+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Сенбi, 31 қазан 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 10 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Сағат (Математика пәні. 1-сынып)

АЯЗБАЕВА А.М.,   «М.Әуезов атындағы орта мектебі» КММ-нің бастауыш сынып мұғалімі, Көкжыра ауылы, Тарбағатай ауданы

       Бұл сабақ жаңартылған оқу бағдарламасына сай сын тұрғысынан ойлау, қарым-қатынас жасаудың түрлі тәсілдерін қолдана отырып, топпен, жұппен және жеке дара жұмыс істей алуға негізделген.
Оқу мақсаты:
1.1.3.1  шамаларды ажырату: уақыт; оларды өлшеуге қажетті әдістерді, құралдарды таңдау; өлшеу.
1.1.3.2  өлшем бірліктерін қолдану арқылы шаманы өлшеу: сағат.
Бағалау критерийлері:
- циферблат бойынша уақытты анықтайды;
- уақыттың өлшем бірліктерін (минут, сағат) ажырата алады.

Тілдік мақсаты:
Оқушылар орындай алады: 1 минут, 1 сағат  сияқты белгілі бір уақыт кескіндері аралығында болуы мүмкін оқиғаларды талқылай алады.
Түйінді сөздер мен сөз тіркестері: Сағат, сағат моделі, күн сағаты, жарты сағат, 60 минут

Диалог\ жазылым үшін сай келетін тіл стилі:
Себебін түсіндір…
… біз сөйлесіп жатырмыз, «бір сағат күте тұрасыз ба», әлде «бір минут аялдай тұрасыз ба» деген дұрыс па?

Алдыңғы оқу:

 

Уақыт және 1 минуттың ұзақтығы туралы біледі. Сағат түрлерін біледі.

Жоспар

 

Жоспарланған уақыт есебі

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Басы

(0—5)

 

 

 

Шаттық шеңберін құру

Топқа бөлу: таңдаған сағат түстері бойынша топқа бөлінеді.

Әр топқа А3 қағазына сағат суреттерін бере отырып, жаңа сабақты өздігінен меңгеруге жағдай жасау.

Топта талдап түсіндіреді.

Сөзжұмбақ: Суреттегі заттардың алғашқы әріптерінен сөз құраңдар

Жауабы: сағат

Сабақтың оқу мақсатымен таныстыру

 

Слайдтар, сағат суреттері, А3

Ортасы

(5—40)

 

6 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 мин

 

 

 

 

 

 

 

3 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 мин

 

 

 

Бой сергіту

1 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5 мин

Топтық жұмыс.

Тапсырма:  Сағат туралы не білесіңдер?

Сағат нені білдіреді деп ойлайсыңдар?

Сағаттардың  қай уақытты көрсетіп тұрғанын және сағат тілдерінің орналасуындағы ұқсастық пен айырмашылықты табыңдар.

Слайдтар, сағат суреттері, А3, маркер

Бағалау критерийлері

Сағат туралы білетіндерін айтады. Сағаттардың қай уақытты көрсетіп тұрғанын табады. Сағат тілдерінің орналасуындағы ұқсастық пен айырмашылықты табады.

Дескрипторлар

 

-сағаттың тілдерін ажыратады

-ұқсастықты табады

-айырмашылықты анықтайды

-уақытты анықтайды

-атайды

 

 

М.  Сағат –бұл уақыт аралығы. 1сағатта 60 минут бар. Сағаттық тіл бір саннан келесі санға жылжығанша минуттық тіл толық 1 айналым жасайды. Минуттық тіл 12-ні көрсеткенде сағаттық тіл сол мезгілдегі сағатты көрсетеді.

 /сағат моделі арқылы түсіндіре отырып көрсету/

Сағат моделі

 

 

 

 

 

Дәптермен жұмыс

Тапсырма:  Д. №12- жұмыс парағындағы  сағат қай уақытты көрсетіп тұрғанын тауып, жауабын жазыңдар.

 

Жұмыс дәптері, қарындаш

 

 

 

 

 

 

 

 

Сағат суреттері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жұмыс дәптерлері, қарындаш, сағат түрлері

Бағалау критерийлері

Дескрипторлар

Сағат қай уақытты көрсетіп тұрғанын тауып, жауабын жазады.

-сағат тілдерін ажыратады

-уақытты анықтайды

-жазады

Тапсырма: Д. Қолдарыңдағы сағат уақыты осы жұмыс парағындағы қай сағаттың уақытымен сәйкес келеді? Сәйкес келетін сағатты дөңгелектеп қоршаңдар. Жұпта бір-біріңді тексеріңдер.

