«Тіл мәселесі – аса күрделі, аса жауапты мәселе», – деп Елбасы алдымызға үлкен мәселе қойып, осы бағытта жұмыс жасауға қажетті тапсырмалар беріп отырғаны белгілі. Мектеп бағдарламасына өзгерістер енгізіліп, жекелей пәндердің ағылшын тілінде берілуін қамтамасыз ету мақсатында мұғалімдерге арналған курстардың жүргізілуі де осы жұмыстардың аясында болып отырғаны белгілі.
Мектепте кешенді жоспарды іске асыру мақсатында түрлі мазмұндағы шаралар белгіленіп, уақытылы мазмұнды өткізіліп келді. Ағылшын тіл мамандары мектеп оқушыларымен бірлесе «Қазақ атын танытсын үш тұғыр тіл» атты шараны жоғары дәрежеде ұйымдастыра білді.
Үштілділікті білім берудің Кешенді жоспары мен қалалық «Полиглот» жобасын жүзеге асыруға байланысты қала мектептерімен өтілетін іс–шара барысында мектебіміздің бастауыш сынып оқушылары «Ертегілер елінде» атты сүйікті ертегілерінен қойылымды Өскемен қаласының №11 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып оқушыларымен бірлесе көрсетті. Шара өте мазмұнды болып, қазақ ұлтының «Алдар көсе» ертегісі орыс тілінде, орыс ұлтының «Колобок» ертегісі қазақ тілінде балалардың орындауында көпшілік алдына шығарылды.
«Қазір қазақстандық үшін үш тілді меңгеру – бұл өз игілігінің кепілі», - деген Елбасының сөзін жалау етсек, тіл болашағы бәсекеге қабілетті ұрпақ жалғастығынан көруге болады. Облыстық білім басқармасы үштілдікті дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған кешенді жоспарын жасап алдымызға тартты.