады.
Өсеміз елін сүйген ұландар боп,
Ардақты ана еңбегі ақталады.
Сабира: Ана біздің күніміз,
Ананың біз гүліміз.
Қыздарыңды қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз.
Әмина: Бейнетімнен қашпаған,
Еңбегің де зор екен.
Құтты болсын апатай,
Айналайын, ақ мамам.
Тамирис: Әже деген көп шығар,
Әжемдей менің жоқ шығар.
Мейірімді ол кісі,
Қандай ғажап күлкісі.
Нұржан: Әжем менің әдемі,
Тойға барса кәделі.
Кәмпит әкеп береді,
Мені жақсы көреді.
Ән: «Әже».
Көктем: Сәлеметсіңдер ме, балалар, аналар, әжелер! Балабақшада аналар мейрамы тойланып жатыр деп асыға жеткенім, мерекелеріңіз құтты болсын! Балалар көктемді сағына күттіңдер ме?
Жүргізуші: Рахмет, Көктем, төрлетіңіз. Біздің мерекеміздің қадірлі қонағы болыңыз. Біздің балалар көктемді аңсап күтуде. Біздің балаларымыз сіздерге арнап әндерін шырқап береді.
Ән: «Отаныма көктем келді».
Көктем: Менімен бір ойын ойнайсыңдар ма?
Ойын: «Гүл шоғын жинау».
Жүргізуші: Біздің балаларымыз ағылшын тілінде аналарына арнап тақпақтарын айтып береді. (Мақсат, Бауыржан, Тамирис).
Биі: «Бөбектер».
Жүргізуші: Құндыз әр сайысқа қатысушылардың өнеріне, ақылдылығына таң қалып, қызығушылығын танытады. Ал Хан болса өзінің қызына жақсы бір тәлімгер табылғанына қуанып халықпен қуанышымен бөліседі.
Хан: Уа, халайық! Жарайсыңдар! Менің қалашығымда өте өнерлі арулардың болғанына қуаныштымын. Барлықтарын шеберлі өнерлі, ақылдысыңдар! Барлықтарыңа ризамын. «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» деген сөз бар.Орталарыңнан жарып шыққан «Керемет аналар» сайысының жеңімпазын Құндызыма тәлімгер қылып тағайындаймын. Келіңіз төрлетіңіз.
Көктем: «Мынау менің құшағым толы қыр гүлін, гүлдей жайнаған аналарға сыйлағым келіп отыр» деп гүлді таратады. Осы гүлдей құлпыра беріңіздер! Аяулы аналар, әжелер мерекелеріңіз құтты болсын!
Көктем: Біздің топтың ұлдары қыздарымызға арнап сыйлықтар дайындайды. Сол сыйлықтарды қыздарға табыс етейік.
Жүргізуші: Біздің атымыдан балаларға арнап «Балапаным» әнін жолдаймыз.
Ән: «Балапаным», НұрланАлимжанов.
Жүргізуші: Сүйсіндірген баршаны өнерімен,
Аналардың жүзінен таң нұрланды.
Қуандырып сіздерді шаттандырған,
«Керемет аналар» сайысы аяқталды.
«Керемет анаға» қатысып өз өнерлерін көрсеткен аналарға мың да бір рахмет! Сол аналарға қошемет көрсеткен барлықтарыңызға рақмет!
Көктем мерекесі аналар мерекесімен, құттықтаймыз!