Бағалау критерийлері

Дескрипторлар

Қолдарындағы сағат уақытына сай келетін сағатты табады

-уақытты табады

-сәйкес келетін сағатты анықтайды

-дөңгелектейді

Дәптермен жұмыс

Тапсырма:  Д. №13- жұмыс парағындағы электрондық  сағаттар қай уақытты көрсетіп тұрғанын тауып, механикалық сағат осы уақытты көрсетіп тұрғандай тілдерін толықтырып салыңдар.

Бағалау критерийлері

Дескрипторлар

электрондық  сағаттар қай уақытты көрсетіп тұрғанын тауып, механикалық сағат осы уақытты көрсетіп тұрғандай тілдерін толықтырып салады

— уақытты анықтайды

— сағатты табады

— тілдерін салады

Ойлан. Д. 1 сағатта 60 минут болса жарты сағатта неше минут бар? Қалай ойлайсыңдар? Параққа жазып көрсетіңдер.

 

 

 

Сен білесің бе?

Астананың 15 жылдығына орай Есіл өзенінің жағасындағы Жеңіс саябағына “Күн сағаты” орнатылды. Ол бұлтсыз күндері уақытты дәл көрсетеді. Сағат стелла тәрізді. Сағат тілдері мен циферблаты қоладан жасалған. Стелланың биіктігі 10 метр. Нақты уақытты анықтау үшін стелладан циферблатқа түскен көлеңкеге назар аудару қажет. Циферблатта көлеңке түсетін 6, 9, 12, 15 және 18:00 сағаттары белгіленген. Жоба авторы — қазақстандық сәулетші Антон Максимов

Парақтар, маркер

 

Бейнеролик

 

 

Слайд

 

 

 

 

Орындап көр. Жұппен жұмыс. Тапсырма: О.Т. Сағат моделін құрастырыңдар. Сағат тілдерін жылжыта отырып, текшені лақтыру кезінде берілген уақытты көрсетіңдер.

Сағат моделі, текше, желім

 

 

 

 

 

 

 

 

Суреттер, магнит, сызба

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Суреттер салынған плакат, маркерлер

Бағалау

критерийлері

 

Дескрипторлар

Сағат моделін құрастырады. Сағат тілдерін жылжыта отырып, берілген уақытты көрсетеді.

—құрастырады

-сағат тілдерін көрсетеді

-уақытты айтады

Тақтамен жұмыс

Шығарып көр. Тапсырма: Маржан үй тапсырмасын 1 сағатта орындады. Ал Айжан үй тапсырмасына 10 минут кем жұмсады. Қыздардың әрқайсысы үй тапсырмасын неше минутта орындағанын табыңдар.

Бағалау

критерийлері

 

Дескрипторлар

Қыздардың әрқайсысы үй тапсырмасын неше минутта орындағанын табады.

-оқиды

-тақтада талдайды

-уақыт өлшем бірліктері арасындағы арақатынасты анықтайды

-әрқайсысының уақытын табады

-жазады

Тақтамен жұмыс

С. Тапсырма: Сағат қай уақытты көрсетіп тұр? Сәйкестендір

Бағалау

Критерийлері

Дескрипторлар

Сағатқа қарап уақытты анықтайды

-анықтайды

-цифрды табады

-сәйкестендіреді

 

 

 

Соңы

Кері байланыс

 

(40-45)

 

«Еркін микрофон» әдісі арқылы кері байланыс

—Сағат туралы не білдік?

-1 сағатта неше минут бар?

-Ұйқыдан нешеде оянасың?

-Мектептегі сабақ нешеде басталады?

-Сен ойнауға сағат нешеде шығасың?

-Сағат нешеде ұйықтайсың?

Микрофон,

смайликтер

 

Қосымша мәліметтер

Саралау—оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Бағалау-оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

 

Пәнаралық байланыс-Денсаулық және қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс,

Құндылықтармен байланыс

(тәрбие элементі)

Оқушыларға уақытты анықтау мен уақыттың өлшем бірліктерін ажыратуға мейлінше қолдау көрсету.

«Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау

 

Смайликтер арқылы кері байланыс алу.

Көркем еңбек, сауат ашу, сыныпта бір- біріне кедергі жасамау, тапсырма орындау барысында қауіпсіздік ережелерін сақтау, уақытты тиімді пайдалану

Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?

Бүгін оқушылар не үйренді? Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті? Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?)

Уақытты қалай пайдаландым?

Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неге?

   

 

 

 

 

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype