Семинар мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің дене тәрбиесі жаттықтырушыларының кәсіби құзыреттілігін дамыту мақсатында ұйымдастырылды.
Педагогтер Зиновьева Е.А. мен Абаева М.Г. балабақшаның орта тобында ашық сабақ және ата-аналармен жұмыс жасауға арналған инновациялық технологиялар бойынша шеберлік сыныптарын көрсетті.
Шараға Шығыс Қазақстан облысының Өскемен, Риддер, Семей қалаларының және Абай, Бесқарағай, Глубокий, Зырян, Катонқарағай, Шемонаиха аудандарының балабақшалары мен мектепалды сыныптарының педагогикалық қызметкерлері белсенді қатысты.
Семинар педагогтердің өзара пікір алмасулары мен өзекті мәселелерді талқылауға, көтерілген тақырып бойынша рефлексия жасауға мүмкіндік туғызған диалогтік алаңмен аяқталды.
2017 жылдың 23 мамырында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ-дың «Мұғалімнің кәсіби дамуын психологиялық-педагогикалық ілеспелеу» кафедрасы мен «Тілінде мүкістігі бар балаларға арналған №62 мектеп-балабақша кешені» КММ-сі бірлесе отырып, «Физкультурно-оздоровительные технологии в дошкольном образовании» тақырыбында семинар өткізді.